Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күнделікті сабақ жоспарлары

25 қазан 2012, Бейсенбі
Алтыншы сыныпқа арналған бұл бейімдік бағдарламада жаңа кезең талабына сай ана тілінің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсінген, тілдің қызметін жүйелі түрде меңгерген, өз ана тілі-қазақ тілінің ерекшеліктерін білетін, тіл білімі салалары бойынша талдай алатын тұлға қалыптастыру
Бағдарламаның күнтізбелік жоспары мен 34 сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Тұрақты тіркестер
Сабақтың мақсаты:
1. Тұрақты тіркестердің жасалу жолын, олардың мағыналарын түсіндіру
2. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту, пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру
3. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, әдеби тілде көркем сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: Тірек сызба, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Cабақтың айдары – Іздеген жетер мұратқа
Сабағымыз 8 бөлімнен тұрады
1. Қайталау – оқу анасы.
2. Жаңа сабақ құпиясы.
3. Кітап досың ақылшың.
4. Ой толғау.
5. Тапқыр болсаң, тауып көр
6. Сен – маған, мен – саған.
7. Келісіп пішкен тон, келте болмас.
8. Сауатты болу – мақсатым
9. Қоржындағы сарқыт
10. Жүйріктен жүйрік озар, шабысқанда

ІІ Үй тапсырмасын пысықтау
1. Қайталау – оқу анасы

ІІІ Жаңа сабақ
2. Жаңа сабақ құпиясы
Сөзжұмбақ шешу
Тірек сызба арқылы сабақты түсіндіру
3. Кітап досың, ақылшың
Ішіне; сыртына кітапта берілген сөздердің ішінен тұрақты тіркестерді бір бөлек, еркін тіркестерді бір бөлек көшіріп жазу

Ішіне Еркін тіркес
Сыртына Тұрақты тіркес

ІV Сабақты меңгерту
4. Ой толғау.
Ішіне тұрақты тіркестерді қатыстырып шағын эссе жазу
Р - оқушы
А - досы
Ф - хат
Т - кешірім сұрау

. 5. Тапқыр болсаң, тауып көр.
Тұрақты тіркестерде қандай қате жіберілген тап
Жерден алты қоян тапқандай -
Ешкі аузынан шөп алмас -
Екі аяғын екі етікке тығу -
Жаңа жараның аузын ашу -
Жегені жүрегінен шықты -
6. Сен – маған, мен – саған.
Екі оқушы кезектесіп антоним, синоним болатын тұрақты тіркестерді айтады.
Синонимдер
1. Ит арқасы қиянда
Ит өлген жерде
2. Ай десе аузы, күн десе көзі бар
Үріп ауызға салғандай
Антонимдер
1. Су жүрек
Жүрек жұтқан
2. Төбесі көкке жету
Су сепкендей басылу
3. Ит өлген жерде
Мұрнының ұшында

7. Келісіп пішкен тон, келте болмас.
І топ Ребус
ІІ топ Адасқан әріптер
V Сабақты қорыту
8. Сауатты болу – мақсатым
Мұғалім тұрақты тіркестерді айтады, оқушылар дәптерге оның беретін мағыналарын жазады.
Біреудің ала жібін аттамау, қой аузынан шөп алмас, көзді ашып - жұмғанша, аузына құм құйылды, зәресі кетті, ит өлген жер, он саусағынан өнер тамған, сөзіне құлақ аспау, санын соғып қалу.
VІ Үйге тапсырма
9. Қоржындағы сарқыт
Фразеологизмдер сөздігінен 10 тұрақты сөз тіркесін жазып келу
VІІ Бағалау
10. Жүйріктен жүйрік озар, шабысқанда

Сабақтың тақырыбы: Кәсіби сөздер
Сабақтың мақсаты:
1 Кәсіби сөздерді, олардың мағыналарын түсіндіру
2. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту, пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру
3. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, әдеби тілде көркем сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: Тірек сызба, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасын пысықтау
1. Қайталау – оқу анасы
ІІІ Жаңа сабақ
2. Жаңа сабақ құпиясы
Мына сөздер қай мамандық иелеріне қатысты
Кәсіби сөздер ---------------------------------------------------- Мамандық иелері
Сот, жаза, үкім, айыпкер, тергеу
Дәрі, науқас, емхана, дәрігер
Сабақ, тоқсан, баға, оқулық
Томаға, тұзақ, қанжыға

3. Кітап досың, ақылшың
ІV Сабақты меңгерту
Берілген кәсіби сөздердің мағынасын сөздіктен тауып жаз
4. Тапқыр болсаң, тауып көр.
Белгілі кәсіпке байланысты сөздерді кім көп айтады?
5. Сен – маған, мен – саған.
Екі оқушы әр түрлі кәсіп иелері туралы мақал айтып жарысады
6. Келісіп пішкен тон, келте болмас.
Сөзжұмбақты дұрыс шешсеңдер, ұсталық кәсіпке байланысты сөз шығады
V Сабақты қорыту
7. Ой толғау
Кім болам? Тақырыбына ойтолғау жаз
VІ Үйге тапсырма
. 8Қоржындағы сарқыт
Ата - аналарыңның кәсібіне байланысты сөздер жазып келу
VІІ Бағалау
9. Жүйріктен жүйрік озар, шабысқанда

Сабақтың тақырыбы: Диалект сөздер
Сабақтың мақсаты:
1 Диалект сөздерді, олардың мағыналарын түсіндіру
2. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту, пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру
3. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, әдеби тілде көркем сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: Тірек сызба, интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасын пысықтау
1. Қайталау – оқу анасы
ІІІ Жаңа сабақ
2. Жаңа сабақ құпиясы
Сіріңке, кеуірт, шақпақ сөздерінің мағынасын ашу арқылы жаңа сабақты түсіндіру
3. Кітап досың, ақылшың
Берілген әдеби сөздердің диалектілік қолданыстағы түрін жаз
Сіріңке, Әпке, Үлкен, кіші
ІV Сабақты меңгерту

4. Тапқыр болсаң, тауып көр.
Бедре, бақыр, шекер, сым, дөкей, қалақ, сібірткі, леген, кірлен, әпше, оттық, азан, дәке сөздерінің мағынасын тап
5. Сен – маған, мен – саған.
Бір оқушы диалект сөздерді қатыстырып сөйлем айтады, екіншісі сөйлемдегі диалект сөзді табады
6. Келісіп пішкен тон, келте болмас.
Берілген сөздерден әр топ өзіне керегін жазып алады
Сым, сіріңке, малақай, құлақшын, бақыр, шылапшын, күрте, пиалай,
Телпек,
І топ Киім - кешек
ІІ топ Бұйымдар

V Сабақты қорыту
7. Ой толғау

Біздің кейіпкеріміз Қазақстанның барлық жеріне саяхат жасап, диалект сөздерді үйреніп келді. Кейіпкердің әңгімесін жаз.

8. Сауатты болу – мақсатым
Сіріңке, шалбар, шелек, әпке, қияр, леген, таңертең, қабырға сөздерінің
Диалект түрлерін жазады
VІ Үйге тапсырма
9. Қоржындағы сарқыт
Диалект сөздер жазып келу
VІІ Бағалау
10. Жүйріктен жүйрік озар, шабысқанда

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 681
0
  • 80
2 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар 3 сыныптарға арналған
Қазақ тілінен 6 сыныпқа орта мерзімді жұмыс жоспары
Қазақ тілінен 6 сыныпқа орта мерзімді жұмыс жоспары
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті, №165 С. Сейфуллин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Жанпейсов Қуаныш Сейтқұлұлы
Қазақ тілі грамматикасы бейімдік бағдарлама
Қазақ тілі грамматикасы бейімдік бағдарлама
Жамбыл обылысы, Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылы, Г. Орджоникидзе атындағы мектеп- гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кемпрекова Жанар Жансериковна
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер
ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, М. Ломоносов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аманкелди Аскерхан
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер
Павлодар облысы, Ақсу қаласы, №7 орта мектеп Айнура Жармуханбетова
Тіл білімі бейімдік бағдарламасы
Тіл білімі бейімдік бағдарламасы
Жамбыл обылысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы Г. Орджоникидзе атындағы мектеп- гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кемпрекова Жанар Жансериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×