Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғат – асыл қазынам

06 сәуір 2013, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: «Табиғат – асыл қазынам»
Мақсаты: Оқушыларды табиғатты аялауға, қорғауға баулу және қоршаған ортаны ластанудан сақтауға тәрбиелеу, Отанын қорғауға, табиғаттың таңғажайыптарын таныстыру
Көрнекілігі: слайд, мақал - мәтелдер, жұмбақтар мен өлең шумақтары, оқушылар қолдан табиғи материалдармен жасаған көрмесі
Барысы:
Мұғалім: Бүгінгі таңда әлемді дүр сілкіндіріп отырған ғаламдық экология мәселесіне орай ұйымдастырылып отырған экология апталығының бүгінгі күні біздің
2 - сыныпта өтпекші. Табиғаттың таңғажайып сырлары туралы сөз етеміз. Аспан әлеміне, жер астына және су астындағы таңғажайыптармен танысамыз

Жерасты әлеміне саяхат
1 - слайд Жер шары қалай пайда болды? Жер қабығы
2 - слайд Топырақтағы тіршілік
3 - слайд Топырақ деген не?
4 - Слайд Микроскоппен қарағанда

Аспан әлеміне саяхат
5 - Слайд Аспан әлемінің қонақтары
6 - Слайд Телескоптағы аспан әлемі
7 - Слайд Атмосфераның пайдасы
8 - Слайд Найзағай деген не?
9 - Слайд Түрлі – түсті кемпірқосақ
10 - слайд Жұлдыз деген не?
11 - Слайд Темірқазық жұлдызы
12 - Слайд Ай мен күн
13 - Слайд Метеориттер
14 - Слайд Орбиталар

Су асты әлеміне саяхат
15 - слайд Тауды жұтқан шұңқыр
16 - слайд Балықтар қалай ұйықтайды?
17 - Слайд Таңғажайып балықтар

Міне, балалар жер бетіндегі түрлі табиғат иелерінен басқа да тіршілік барын білдік. Бұл әлемді зерттеу тоқтаған емес, әлі де зерттеледі. Табиғаттың тылсым құпияларын ғалымдар аша береді. Ал біз оны қорғай білуіміз керек.

Оқушылар: 1. Өлең шумақтарына кезек береді.
2. Мақал – мәтелдер сайысы
3. Суға байланысты тыйым сөздер
Орман - тоғай, жасыл – желекке байланысты тыйым сөздер
Жан – жануарларға байланысты тыйым сөздер
4. Жұмбақтар

Шығармашылық тапсырма
- Айналадағы қоршаған табиғат қандай болады?
Өлі тірі
Балалар өлі, тірі табиғат атап айтады.
Осы табиғат заттарын адам бойындағы қасиеттермен салыстырып көрейік
• Мысалы: Күннен - мейірімділік қасиетін көруге болады. Күн жылулық береді. Мейірімді адамның жүзінен жылулық көрінеді.
• Тас - қаталдық қасиетін білдіреді.
• Гүлдер - әсемдік, әдемілік қасиеттерін білдіреді. Бұл қасиеттерді қыздардың бойынан көруге болады.
Өлі және тірі табиғаттың қандай байланысы бар деп ойлайсыңдар?
• Бүкіл тіршілікке су, ауа, күн, жер керек.

Қортынды.
- Балалар табиғатты қорғау керек пе? Неден қорғау керек?
Бір - біріміздің қолымыздан ұстайықшы. Бірге болған қандай тамаша!
Табиғат та бірлікті, татулықты қалайды. Сондықтан табиғатқа, жерімізге қандай тілектерің бар?

Жүректен - жүрекке.
Шеңберге байланған түрлі - түсті ленталарды табиғатпен байланыстыра отырып, балалар өз тілектерін айтады.
Мысалы: Көк - аспанымыз ашық болсын, сары - көңіліміз шат болсын, жасыл - орманымыз жайқалып өсе берсін, ақ - жүрегіміз таза болсын, тоқсары - отбасымыз аман болсын
Табиғат ол анамыз.
Табиғатқа баламыз.
Құшағында ойнаймыз.
Шаттық әнге саламыз.
12 604
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дала өсімдіктері мен жануарлары (слайд)
Дала өсімдіктері мен жануарлары (слайд)
Оқушылардың дала өсімдіктері және жануарлар әлемі туралы таныстыру, табиғатты қорғауға, аялауға, білімдерін дәлелдеуге үйрету. Оқушылар дала өсімдіктері және жануарларын танып біледі, табиғатты қорғауға бағытталады, білімдерін дәлелдеуге үйренеді.
Өсімдіктер тіршілігі слайд
Өсімдіктер тіршілігі слайд
Өсімдіктер тіршілігі Өсімдікке ауа, жылу және жарық керек (слайд)
Х дыбысы мен әрпі (слайд)
Х дыбысы мен әрпі (слайд)
Сабақтың тақырыбы: Хх дыбысы мен әрпі (слайд)
Компьютердің негізгі және ішкі құрылғылары
Компьютердің негізгі және ішкі құрылғылары
Информатика пәні мұғалімі Ташходжаев Султанмурат Акмалович
Құстар – біздің досымыз
Құстар – біздің досымыз
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Измағанбетова Нұргүл Амантайқызы
Қоршаған ортаны қорғау
Қоршаған ортаны қорғау
Ақтөбе қаласы, № 3 орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Құлжанова Ш. М.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×