Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік» өлеңі

07 қыркүйек 2014, Жексенбі
Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік« өлеңі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
а) ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып жаңа мағлұматтар алуына жағдай туғызу,«Ақсақ киік«өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу;
ә) өлеңді мәнерлеп оқу, өлең мазмұнын меңгере отырып автор шеберлігін тануына көмек - тесу, өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету;
Дамытушылық:
а) шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілетінің дамуына, тіл байлығының артуына ықпал жасау; ә) өз бетінше зерттеу, талдау жұмыстарына машықтанып, түйінді ой, өзіндік пікір қалыптастыруына жол ашу;
Тәрбиелік: Отансүйгіштікке, тіл, сөз өнерін және табиғатты қадірлеп, қастерлей білуге, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрi: кіріктірілген.
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, баяндау, түсіндіру, тест сұрақтары, сто.
Пәнаралық байланыс: тарих, дүниетану, математика.
Көрнекілігі: С. Сейфуллин суреті, шығармалары, Қазақстан картасы, электронды күй дискісі, интерактивті тақта, сто перфокартасы.

Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылардың сәлемдесуі, түгендеу.
ә) Оқушы зейінін өлең жолдарымен сабаққа аудару.
«Өнер алды - қызыл тіл«
Анаңдай оны құрметте!
Қапсымай, талмай үйрен, біл,
Асылын сөздің өрнекте.
Ана тіл - асыл қазына,
Байлығың - білсең ол сенің.
Жеткізер өмір жазына,
Сонымен өсер өркенің, - дей отырып сөз өнерін, асылын, тіл тазалығын сезінетін әдебиет сабағын бастаймыз.

II. Үй тапсырмасын
- Қане, балалар, өткен сабағымызда қай ақынның өмірі және шығармашылығымен таныстық?
Қазір жыр алыбы Жамбыл төңірегінде оқып - білгенімізді қорыту үшін тест сұрақтарына жауап беріп көрелік.
Тест сұрақтары:
1. Жамбыл қай жылы, қай жерде дүниеге келді?
А) 1845ж. Шығыс Қазақстанда
В) 1846ж. Әулие ата өңірінде.
С) 1848ж. Орталық Қазақстанда.
Д) 1847ж. Көкшетау облысында.
2. Жамбылдың шығармасы.
А)«Сұраншы батыр«
В)«Қыс«
С)«Сағындым»
Д)«Жүйрігім« 3. Жамбылдың ұстазы кім еді?
А) Абай
В) Тезек төре
С) Cүйінбай
Д) Шашубай
4.«Өтеген батыр«дастанында Өтегеннің еліне тапқан жайлы, шұрайлы жері қай жерде еді?
А) Қызылорда
В) Жерұйық
С) Қазығұрт
Д) Сарыарқа
5. Ақынның жыры жас ұрпақты неге үндеиді?
А) Білімге
В) Еңбекке
С) Жалқаулыққа
Д) Ерлік пен туған жерді сүюге.
6. Жамбыл қай жылы қанша жасында қайтыс болды?
А) 1945ж 99 жасында.
В) 1946ж 100 жасында.
С) 1947ж 101 жасында.
Д) 1949ж 102 жасында.
III Жаңа сабаққа кіріспе. Мақсаты мен таныстыру. - Балалар, біз бүгін үш бәйтерегіміздің бірі С. Сейфуллин өмірімен «Ақсақ киік «өлеңімен танысамыз. Өлеңімен таныспас бұрын ақын туралы нені білуіміз керек? Соған тоқталамыз. Ақын өмірі туралы тарихшы мұғалім Қүламанова Жадыра апайларың айтып шығады.
Тарих пәнімен байланыс. Мәліметтер. - С. Сейфуллин туған жылы, жері. - Ақынның өмір жолы, репрессия құрбаны болуы — тарихи кезең Бетпақдала арқылы Верныйға жетіп кеңес үкіметін құруға атсалысуы. — ақын шығармасының кейіпкері ақбөкендер мекендейтін Сарыарқа мен Бетпақдала дала зоналарының шектесетін аймағын картадан көрсету.
Әдебиет пәні бойынша. - Тарих бойынша біраз мағлұмат алсақ, енді әдеби тұрғыдан өлеңнің көркемдігіне назар аударып, талдау жасайық.

1. Құрманғазы Сағырбаевтың «Ақсақ киік» күйі баяу орындалып, мұғалім өлеңді мәнерлеп оқиды.
2. Өлең ішіндегі түсініксіз сөздерді атап, экраннан жазылған сөздерді көрсету.
- Сегіз көштік - ұзындық өлшемі.
- Таңы - жануардың сұлу мүсіні.
- Қос - шатыр, күрке. - Бетеге - шөп атауы.
- Киік – аталық жануар. - Бөкен - аналық жануар.

3. Өлеңде көркемдегіш тәсілдің бір түрі теңеу кездеседі. Мына жолдарға назар аударайық.
Қап - қара екі көзі мөлдіреген,
Әдемі екі танау желбіреген.
Елеңдеп жас балаша жалтаңдайды,
Жел түрткен жусаннан да селдіреген.

4. Өлең құрылысына назар аударайық
Ар - қа - ның Бет - пақ де - ген да - ла - сы бар, 11 а
Бет - пақ шөл ой - лы - қыр - лы па - на - сы бар 11 а
Сол шөл - де ел жоқ, күн жоқ өс - іп - өн - ген 11 б
Жән - дік - тің киік де - ген ба - ла - сы бар 11 а
Бұл өлең 11 буынды қара өлең ұйқасы деп аталады.
- Балалар, енді осы өлеңде басты кейіпкер киік деген жануар емес пе? Осы киік деп аталатын жануар туралы толық мәліметті бастауыш сынып мұғалімі Ардақ апайларың дүниетану пәнімен байланыстырып береді.

Дүниетану бойынша. — Киік жануарын биологиялық тұрғыдан таныту.
- Жануардың табиғи ерекшелігі.
- Физиологиялық дамуы, жамылғысы.
- Мекен ететін ортасы туралы.
- «Киік”сөзінің этимологиясы.
- Тірек схемасы бойынша жұмыс.
- Экологиялық жүйедегі орны туралы.
Ал енді осы киіктердің бүгінгі күнде өмір сүру деңгейі қандай? Оның сандық көрсеткіші туралы не білеміз? Осы сұрақ төңірегінде математика пәнінің мұғалімі Ұлықпанова Ғазиза апайларың мынадай түсінік береді.
Математика бойынша.
- Кеңес дәуіріндегі жануарлар туралы.
- Киіктің дене тұрқы, салмағы, жылдамдығы туралы түсінік беру.
- Қазақстандағы киіктер санының өзгеруі туралы гестограмма.
- Ойлау шапшаңдығын дамытуға арналған логикалық есептер шығару
- Міне, балалар, біз сендермен ақ бөкендердің өмірі туралы жалпы мағлұматты алып отырмыз енді оқулықтарыңнан «Ақсақ киік” өлеңін ашып мәнерлеп оқимыз.
1. Кітаппен жұмыс. Мәнерлеп оқыту.
2. Дәптермен жұмыс. Сөздік жазу.

VI. Сабақты түсінгенін тексеру.
1. Топтастыру.
2. Сәйкестендіру перфокартасымен жұмыс.
3. Балалар, осы өлеңі арқылы ақын бізге нені айтқысы келді? Біз нені түсіндік?

VII. Сөз соңында айтарымыз, ақынның айтайын деген ойы табиғатты қорғау, жан - жануарларды аялау екен. Осыған байланысты қазақ халқының әнші - күйшілерінің шығармасы да жетерлік. Құрманғазының”Ақсақ киік” күйі, Жақсыкелді Сейілов ағамыздың «Жез киік” әні, С. Сейфуллиннің сөзі мен қоса әні де айтылатын «Ақсақ киік”әнінің барлығында жазықсыз жануарға деген аяныш сезімі айқын байқалады. Бүгінде жаңа әннің қатарын «Ақбөкен”өлеңімен толықтырған.

Сөзі: Несіпбек Айтовтікі Әні: Жалғас Назаровтың өлеңімен аяқтаймыз.

Дертімді менің қозғама
Онсызда ғұмыр аз ғана,
Айталмай кеткен сырың бар
Жадырып тұрған жазға да.

Адасып жүрген ақбөкен!
Қай жаққа ауып барасың
Қай жақтан пана табасың
Өзегі өксік дүние - ай

Өртеніп, күйіп - жанасың!
Асарсың шаршап сан қырдан,
Ақ боран шығар алдыңнан
Қорғансыз болып тұрған соң
Жақсылық күтпе тағдырдан.

Шексіз ғой мынау қара жер,
Өзіңді өзің пана көр
Ажалдан қашқан тіршілік,
Сағымдай заулап аға бер.

VIII. Үйге тапсырма
1.”Ақсақ киік»өлеңін мәнерлеп оқу, үзінді жаттау.
2.”Біз — табиғат сақшысымыз” ойтолғау жазу.
3. Оқиға желісіне байланысты сурет салу.
Оқушы білімін бағалау.
7 917
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин (Сәдуақас) (1894 - 1938) Қазақтың көрнекті жазушысы, ақын, қоғам қайраткері.
Сәкен Сейфуллин "Ақсақ киік"
Сәкен Сейфуллин "Ақсақ киік"
Ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып жаңа мағлұматтар алуына жағдай жасау, «Ақсақ киік» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу. Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып, жаңа деректер ашуға жағдай туғызу, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу, автор шеберлігін тануына көмектесу, өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету. Ақын жайлы жаңа деректер алады, өлеңнің тақырыбы
«Ақсақ киік» Сәкен Сейфуллин
«Ақсақ киік» Сәкен Сейфуллин
Бастауыш сынып мұғалімі Жолшибекова Индира Тұрғанбекқызы
Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік»
Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік»
Астана қалас, № 8 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ермаганбетова Марал Маратовна
Сәкен Сейфуллин "Ақсақ киік" өлеңі
Сәкен Сейфуллин "Ақсақ киік" өлеңі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Ы.Алтынсарин атындағы № 204 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Каржаубаев Руслан Мулдабаевич
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×