Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұшақ. Диалог

25 қыркүйек 2019, Сәрсенбі
Сабақтың тақырыбы: Ұшақтар
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың танымдылық деңгейлерін кенейту, ұшақ, әуежай туралы білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: ауызекі сөйлеу әрекеттерін дамыту, құрмалас сөйлем құрастыру, талдай білуге жаттықтыру.
Тәрбиелік: мәдениетті сөйлей білуге, Отанымыздың дамуына өз үлесін қосу, болашақта қандай маман иесі болатындығын түсіне білуге баулу.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Кезекшімен сұхбат
ІІ. Үй жұмысын тексеру
ІІІ. Сабақтың мақсатын, барысын түсіндіру.
Жаңа сабақ.
«Сөйлеу мәдениеті өспейінше, жоғары ақыл мәдениетіне жетуге болмайды.»
Б. М. Теплов

1 - тапсырма. Б. М. Тепловтың сөйлеу мәдениеті туралы ойын қалай түсінесің? Адам өзінің сөйлеу мәдениетін анықтама бюросында көрсете ала ма?

2 - тапсырма. Диалогты оқып, түсінуге тырысыңдар.
- Кешіріңіз, Алматыға дейін ұшақ неше сағат ұшады?
- Ұшақ Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады.
- Ұшақ жолда қонады ма?
- Ұшақ жолда қонбайды.
- Ұшаққа бір билет бар ма?
- Сізге қай күнге керек?
- Маған ақпанның он бесіне, кешкі уақытқа керек.
- Ақпанның он бесінде Қарағандыдан Алматыға 9Ү 723 рейсі ұшады. Осы ұшаққа билет бар. Аласыз ба?
- Алматының ауа райы туралы қайдан білуге болады?
- Ұшақ қонуға бет алғанда стюардесса хабарлайды.
- Ұшаққа өзіммен бірге неше кг жүк ала аламын?
- Өзіңізбен бірге 10 кг жүк ала аласыз. Қалған жүгіңізді Алматының жол жүгі бөлімінен аласыз.
- Менің бірінші рет ұшаққа отыруым еді. Егер ұшақта жүрегім айныса, гигиеналық пакет керек болса, не істеуіме болады?
- Егер ұшақта жүрегіңіз айныса, стюардессаны шақыруға болады. Ол сізге минералды су мен гигиеналық пакет береді.
- Ұшақтың билеті неше теңге тұрады?
- Ұшақтың билеті 15000 теңге тұрады.
- Ұшаққа отырғызу сағат нешеде басталады?
- Ұшаққа отырғызу сағат бесте басталады.
- Билетті қай кассадан ала аламын?
- Билетті екінші кассадан ала аласыз.
- Берген мәліметіңізге көп рақмет.

3 - тапсырма. Кестеге қарап, рейстер туралы әңгімелеңдер.

Солтүстік Қазақстан облысы,
Жамбыл ауданы, Архангелка орта мектебі
Кузинбаева Тендык Исымовна

Толық нұсқасын жүктеу
22 269
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көлік түрлері
Көлік түрлері
Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру
Ұ дыбысы мен әріпін қайталау
Ұ дыбысы мен әріпін қайталау
Оқушыларды Ұ ұ әрпінің таңбасымен таныстыру, баспаша жазбаша түрін таныту. Дыбыстық фонемалық қызметін модельдеу арқылы өтілген дыбыстарды қатыстырып буын, сөз, сөйлем құрату.
Физикадан тест тапсырмасы
Физикадан тест тапсырмасы
Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласының М. О. Әуезов атындағы мектепте физика пәні мұғалімі Тулегеновна Казипа Абдираманова
Жолаушы
Жолаушы
Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Архангелка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кузинбаева Тендык Исымовна
Тұрлаулы мен Тұрлаусыз
Тұрлаулы мен Тұрлаусыз
Ертеде Тұрлаулы және Тұрлаусыз деп аталатын екі адам болыпты. Олар бір - бірімен қас екен. Бірде сөйлем мүшелерінің басты мүшесін тағайындауға жиналыс болып, Тұрлаулы ұшаққа билет сатып алыпты.
Ұшақ
Ұшақ
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×