Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сан есім

06 мам 2015, Сәрсенбі
Атырау облысы, Атырау қаласы
№ 3 мектеп - гимназиясы орыс сыныптарындағы
қазақ тілі пәні мұғалімі Юсупова Айнур Мадениетовна

Сабақтың тақырыбы: Сан есім
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Сан есім туралы оқушыларға толық мағлұмат беру. Алған білімдерін пысықтап, теориялық алған ұғымдарын мысалдар арқылы терең меңгерту.
Тәрбиелік: Сан есім тақырыбын түсіндіру кезінде сөздер мен сөйлемдердің тәрбиелілік мәніне көңіл бөле отырып, топпен жұмыс істеу арқылы ынтымақ пен бірлікке, жолдастыққа көмек көрсетуге баулу.
Дамытушылық: Сан есімнен алған білімдерін жаттығу жұмыстары арқылы дамыту, өз бетінше орындау дағдыларын қалыптастыру, топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: Мәнерлеп оқу, ауызша сөйлеу, тыңдап түсіну, жазу, екеуара сөйлеу, сұрақ - жауап, ынталандыру
Сабақтың көрнекілігі: слайд, оқулық

I. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныппен сәлемдесіп, түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасы бойынша жұмыс
ІІІ. Жаңа сабақ
ІV. Өзіндік жұмыс
V. Сергіту сәті
VІ. Топ жұмысы
VІІ. Тақтамен жұмыс
VІІІ. Қорытынды
IX. Үйге тапсырма
Х. Бағалау

Үй тапсырмасы бойынша жұмыс
Сөз таптары

Зат есім
Сан есім
Сын есім
Етістік
Есімдік
Үстеу
Шылау
Одағай
Еліктеу

ІІІ. Жаңа сабақ
І топ
Сан есім дегеніміз не? Түрлерін атаңыз
Сан есім дегеніміз - заттың санын білдіретін сөз табы. Сұрақтары: неше? Қанша? Нешінші? Нешеу?
Имя числительное - часть речи которая обозначает количество предметов и отвечает на вопросы: Сколько? Который? Мысалы, бір, екі, үш
Сан есім мағынасына қарай 6 түрге бөлінеді.
По своему значению сан есім в казахском языке делится на:
Есептік сан есім - Количественные
Реттік сан есім - Порядковые
Жинақтық сан есім - Собирательные
Бөлшектік сан есім - Дробные
Болжалдық сан есім - Предположительные
Топтау сан есім - Разделительные

ІІ топ
Сан есімнің түрлеріне толық мағлұмат беру
Сан есімнің жай түрі - простые числительные
0 - нөл
1 - бір
2 - екі
3 - үш
4 - төрт
5 - бес
6 - алты
7 – жеті
8 - сегіз
9 - тоғыз

10 - он
20 - жиырма
30 - отыз
40 - қырық
50 - елу
60 – алпыс
70 - жетпіс
80 - сексен
90 - тоқсан
100 - жүз
1000 - мың
1000000 - миллион

Сан есімнің күрделі түрі – составные числительные
11 - он бір
15 - он бес
19 - он тоғыз
101 - жүз бір
201 - екі жуз бір 428 - төрт жуз жиырма сегіз
666 - алты жуз алпыс алты
1957 - бір мың тоғыз жуз елу жеті

Сан есім түрлері
Түрлері Жұрнақтары Мысалы
Реттік - ншы, - нші, - ыншы, - інші Бір - інші первый
Жинақтық - ау, - еу сұрақтары: нешеу? Всего семь Біреу, екеу, үшеу, төртеу бесеу
Бөлшектік
Болжалдық - дай, - дей, - тай, тей Қырық - тай около сорока
Топтау Образуются путем повторения числительных с окончаниями шығыс сеп в конце Бес - бестен по пять, он - оннан по десять

IV. Өзіндік жұмыс. “Сан есім” мұхиты картасымен жұмыс. Аралдарға саяхат кешу.
Сан есім

Есептік
Реттік
Жинақтық
Топтау
Болжалдық
Бөлшектік

1 - арал: “Есептік сан есімдер”
1 - топ. Біздің Отанымыз – Қазақстан. Аумағы Батыстан шығысқа 3000 шақырым, ал солтүстіктен оңтүстікке дейін 1700 шақырым. Қазақстан Республикасының жер көлемі жөнінен дүние жүзінде 9 – орында.
2 - топ. Қазақстан Республикасының ұлттық құрамы әр алуан. Қазақстанда 130 - дай ұлт өкілдері тұрады. Негізгі ұлт қазақтар республикада 52 пайызды құрайды.

2 - арал: “Реттік сан есімдер”
1 - топ. Көп нүктенің орнына реттік сан есімді қойып жаз
Жеті атаңды біл!
Атасы - бірінші
Әкесі –
Баласы –
Немересі -
Шөбересі -
Шөпшек -
Немене -
Сан есімдерді сөзбен жазып, реттік сан есімге айналдырыңыз. 2; 6; 11; 15; 29; 36; 44; 58; 69; 74; 88; 99; 199; 1840; 3689534
2 - топ. Септік жалғауларын біл!
Біріншісі – Атау
................- Ілік
...............- Барыс
...............- Табыс
...............- Жатыс
................- Шығыс
............- Көмектес
Мына есептік сан есімдерді цифрмен жазып, реттік сан есімге айналдыру.
Мың, жүз, сексен, бес, сегіз

3 - арал: “Жинақтық сан есімдер”
1 - топ. Жинақтық сан есімдерді табу:
Ауыз біреу, құлақ екеу.
Би екеу болса, дау төртеу.
2 - топ. Жинақтық сан есімдерді табу:
Атадан алтау туса да,
Басыңа бір жалғыздық түсер
Ағайын алтау, ана біреу.

4 - арал: “Болжалдық сан есімдер”
1 - топ. Есептік сан есімдерді болжалдық сан есімдерге айналдыру, сөйлем құрау:
Сегіз жүз.......,
Қырық.......,
2 - топ. Есептік сан есімдерді болжалдық сан есімдерге айналдыру, сөйлем құрау:
Елу.......,
Сексен....,

5 - арал: “Топтау сан есімдер”
Сағат неше? деген сұраққа жауап бер, мағынасына ажырат

6 - арал: “Бөлшектік сан есімдер”
1 - топ. Диалогты оқып өзара сөйлесу мағынасына ажырату
Баласы: Әке, сағат неше болды?
Әкесі: сағат сегіз жарым болды. Қайда барасың?
Баласы: Банкке
Әкесі: Банк нешеде ашылады?
Баласы: Тоғыз жарымда ашылады?
Әкесі: Онда не істейсің?
Баласы: Ақша айырбастаймын.

2 - топ. Диалогты оқып өзара сөйлесу мағынасына ажырату
Баласы: Ана, сағат неше болды?
Анасы: Сағат жеті жарым болды. Жұмысың бар ма?
Баласы: Ия. Сайлаудың жұмыстарымен “Нұр Отан” ғимаратына барамын.
Анасы: Қай уақытта үйде боласың?
Баласы: Сағат бір жарымда келемін

V. Сергіту сәті
Мына сандарды дұрыс атасаңдар, бір жануардың аты шығады.
 9 – 6 – 8 – 5 – 6 – 40 – 6 –
 1000 – 60 – 8 – 6 –
 5 – 6 – 40 – 60 –

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 960
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сан есім. Дара және күрделі сан есім
Сан есім. Дара және күрделі сан есім
Дара сан есім бір сөзден жасалады: бес, алты, бір, үш. Күрделі сан есім екі не одан да көп сөзден жасалады: он тоғыз, екі жүз алпыс төрт, он екінші, қырық бес, бесінші.
Сан есім
Сан есім
Астана қаласы, №35 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Төлебай Көгершін Балтабайқызы
Сан есімнен өткенді қайталау
Сан есімнен өткенді қайталау
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат ауылы, Ш. Т. Еркінов атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Құмарова Құралай Тұрғалиқызы
Сан есім
Сан есім
Атырау қаласындағы №10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Айтпанова Зина Тлегеновна
Сан есім
Сан есім
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, «Тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп - интернат» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Муталиева Жамила Әшірханқызы
Есім сөздерді қайталау
Есім сөздерді қайталау
Сабақтың мақсаты: білімділік: оқушылардың ой - өрісін кеңейту, есім сөздер тақырыбынан алған білімдерін жетілдіру, теориялық алған ұғымдарын мысалдар арқылы терең меңгерту, түсінік негізінде қорыттыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×