Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үндестік заңы. Буын үндестігі

19 сәуір 2014, Сенбі
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Үндестік заңы. Буын үндестігі
Жалпы мақсаты: Жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру мен оқуда негізгі идеяны жадына сақтауына бағыт беру.
Интер тақтадан электрондық оқулықты, слайдты пайдалану арқылы жаңа тақырыпты меңгерту;
Сыни тұрғыдан ойлау арқылы өз бетінше ізденуге, өз ойын
еркін жеткізуге баулу, жылдам жауап беруге дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашу.
Тапсырма барысында дарындылық қабілеттерін байқау;
Оқыту үшін бағалау мен оқытуды бағалау арқылы білім
деңгейін анықтау және бірін - бірі бағалай білуге үйрету.
Сілтеме 1. Мұғалімге арналған нұсқаулық (үшінші негізгі деңгей) ҚРПКБАКБ
2. 5 - сынып қазақ тілі оқулығы /Қосымова Г, Дәулетбекова Ж/
3. Электрондық оқулық 5 - сынып - 2013 жыл
4. Шығармашылық тапсырмалар
5. Бағалау бетшелері, смайликтер, білім ағашы.

Оқыту нәтижелері:
• Ойын жүйелі жинақтауға үйренеді.
• Тосын сұрақтарға нақты жауап беруге дағдыланады.
• Өзара пікірлесіп, ортақ шешімге келеді.
• Сыни ойлау стратегиясы: миға шабуыл арқылы
шығармашылыққа тәрбиеленеді.
• Бірін - бірі бағалауға дағдыланады.

Негізгі идеялар Жақсы сөз жан сүйсіндіреді, Бойға қуат бітіреді.
Тапсырма көздері І. «Садақ ату» Білім ғаламшарына саяхат
1 - тапсырма «Ұжымдық жұмыс»
Сұрақтарға жауап беру
1. Фонетика нені зерттейді?
2. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
3. Дауысты дыбыстар дегеніміз не?
4. Буын дегеніміз не?
5. Буын нешеге бөлінеді?
6. Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?
7. Тасымал дегеніміз не? Тасымалданбайтын сөздер.
8. Дауыссыз дыбыстардың түрлерін ата

ІІ. «Тас қақпа» бекеті.
Интер тақтадан 5 - сынып электрондық оқулық көрсетіледі.
Үндестік заңы – түбір мен қосымшаның және сөз аралығындағы дыбыстардың бір – біріне ықпал етіп, өзара үйлесіп, айтылуын үндесті заңы дейміз. Үндестік заңы екіге бөлінеді:

1) буын үндестігі 2) дыбыс үндестігі.
Буын үндестігі
Сөз бен қосымшалардағы дауыстылардың не біріңғай жуан, не біріңғай жіңішке болып үндесуін буын үндестігі (сингармонизм) деп атаймыз.
Сингармонизм – гректің Sun «бірге» hanmoni «байланысу,
үндесу» деген мағынаны білдіретін сөздері бойынша жасалған термин.
Үндестік заңына сай қазақ тілінің байырғы сөздері не біріңғай жуан, не біріңғай жіңішке болады. Мысалы, ата, ана, бақыт, кереге, кілем, өріс.
Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар мынадай сөздерге араласып келеді:
1. Басқа тілден енген сөздерде:
Мысалы: кино, математика, кітап
2. Біріккен сөздер мен қос сөздерде:
Мысалы: Екібастұз, асығыс-үсігіс
/Мұндай сөздер аралас сөздер деп аталады./

ІІІ. «Күміс қақпа» бекеті
314 – жаттығу «Артық білім кітапта»
І топ Жуан сөздерді теріп жаз
ІІ топ Жіңішке сөздерді теріп жаз
ІІІ топ Аралас сөздерді теріп жаз
ІV топ Тасымалданбайтын сөздерді теріп жаз
316 – жаттығу
І топ
Күндіз көрінетін жұлдыз қалай аталады? Бұл – аспан... ғы ең жарық жұлдыз, жарықты.... сондай, азанда – барлық жұлдыз өшкен кез.... таң шапағы.... бірге жарқырап тұрады. Ал ақшам.... көк жүзінде бар жұлдыз.... озып, тең алдымен көріне.... Бірақ бұл жұлдыз емес.
ІІ топ
Бұл – Шолпан (Ғылым тілінде Венера деп аталады), біз.... күн жүйесіндегі екінші планета. Басқа планеталар сияқты, Шолпан да өздігі.... жарық шығармай...., тек күн жарығ.... шағылдырады. Сондықтан да ол күміс.... жарқыраған шам сияқты бол.... көрінеді.
ІІІ топ
Ақ сәулелі әсемдігі... орай Шолпан... таң жұлдызы деп те атай... Шолпан мен біздің Жер... ұқсас сипаттар... көп. екеуі де көрік...: бірі – көгілжім, екіншісі – ақ күміс.
ІV топ
Көлемдер.... де шамалас, екеу.... де ауа желектері.... оранған. Бірақ жермен салыстырғанда қозғалыс.... баяу әрі оралымсыз. Жер өз осінен 118 рет айнал... ды, Шолпан бір - ақ рет айналып үлгере... екен
46 969
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ тілінен ережелер (1 – 11 сыныптар үшін)
Қазақ тілінен ережелер (1 – 11 сыныптар үшін)
Фонетика – тіл туралы ғылымның бір саласы. Онда дыбыстар, екпін және буын, үндестік заңы қарастырылады. Қазақ тілінде 42 әріп және 37 дыбыс бар.
Жасушаның ашылу тарихы
Жасушаның ашылу тарихы
Жасуша және оның құрылысы: ядро және цитоплазма, хромосомалар және гендер.
Мұхтар Әуезов "Әке арманы"
Мұхтар Әуезов "Әке арманы"
Бастауыш сынып мұғалімінің әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді жоспары Мұхтар Әуезов "Әке арманы"
Логикалық функцияларға есептер шығару
Логикалық функцияларға есептер шығару
Логикалық функцияларға есептер шығару арқылы біліктіліктерін тексеру. Ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту, есте сақтау, тапқырлық қабілеттерін дамыту.
Қазақша сөйлейміз
Қазақша сөйлейміз
СҚО, Тайынша ауданы, Тайынша қаласының №2 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рамазанова Сырға Қайырбекқызы
Шыбын мен Көбелек
Шыбын мен Көбелек
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай кенті «№3орта мектеп» бастауыш сынып мұғалімі Қазиева Гүлмира
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×