Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелсіз елге – білімді ұрпақ

03 қараша 2013, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Тәуелсіз елге – білімді ұрпақ
Мақсаты: оқушылардың ой - өрісін дамыта отырып, тәуелсіз Қазақстан елінің жалынды жастары болуға шақыру.

(Сайыс Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылады.)
Жүргізуші:
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала
Әр адамда өз анасынан басқада
Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері – түп қазығы, айбыны
Туған тілі – сатылмайтын байлығы
Туған дәстүр, салт - санасы – тірегі
Ауыр әрі қасіретті болса да.
Және туған тарихы, еске алуға қаншама
Қадамына шуақ шашар үнемі.

Құрметті ұстаздар, оқушылар және көрермендер! Бүгінгі «Тәуелсіз елге – білімді ұрпақ» атты сайысымызға қош келіпсіздер!
Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.
І топ – «Достық» тобы.
ІІ топ – «Бірлік» тобы.
Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен танысып алайық.
Сайыстың бағдарламасымен таныстырып өтейін. Сайысымыз мынадай бөлімдерден тұрады.
1. Өзін - өзі таныстыру.
2. «Өлең – сөздің патшасы». Мәнерлеп оқу сайысы
3. «Мақал – сөздің көркі». Мақалды аяқтау.
4. Полиглот (қазақша - орысша)
5. «Білімді мыңды жығады» жорға жарыс.

Жүргізуші: Ал, қанекей сайысты біз бастайық
Өзімізді таныстырып тастайық, - деп топтар өздерін таныстырып өтсін.(Әр топ өздерін таныстырып өтеді.)
Жүргізуші: Міне, екі топпен таныстық.

Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы
Қиыннан қиыстырар ел данасы
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Жұп - жұмыр, тегіс келсін айналасы, - деп Абай атамыз айтқандай, келесі сайыс мәнерлеп оқу сайысы. Әр топтан бір оқушы шығып өлең оқиды.
Жүргізуші: «Мақал – сөздің көркі» демекші, келесі сайысымыз мақал - мәтел сайысы. Бөлімнің шарты: екі топқа мақалдың бастапқы қатарын айтамын, сіздер жалғасын табасыздар. Ойлануға 1 минут.
Достық тобына:
1. Ел үмітін ер ақтар
(Ер атағын ел сақтар)
2. Туған жердей жер болмас
(Туған елдей ел болмас)
3. Ел – ырыстың кілті
(Ер – ырыстың қорғаны)
4. Туған елдің қадірін (шетте жүргенде білерсің)
5. Халқын сүйген (салтын да сүйер)
Бірлік тобына:
1. Жауға жаныңды берсең де (сырыңды берме)
2. Туған жеріңе (туыңды тік)
3. Батыр туса – ел ырысы
(Жаңбыр жауса – жер ырысы)
4. Ер жігіт ел үшін туады.
(ел үшін өледі)
5. Нартәуекел – (ер ісі)

Жүргізуші: Бағдарламамыздың келесі бөлімі оқушылардың басқа тілдерді меңгеру барысын тексеру. Полиглот. Мен сөйлем айтам, сіздер жалғасын тауып, сол сөздің орысша, ағылшынша нұсқасын айтасыздар.
1. Өнер алды қызыл... Тіл - язык
2. Мектеп жүрегі кім? Ұстаз - учитель
3. Жақсы сөзінің антонимі Жаман - плохой
4. Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар? Тоғыз – девять
5. Оттан да ыстық не? Отан - Родина
6. Алматы әсем... Қала - город
Жүргізуші: Ал, енді келесі сайысымыз – жорға жарыс. Бұл жарыстағы сұрақтар мемлекетіміз жайлы болмақ.
І топқа
1. ҚР елбасы кім?
2. ҚР тәуелсіздігін қай жылы алды?
3. Тіл қандай құрал?
4. Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады?
5. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебені қашан алды?
6. Қазақстанның мемлекеттік тілі?
7. Тұңғыш қазақ әліппесін құрастырған кім?
8. Әнұран музыкасының авторы?
9. ҚР - ның астанасы?
10. Тудың авторы кім?
ІІ топқа
1. «Бөбек» қорының президенті кім?
2. Биыл тәуелсіздікке неше жыл толды?
3. Ұлт тілін кім жасайды?
4. Қазақ тілі қай ұлттың ана тілі?
5. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебені қашан алды?
6. ҚР - ның әнұран сөзінің авторы кім?
7. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
8. Елтаңбаның ортасында не орналасқан?
9. ҚР - ның астанасы?
10. Тудың авторы кім?
Жүргізуші: - Осымен сайысымыздың бағдарламасы аяғына жетті. Әділ қазылар алқасына сөз беріледі.
Жатпалық жастар, жатпалық
Жасқанба жолың ашылсын.
Бақшасында халқының
Бұлбұл боп тілің сайрасын, - деп жас ұрпақты жаңа өмірге талпындырып, қазақ тілін үйреніп, еліміздің мәртебесін асқақтатып жүруге шақырамыз.
11 985
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Егеменді болмай – ел болмас, Тәуелсіз болмай – жер болмас» атты мерекелік іс - шараның өткізілу сценарийі
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Егеменді болмай – ел болмас, Тәуелсіз болмай – жер болмас» атты мерекелік іс - шараның өткізілу сценарийі
Тәуелсіздік – бұл менің Парасатым, Күншілмен де тіл тауып жарасатын. Қорғайтын Елдігіңді ерлігімен, Қазақтың шығаратын Алаш атын.
Тәуелсіздік – адамзаттың бақыты!
Тәуелсіздік – адамзаттың бақыты!
Балаларға тәуелсіздік туралы түсіндіру. Қазақстан Республикасының басты жетістіктерімен таныстыру, патриоттық, отаншылдық сезімін ояту, елін, жерін, құрметтеуге тәрбиелеу.
Тіл мәртебесін ұлықтайық
Тіл мәртебесін ұлықтайық
«Құрылыс техникалық колледжі» МКҚК Өзін – өзі тану пәні оқытушысы Жангабулова Несибелди Кайдаровна
Бұлақ көрсең көзін аш
Бұлақ көрсең көзін аш
ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Динара Қабланқызы
Махамбет – егемен елдіктің өшпес рухы
Махамбет – егемен елдіктің өшпес рухы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Ы.Алтынсарин атындағы № 204 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Каржаубаев Руслан Мулдабаевич
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×