Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Махамбет Өтемісұлының өмірі, ерлігі

29 сәуір 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бәйге
Тақырыбы: М. Өтемісұлының өмірі, ерлігі (Ереулі атқа ер салмай...) (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты: Махамбет Өтемісұлының өмірі, шығармашылығынан мәлімет
Білімдік мақсаты: ақын өмірі, шығармашылығы, ерлік істері, тарихи жағдай туралы білімін актуалдандыру, ақпаратты қысқа да, нұсқа тұжырымдау;
Дамытушылық мақсаты: Қосымша деректерді дұрыс қолдана білуге, шығармашылық ізденіске жетелеу, көркем тілмен сөйлеуге дағдыландыру
Тәрбиелік мақсаты: елін, жерін сүйе білуге, ерлікке тәрбиелеу
Түрі: жаңа білімді игеру
Әдісі: ой қозғау, мағынаны тану, баяндау, сұрақ - жауап, синкуейн
көрнекілік: интербелсенді тақта, суреттер, кеспелер, тірек - сызба

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру
ІІ. “Қызығушылығын ояту”
ІІІ. Жаңа сабақ
Ақын өмірінен деректер“Өмір - дерек” слайд
ІҮ. Мағынаны тану
Ақпараттық (М. Өтемісұлы туралы мәтіндермен жұмыс)
Ү. Рефлекция
(Синкуейн құрастыру)
ҮІ. Үйге тапсырма
ҮІІ. Бағалау

І. Ұйымдастыру
(балалардың сабаққа қатысымын, дайындығын, оқу құралдарын тексеру)

ІІ. Қызығушылығын ояту
Балаларға күн жадын жазғызу
Тақтаны үш бөлікке бөлу
Балалар дәптерлеріне кестені сызады. Толтыру

Бүгін Махамбет Өтемісұлының өмірі және шығармашылығы туралы танысамыз. Махамбет ақын туралы біз төменгі сыныптардан білеміз. Қазір сендер сызған кестені толтырыңдар. Білемін деген бағанға батыр туралы өздерің білетін мәліметтерді толтырып жазыңдар. Білгім келеді деген бағанға нені білгілерің келетінін жазып шығыңдар. Үйрендім деген үшінші бағанды сабақтың соңында толтырасыңдар.

Туған жылы, жері. батыр, ақын
«Қызғыш құс» «Бағаналы терек
Ерлігі, күйшілігі туралы

ІІІ. Жаңа сабақ
Ақын өмірінен деректер“Өмір - дерек” слайд
• 1803 жылы д. к
• 1824 - 1828 ж. Жәңгір хан ордасы
• 1829 ж.”Қалмыков” қамалында тұтқында отырады
• 1930 ж. Түрмеден қашып шығады.
• 1833 - 1836 ж көтеріліске дайындық
• 1836ж “Қиялымола”көтерілісі
• 1838 ж Исатайдың қазасы
• 1846 ж дүниеден өтеді.
• «Махамбет - қазақ ақындарының ішіндегі ең бір күштісі... Махамбет жырлары - өз заманындағы ең қанды, ең әсерлі сөз, көпшіліктің өз үні.”
• Мұхтар Әуезов

Махамбет Өтемісұлының шежіресі
Жаубасар
Құлмәлі Өтеміс Тоқтамыс Бекмағамбет Қожахмет Махамбет
Ысмайыл Досмайыл Сүлеймен Ыбырайым Әйіп Хасен
Өтемістен туған он едік,
Онымыз атқа мінгенде -
Жер қайысқан қол едік, -
Махамбет – халқын сүйген, халық мұңын жырлаған, елім деп еңіреген ақын. Махамбет поэзиясы өз дәуірінің, сол кездегі қанауға қарсы көтерілген шаруалар көтерілісінің айқын үні. Отанын сүйген патриот - өлеңдерін көпшілік мүддесі үшін жұмсаған, еңбекші шаруалардың жыршысы.

Махамбеттің күйлері
“Жайық асу” “Жауға шапқан” “Жұмыр қылыш” “Қайран нарын” “Өкініш”
Махамбеттің күйлерін орындап, халыққа жеткізіп жүрген күйші
Айгүл Үлкенбаева
«Жұмыр қылыш» күйін тыңдату

ІҮ. Мағынаны тану
(Мәтінмен жұмыс жасау)

Класс ІІІ топта жұмыс жасайды
І. “Ереуіл атқа ер салмай...”
ІІ.”Көтерілістің шығу себептері”
ІІІ. Махамбет - күйші

Ү. Рефлекция
1 - жол – тақырыптың атау
Зат есім –( 1сөз)
2 - жол – тақырыпты сипаттайтын сөз
Сын есім – (2 сөз)
3 - жол тақырып туралы қимылды білдіретін сөз

Етістік (3 сөз)
4 - жол - тақырыпқа қатысты төрт сөзден тұратын сөз орамы
5 - жол - тақырыптың мәнін ашатын синоним сөз бір сөз

Мысалы:
1. Тақырыптың аты - Махамбет
2. Батыр, бірбеткей
3. Жырлайды, қорғайды, қамығады
4. Елім деп еңіреген ақын.
5. Дауылпаз
Балалардың жазған бес жолды өлеңдерін оқыту,
Мұхтар Шахановтың “Төрт ана”өлеңімен сабақты қорытындылау

Мұхтар Шаханұлының өлеңін оқу.
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала.
Әр адамда өз анасынан басқа
Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада.
Болу керек құдіретті төрт ана,
Туған жері түп қазығы айбыны,
Туған тілі – сатылмайтын байлығы,
Туған дәстүр, салт - санасы тірегі.
Қадамына шуақ шашар үнемі.
Және туған тарихы, еске алуға қаншама.

ҮІ. Үйге тапсырма
ҮІІ. Бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
28 666
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы туралы өздігінен білім ала отырып, өзара білім алмастыру. Өлеңдерінің тақырыбы мен автор идеясын ашу, әдеби теориялық тұрғыдан талдау жасау дағдыларын қалыптастыру.
М. Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай», «Махамбеттің Баймағанбет сұлтанға айтқаны» өлеңдері
М. Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай», «Махамбеттің Баймағанбет сұлтанға айтқаны» өлеңдері
Сабақтың мақсаты: Білімділік. Махамбеттің өмірі мен шығармашылығы жайлы алған білімдерін тереңдету, қосымша мәліметтер арқылы ақын туралы деректермен таныстыру, өлеңдерінің мазмұнын меңгерте отырып, тақырыбы мен идеясына, тілінің көркемдік
Махамбет поэзиясы
Махамбет поэзиясы
Ақын өмірі, өлеңдерінің тақырыбы, мақсаты, тарихы туралы мәлімет беру, жаңа қырынан таныту, қосымша мәліметтер беру, өлеңге талдау; ұлтжандылыққа, батылдыққа, туған елін, жерін сүюге, қорғауға тәрбиелеу; танымдық, шығармашылық ізденіске жетелеу, өз
Махамбет Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі
Махамбет Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, №1 орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тусупбекова Жанар Куанышевна
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Ксупова Базаркул Жарылкасыновна
"Махамбет Өтемісұлының өлеңдері"
"Махамбет Өтемісұлының өлеңдері"
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Жанқожа батыр атындағы № 70 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қаржаубаева Жанар Молдабайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×