Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жатыс септігі. Мектептегі бір күнім

19 қаңтар 2016, Сейсенбі
Астана қаласы,
53 мектеп-лицейі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қошқарбаева Айжан Тоқтарқызы

Сабақтың тақырыбы: Мектептегі бір күнім.
Жатыс септігі 6 - сынып
Білімділік: оқушыларға мектеп туралы толық түсінік беру. Тілдесу әрекетіне бағыт жасау. Жатыс септігін қайталау.
Дамытушылық: жеке тұлғаның ой - қабілетіне әсер ету арқылы оқушылардың өз беттерінше жұмыс жасау іс - әрекетін дамыта отырып, жинақтау, қорытынды жасай білуге үйрету. Сөздік қорын байыту.
Тәрбиелік: Оқушының мектептегі бір күні туралы әңгіме жүргізу. «Мектеп - кеме, білім - теңіз» мақал - мәтел арқылы оқушының білімге деген құштарлығын арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың типі: Білім жүйесі бойынша білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, сурет
Сабақтың технологиясы: Блум жүйесі
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кесте

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
- амандасу, түгендеу, оқушы назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын сұрау
III. Жаңа сабақ
1. Білу.
Оқушыларға «Ой шақыру» стратегиясы бойынша сұрақ қою:
- Мектебіміз қай көшеде орналасқан?
- Бүгін неше сабақ?
- Қазақ тілі нешінші сабақ?
- Соңғы сабақ қай сабақ?
- Сабақ сағат нешеде аяқталады?

2. Түсіну.
- Сен қандай мектепте оқисың?
- Сенің сыныбың қай ауысымда оқиды?
- Аптасына неше рет қосымша сабақтарға барасың?
- Сен сыныпта неше рет кезекшілік атқарасың?

3. Қолдану.
Сөздікпен жұмыс: кезекшілік, ауысым, қосымша.
1. Оқушылар жаңа сөздерді қолданып сөз тіркесін, сөйлем құрастырады.
2. Жаңа сөздерді қолдана отырып өздерінің мектептегі бір күні туралы мәтін құрастырады.
Құрған мәтіндерінен жатыс септіктегі сөздерді табады.

4. Талдау.
1. Жазба жұмысы. Оқулықтағы 6 - тапсырманы жазбаша орындайды. Бос орындарға жатыс септігінің жалғауларын қойып жазады.
2. «Өз мектебіңнің тарихын білесің бе?» тақырыбында жұптық жұмыс.

5. Жинақтау.
«Мектеп - кеме, білім - теңіз» мақал - мәтелі төңірегінде «Ой толғау» жазады.

IV. Сабақты бекіту. Бағалау.
«Менің мектептегі бір күнім» тақырыбына эссе жазады.
V. Үйге тапсырма: берілген сөздерді пайдаланып өз мектебінің қысқаша ережесін құрастырып келуге.
Қажетті сөздер: Мектеп ережесімен, мектеп шәкірттері, ішкі тәртіп, мектеп формасы, мүлтіксіз орындауға, міндетті, бағыну, бірыңғай, намысын қорғауға, себепсіз қалмауға, кешікпей келуге, үйірмелерге қатысуға, кезекшілік атқаруға.
6 779
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мақал – мәтелдер – халық даналығы
Мақал – мәтелдер – халық даналығы
Мақал – мәтелдер жөнінде ұғымдарын қалыптастыру, мақал – мәтелдер өзінен кейінгі ұрпаққа қалдырған халықтың ақыл өсиеті екенін, мақал – мәтелдің айырмашылығын түсіндіру.
Зат есімнің септелуі. Тест
Зат есімнің септелуі. Тест
1. Көмектес септікте тұрған зат есімді көрсетіңіз. A) Дәптердің. B) Қызбен. C) Кітапты. D) Гүлдер. E) Балаға.
3 деңгей бағдарламасы бойынша жасалған қысқа мерзімді жоспар
3 деңгей бағдарламасы бойынша жасалған қысқа мерзімді жоспар
3 деңгей бағдарламасы бойынша жасалған қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 8 сынып
Жатыс септік
Жатыс септік
Зат есімнің септелуі туралы білімдерін нығайту. Жатыс септіктегі сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретінімен және оның жалғауларымен таныстыру.
Нәтиже сабақ. Менің достарым
Нәтиже сабақ. Менің достарым
Оқушылардың дос, достық туралы білімдерін тексеру, өткен материалды қайталау, сұраққа дұрыс жауап беру дағдысын қалыптастыру. нақты мысал келтіру арқылы оқушының сөйлеу дағдысын дамыту, қисынды ойлау қабілетін қалыптастыру.
Септіктер
Септіктер
ШҚО. Семей қаласы. №11 орта мектеп Рахметова Құралай Болатбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×