Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тұрақты тіркестер

01 сәуір 2013, Дүйсенбі
Сабақтың тақырыбы: Тұрақты тіркестер
Сабақтың мақсаты:
1. Тұрақты тіркестердің жасалу жолын, олардың мағыналарын түсіндіру
2. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту, пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру
3. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, әдеби тілде көркем сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: Тірек сызба, интерактивті тақта
Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың айдары – Іздеген жетер мұратқа
Сабағымыз 8 бөлімнен тұрады
1. Қайталау – оқу анасы.
2. Жаңа сабақ құпиясы.
3. Кітап досың ақылшың.
4. Ой толғау.
5. Тапқыр болсаң, тауып көр
6. Сен – маған, мен – саған.
7. Келісіп пішкен тон, келте болмас.
8. Сауатты болу – мақсатым
9. Қоржындағы сарқыт
10. Жүйріктен жүйрік озар, шабысқанда

ІІ Үй тапсырмасын пысықтау
1. Қайталау – оқу анасы
ІІІ Жаңа сабақ
2. Жаңа сабақ құпиясы
Сөзжұмбақ шешу
Тірек сызба арқылы сабақты түсіндіру
3. Кітап досың, ақылшың
Ішіне; сыртына кітапта берілген сөздердің ішінен тұрақты тіркестерді бір бөлек, еркін тіркестерді бір бөлек көшіріп жазу
Ішіне ------------- Сыртына
Еркін тіркес ---Тұрақты тіркес

ІV Сабақты меңгерту
4. Ой толғау.
Ішіне тұрақты тіркестерді қатыстырып шағын эссе жазу
Р - оқушы
А - досы
Ф - хат
Т - кешірім сұрау

5. Тапқыр болсаң, тауып көр.
Тұрақты тіркестерде қандай қате жіберілген тап
Жерден алты қоян тапқандай -
Ешкі аузынан шөп алмас -
Екі аяғын екі етікке тығу -
Жаңа жараның аузын ашу -
Жегені жүрегінен шықты -

6. Сен – маған, мен – саған.
Екі оқушы кезектесіп антоним, синоним болатын тұрақты тіркестерді айтады.
Синонимдер
1. Ит арқасы қиянда
Ит өлген жерде
2. Ай десе аузы, күн десе көзі бар
Үріп ауызға салғандай
Антонимдер
1. Су жүрек
Жүрек жұтқан
2. Төбесі көкке жету
Су сепкендей басылу
3. Ит өлген жерде
Мұрнының ұшында

7. Келісіп пішкен тон, келте болмас.
І топ Ребус
ІІ топ Адасқан әріптер
V Сабақты қорыту
8. Сауатты болу – мақсатым
Мұғалім тұрақты тіркестерді айтады, оқушылар дәптерге оның беретін мағыналарын жазады.
Біреудің ала жібін аттамау, қой аузынан шөп алмас, көзді ашып - жұмғанша, аузына құм құйылды, зәресі кетті, ит өлген жер, он саусағынан өнер тамған, сөзіне құлақ аспау, санын соғып қалу.
VІ Үйге тапсырма
9. Қоржындағы сарқыт
Фразеологизмдер сөздігінен 10 тұрақты сөз тіркесін жазып келу
VІІ Бағалау
10. Жүйріктен жүйрік озар, шабысқанда
18 962
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер
Оқушыларға тұрақты тіркестердің мағынасын мысалдар келтіру арқылы түсіндіріп, жаттығу жұмыстарын жүргізу
Сөз тіркесі және күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер
Сөз тіркесі және күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер
Сөз тіркестері, күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер туралы білім бере отырып, олардың сыртқы құрылысына қарай ұқсастығын, мағынасына қарай өзгешеліктерін ұғындыру.
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер
Павлодар облысы, Ақсу қаласы, №7 орта мектеп Айнура Жармуханбетова
Мақал - мәтелдер
Мақал - мәтелдер
ОҚО, Арыс ауданы, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Тұрақты сөз тіркесі
Тұрақты сөз тіркесі
Жамбыл обылысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Г. Орджоникидзе атындағы мектеп- гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кемпрекова Жанар Жансериковна
Күнделікті сабақ жоспарлары
Күнделікті сабақ жоспарлары
Алтыншы сыныпқа арналған бұл бейімдік бағдарламада жаңа кезең талабына сай ана тілінің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсінген, тілдің қызметін жүйелі түрде меңгерген, өз ана тілі-қазақ тілінің ерекшеліктерін білетін, тіл білімі салалары бойынша талдай
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×