Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тылсым табиғат

09 маусым 2014, Дүйсенбі
Дүние ғажап, тылсым алмағайып,
Осының біреуіне тоқталайық.
Мың құлпырған - қызылды, жасылды да
Табиғат тұмса тірлік, таңғажайып.

Айтайын ойымды мен жүйрік аттай,
Зымырап өтейін де атқан оқтай.
Ішіме сыр жасырып қалмаймын мен
Көрінбей түнде ұшатын жарқанаттай.

Бұл тұста қалай ғана іркілейін,
Нөсердей көк аспаннан сіркірейін.
Өлеңімді арналдым табиғатқа
Кемеге жол көрсетер дельфин дейін.

Өртейді дәу орманды жалғыз ұшқын,
Сілкілгендей қанатын қыран құстың.
Тырнағының өткірлігін айтар болсақ
Ұқсайды жүздеріне сом қылыштың.

Өсімдік дүниесін араласаң,
Санынан шатасатын мың санасаң.
Түстерінің алуандығы таң қалдырар
Көз тойар мә, көркіне көп қарасаң.

Таулары түйелердің өркешіндей,
Сулары сол таулардың еркесіндей.
Тастары қабақ шытқан қарт секілді,
Шыңдары қойбастаған серкесіндей.

Мен мәңгі табиғатқа бас иемін,
Сеземін шын жүрекпен қасиетін.
Ақынмын ағыны қатты жырларымның,
Өзендей тауды жарып, бауырыма тас үйетін.
3 099
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шығарма: Табиғат пен адам
Шығарма: Табиғат пен адам
Табиғат – жаратылыстың ғажап туындысы. Табиғатта болып жатқан алуан түрлі оқиғалар желісі, алуан түрге енетін әуе кеңісі, қызыл - жасылды түзілген ағаштар жемісі бәрі - бәрі адам баласының таңдайын қағып, таңқалдыратыны сөзсіз.
Аққулар
Аққулар
Аққулар қатар жүзген көл бетінде, Қарасаң көз тояр ма, келбетіне. Аппақ тән, сұлу қанат, ұзын мойын Әсемдік символы ғой жер бетінде.
Отаным - Қазақстан (оқушы шығармашылығынан)
Отаным - Қазақстан (оқушы шығармашылығынан)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің 6 - сынып оқушысы Есқалиқызы Балкүміс
Тылсым табиғат
Тылсым табиғат
Ақтөбе қаласы, Ақтөбе медициналық колледжінің "Сестралық іс" тобының студенті Тауашова Шаттыгүл Жетесқызы
Табиғат пен адам - егіз ұғым
Табиғат пен адам - егіз ұғым
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы, Опорный орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қуанова Ләззат
Табиғат – асыл қазынам
Табиғат – асыл қазынам
Қызылорда қаласы, Талдыарал елді мекені, №215 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қоңырбаева Раушан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×