Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғат пен адам - егіз ұғым

12 сәуір 2014, Сенбі
Сабақтың тақырыбы: Табиғат пен адам - егіз ұғым
Сабақтың мақсаты: Табиғат құндылығы туралы түсініктерін кеңейту; табиғаттың тылсым құдіретін - түсінуге, сырлы табиғат құбылыстарына қызығушылыққа тәрбиелеу.
- адам мен табиғаттың үйлесімділігі, табиғаттың тылсым құдіреті, оның адам тіршілігіне әсер - ықпалы туралы ұғымдарын кеңейту;
- табиғаттағы жұмбаққа толы дүниені тануға құштарлыққа, олардың сырларын ашуға қызығушылыққа, табиғат құбылыстарын дұрыс пайымдай білуге баулу;
Сабақ түрі: ұжымдық - топтық, тәрбие сағаты
Сабақ көрнектілігі: интер тақта, слайд шоу

Сабаққа кіріспе:
Табиғат тылсымына бір сәт көңіл аударып, оған мән беретін болсақ, өзара үйлесім тапқан алуан түрлі құбылыстардың біртұтастығын байқайсың. Табиғат тылсымын түсінген адам қоршаған әлемді құрметтеуге, сырын ұғуға құштар болады.

Табиғаттағы арайлап атқан таң, қызарып батқан күн, жүйткіген бұйра бұлттар, сан құбылған сағым, жарқыраған құйрықты жұлдыз, барқыт түндегі елестер, әнші құм, биші қайың тәрізді құпия сырлы тылсым дүниеге толы болып келеді. Осынау таңғажайып құбылыстар - табиғаттың ең тамаша сыйы. Табиғат суреттегі адам жанын нәзік сезімге бөлеп, бүкіл өмірді көз алдыңа жайып салады.
Тілсіз табиғаттың тылсымын түсініп, оны аялау, қорғау және көркейту - әрбір адамның міндеті әрі борышы. Себебі, табиғат пен адам - егіз ұғым. Олай болса табиғат пен адам - егіз ұғым атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз

Ашық тәрбие сағатымыз үш бөлімнен тұрады.
Поэзия минуты
Таңғажайып табиғат
Табиғат туралы өз ойым (эссе)
4. Табиғаттың панасы - адамзаттың баласы(ой - талқы)

Сабақтың барысы:
1.
2. Поэзия минуты
«Төрт келін» Лаура
«Жер түрленер» Бекұлан
«Ақын бабам» Жансая
«Бар жағынан бірдей көріп тұрар ем» Нұрдәулет
«Жел жүгіріп барады жер бетімен» Гүлназ

3. Таң қалдырған табиғат – Оқушының табиғат туралы өз ойы
- Аманжан: Табиғат - адамзатпен біртұтас дүние. Табиғат, Жер - ана, Туған жер, Атамекен - құлаққа жылы естіліп, шаттық сезімін ұялататын ұлы ұғымдар. Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Табиғат – адам денсаулығының сақшысы, жанға дауа, шипагер. Ертеден қалған «Көзіңді қалдыр - бұлақ көзін аша жүр, ізіңді қалдыр - істен мұра шаша жүр, өзіңді қалдыр - бақша өсіріп жаса нұр» деген сөздерде өмірдегі өзіңнен кейінгі ұрпағыңа өлмейтін мұра қалдыр, сонда «сенің қолдан көзін ашқан бұлағың, жақсы істерің - шырағың, ал жасыл орман - құнарың болмақ»деп өсиет қалдырған. Халқымыздың мақтанышы, ғалым Шоқан Уәлиханов та: «Табиғат пен адам! Өзіңіз айтыңызшы, тіршілікте одан ғажап, олардан құпия не бар? Қазақтар киеге үлкен мән береді. Табиғаттағы, кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлейді. Осы аталғандарды құрмет тұту, ырым - жорасын жасаттыру адам баласына бақыт пен байлық, құт әкеледі» деп, атап көрсеткен.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
17 560
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғаттан нәр алып
Табиғаттан нәр алып
Табиғатты сүю оған деген құштарлықтан, оның үйлесімділігі мен сұлулығына тәнті болудан басталады. Табиғатты сезіну арқылы адам өз табиғатының қасиетін ұға алады, денсаулығын нығайтып, шабытының қайнар көзін ашады. Адамның табиғатпен етене жақындасуы
Табиғат құбылыстары
Табиғат құбылыстары
Табиғат, қоршаған дүние, табиғат құбылыстары, адам қолымен жасалатын заттар туралы түсінік беру Әсемдікке баули отырып, экологиялық тәрбие беру
Таза болса табиғат, аман болар адамзат
Таза болса табиғат, аман болар адамзат
Өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі: Кужабекова Нуркия Бауыржанқызы
Тылсым табиғат
Тылсым табиғат
Ақтөбе қаласы, Ақтөбе медициналық колледжінің "Сестралық іс" тобының студенті Тауашова Шаттыгүл Жетесқызы
Табиғат пен адам - егіз ұғым
Табиғат пен адам - егіз ұғым
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Опорный орта мектебінің 7 сынып оқушысы Жұмашев Айзат
Табиғаттан нәр алып
Табиғаттан нәр алып
Индер ауданы, М. Әуезов атындағы орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Смаилова Гульнар Койбагаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×