Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сан есімнен өткенді қайталау

08 қараша 2012, Бейсенбі
Қазақ тілі 6 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Сан есімнен өткенді қайталау
Мақсаны: Сан есімнен алған білімдерін тереңдету, жинақтау. Әрбір оқушының өз бетінше білім алуына дағдыландыру.
Ұлттық тәрбие негізінде өз ұлтының ғасырлар бойы жинақталған құнды тәжірибелері мен тәлім - тәрбиесін, адамгершілік қағидаларын оқушы бойына сіңіру.

Психологиялық дайындық
Топқа бөлу
1. Есептік тобы.
2. Реттік тобы.
3. Жинақтық тобы.
4. Болжалдық тобы.
5. Топтау тобы.
6. Бөлшектік тобы.

Үй тапсырмасын сұрау.
Сегіз аяқ

Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған.
Қиядан шауып,
Қисынын тауып,
Тағыны жетіп қайырған –
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең, өзің біл!

Ой қозғау. “Тойға шашу”
Шашу сұрақтарын таңдап ал

Күрделі сан есім қалай жасалады?
а) қосарлану арқылы
ә) тіркесу арқылы
б) қосарлану және тіркесу арқылы

Атау септіктегі сан есімдер қандай сөйлем мүшесі болады?

Сан есім сөздің қай тобына жатады?
а) көмекші есім ә) атаушы есім б) одағай
Туынды сан есімді көрсет
а) бір, он, жиырма, мың
ә) үштік, төртінші, жүздеген
б) он екі, алпыс үш, мыңдаған
“Жарлы болсаң, арлы болма”, “Қалауын тапса, қар жанады”, “Алтын көрсе, періште жолдан таяр”. Осы мақалдарды сынайтын Абайдың қай сөзі? Нешінші сөз?

Абай өлеңінен алынған үзіндіде сан есімнің қай түрі кездесіп тұр?
Атадан алтау,
Анадан төртеу,
Жалғыздық көрер жайым жоқ.

Бұл қай жырдан алынған үзінді?
Құрамындағы сан есімді тауып, сөздің мағынасын түсіндір
Етектейін еріннен,
Екі елісі қалыпты.
Қиғаш қамыс құлақтан,
Бір тұтамы қалыпты.

Жалбыраған жалынан,
Жалғыз қарыс қалыпты.
Бір құлаштай құйрықтан,
Бір уыстай қалыпты.

Сергіту сәті: “Қара жорға” биі

ІІІ. Білімді жан - жақты тексеру.
Қызығушылықты ояту.
“Бәйге” ойыны

Бірінші меже: Жалғастыр
(Су, Бұлт, Тұз, Өлең, Қамыр, Ет, шай)
Бір шымшым
Бір жайым
Бір шөкім
Бір қайнатым
Бір асым
Бір ұрттам
Бір шумақ

Екінші меже: “Мақал құра”
Үшінші меже: Ойла, ойлан, ойландыр
Сан есімнің емлесін еске түсіріп, қатені түзеп, дәптерлеріңе жазыңдар..
Бір мың тоғызжүз алпысбес, бес жүз – отыз бір, 25 ке, 12 – ден, 5 сынып, ҮІ - ғасыр, жетіеу алма, 1000 – даған, сағат
5 терде, 20 – дәптер, 50 - 50 ден, 11 ден, 16 – желтоқсан, ХХ том, 2 інші, он – оннан, 100 шамалы, отызға тарта, екіжарты, 90 - ға таман, онбес жарым, 1938 жыл, 7 - інші маусым.

Төртінші меже: “Кім жүйрік?”
Бесінші меже: “Құпия сөздің құлпын аш” жұмбақтардың жауабын тап
(Жарық, Уақыт, Ой, Ай мен күн)
Сандықтың ішіне нені тығып ұстай алмайсың?
Сен жоғалтсаң, мен іздеп таба алмайтын,
Мен жоғалтсам, сен іздеп таба алмайтын.
Ол не?
Көппен бөліскен сайын көбейер.
Ол не?
Әпкесі бауырына қонаққа барады, бауыры одан тығылып қалады.

Оңтүстік Қазақстан облысы,
Арыс ауданы, М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Полатова Айнұр Мүслімбекқызы

Толық нұсқасын жүктеу
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 656
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сан есім
Сан есім
Атырау облысы, Атырау қаласы № 3 мектеп - гимназиясы орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәні мұғалімі Юсупова Айнур Мадениетовна
Сан есімнің емлесі. Сан есімді қайталау
Сан есімнің емлесі. Сан есімді қайталау
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, № 163 орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Ысмайылова Алтынсара
Сан есімнен өткенді қайталау
Сан есімнен өткенді қайталау
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат ауылы, Ш. Т. Еркінов атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Құмарова Құралай Тұрғалиқызы
Сан есімді бекіту
Сан есімді бекіту
№16 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Аубакирова А. М.
Сан есімнен өткенді қайталау
Сан есімнен өткенді қайталау
Сан есімнен өткенді қайталау Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сан есімнен алған білімдерін тиянақтау;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×