Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің Отаным – Қазақстан

07 желтоқсан 2015, Дүйсенбі
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы.
Қазақ тілі және қазақ әдебиет пәнінің мұғалімі
Губайдуллина Баян Нұрахметовна

Менің Отаным – Қазақстан
Сабақтың мақсаты: Қазақстан туралы білімдерін тиянақтау, пысықтау, қорытындылау. Оқушылардың өз Отанын, туған жерін сүюге, әр халықтың тілін құрметтеуге, қазақша сауатты сөйлеуге, Қазақстанның азаматы екенін мақтаныш тұтуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, мультимедиялық құрал.
Сабақтың түрі: нәтиже сабақ
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
(Құрманғазының «Сарыарқa» күйі орындалады).
Мұғалім:
- Балалар, сендер күй тыңдағанда нені елестеттіңдер?
- Күй нені білдіреді?
Оқушылардың мүмкіндік жауаптары: шауып келе жатқан ат тұяғының дүбірі, домбыраның үні, самал желдің лебізі.
Сыныпта оқушылардың білім деңгейі әртүрлі болуына байланысты алдын ала сынып оқушылары үш топқа бөлінеді:
1 топ - «Ұран».
2 топ - «Сұңқар».
3 топ - «Тұлпар».

ІІ. Мұғалім тақырыпты еске түсіру мақсатында сұрақтар қояды:
Сұрақ: Балалар біз қай елде тұрамыз?
Жауап: Отан – адамның туып - өскен жері, халықтың өткені мен келешегі.
Сұрақ: Отан, атамекен, туған жер қандай сөздер?
Жауап: Бұл синоним сөздер.
Сұрақ: Адамдар ата-мекенін кімге теңейді?
Жауап: Адамдар ата-мекенін анасына теңейді.
Сұрақ: Ата – бабаларымыз Отанын қалай ардақтаған?
Жауап: Ата – бабаларымыз өз Отанын жан аямай жаудан қорғаған, дастан мен жырларда жырлаған.

ІІІ. Грамматикалық тапсырма: Сан есімнің ережесін, жасалу жолдарын кесте арқылы еске түсіру.
- Сан есім нені білдіреді?
- Сан есімнің сұрақтары қандай?
- Сан есім құрамына қарай қалай бөлінеді?
- Сан есім мағынасына қарай қалай бөлінеді?

ІV. Білімдерін деңгейлік тапсырмалар арқылы тексеру.
1 - деңгей
1. Қазақстан картасы бойынша әңгімелеу.
2. Қазақстан Республикасының рәміздері.
3. Қазақстан туралы диалог құрастыру.
2 - деңгей
1. Сан есім (ережесін айт, мысал келтір).
2. Сан есімнің тақырыбын бекіту мақсатында жаттығулар орындау.
3. Санамақ ойыны.
3 - деңгей
1. Қазақстан халқы (әңгімелеу).
2. Қазақстанның табиғаты, байлықтары (қысқаша мәлімет).
3. Отан, туған жер туралы мақал - мәтелдер айту.

Сергіту сәті.
Санамақ ойыны (1 – 10)- ға дейін сандарға байланысты қазақтың нақыл сөздерін, мақал – мәтелдерді келтіріп айту.

V. Тіл дамыту жұмыстары.
- Балалар, біз Отанымыз туралы әңгімелесе отырып, сандарды «сөйлетейік».
Қазақ халқы – сан тергейтін халық. Қандай киелі сандарды білесіңдер?(үш, жеті, бес, т. б.)
«Ұран» тобы.
- Балам!
Ата баба бас иетін
«Жеті» деген санның
Білесің бе қасиетін?
- Білем.
- Білсең, «Жеті атаңды» ата.
- Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.
«Сұңқар» тобы.
«Жеті» жұтты ата.
- Құрғақшылық, оба, мал жұтау, өрт, соғыс, сел, жер сілкіну.
«Тұлпар» тобы.
Жер бетіндегі жеті жетімді ата.
Тыңдамаса сөз – жетім.
Иесіз қалған ел – жетім.
Басшысы жоқ ел – жетім.
Аққу - қазсыз көл – жетім
Елінен айырылған ер – жетім
Қатары қалмаған қарт – жетім.

VI. Сауаттылықты дамыту жұмыстары.
1) Сөйлемді дұрыс құрастырыңдар.
Қазақстан Республикасының, тілі, мемлекеттік, қазақ тілі, Қазақстан, өлке, бай.
2) Сан есімнің жұрнақтарын мағынасына қарай сәйкестіріңдер.
1. Есептік бестен екі
2. Реттік екеу
3. Жинақтық жетінші
4. Топтау жүздеген
5. Болжалды үш, мың
6. Бөлшектік бес – бестен

VII. Пікір алмасу.
Сұхбаттасу.
- Қазақстан Республикасы қандай мемлекет? (егеменді, тәуелсіз мемлекет).
- Біздің елде қанша ұлт өкілдері тұрады? (130 - ға жуық ұлт өкілдері тұрады).
- Қазақстан Республикасының рәміздерін ата (Ту, Елтаңба, Әнұран).
- Қазақстанда қандай ірі қалалар бар? (Астана, Алматы, Тараз, Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Өскемен, Ақтау, Атырау, Ақтөбе).
- Қазақстанда халықтың саны қанша? (17 миллионнан астам).

VIII. Қорытынды жасау, бағалау.
IX. Үй тапсырмасы. «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбына эссе жазу.
5 122
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің Отаным - Қазақстан
Менің Отаным - Қазақстан
ашық сабақ жоспары беріледі. мұғалімдерге көмек ретінде
Викторина «Мен қазақ тілін білемін»
Викторина «Мен қазақ тілін білемін»
Оқушылардың алған білімдерін жүйелеу. Оқушылардың қазақ тіліне қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Көрнекілік: суреттер, плакат, ұлттық тағамдар, мультимедиялық презентация
Тәуелсіздік күні – ерекше мереке
Тәуелсіздік күні – ерекше мереке
ШҚО, Өскемен қаласы, №38 гимназия мектебінің қазақ тілі әдебиет пәнінің мұғалімі Жумажанова Акмарал Толепбекқызы
Қазақстан – Менің Отаным
Қазақстан – Менің Отаным
Астана қаласы, №36 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Тұрсынхан Гүлжан
Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан – менің Отаным
Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан – менің Отаным
Астана қаласы, «Көпбейінді колледж»МКҚК Қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы: Айсариева П. А
Халықтың ұлттық және діни құрамы
Халықтың ұлттық және діни құрамы
Байқоңыр қаласы, № 8 Ю. А. Гагарин атындағы мектептің география пәні мұғалімі Қарлыбаев Октябрь Өзбекбайұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×