Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мағжан Жүмабаев «Түркістан» өлеңі

15 ақпан 2016, Дүйсенбі
Алматы облысы, Панфилов ауданы,
С. Аманбайұлы атындағы орта мектептің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Кокенова Жанылкан Имангожаевна

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жүмабаев «Түркістан» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
1. Өлеңнің көркемдік идеясымен таныстыру, тақырыбын ашу, ақын өлеңін ел тарихымен тұтастықта қарастыру.
2. Тарихи деректер бойынша тұжырым жасай білу дағдысына үйрету, түсініктерді деректермен дәлелдеуге жаттықтыру, өлең талдау дағдысын, өлең оқу техникасын дамыту
3. Өзінің елі мен жерін сұйетін, елімен мақтана алатын елжанды ұрпақ тәрбиелеу

Түрі: талдау сабақ
Типі: жаңа білімді меңгерту
Әдісі: СТО элементтері, семантикалық кесте баяндау, сұрақ - жауап, топтастыру
Көрнекіліктері: ақын портреті, буклет, шығармалары, жұмыс парақшалары, плакат «Түркістанның тарихы», карта
Пәнаралық байланыс: тарих, география

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Сабақ мақсатын түсіндіру. Сыныпты 3 топқа бөлу
3. Ой қозғау
«Зерттеушілер» тобына сұрақ - Мағжан кім?
«Ақындар» тобына сұрақ - Мағжан қандай ақын?
«Сарапшылар» тобына сұрақ - Ақынның мақала, поэма, зерттеу еңбектері қандай?

4. Жаңа сабақты түсіндіру
Мағжан атамыздың «Түркістан» өлеңімен танысамыз. Түркістан атын атағанда есімізге не түседі? Түркістанның тарихына назарымызды аударайық.
А. Қаланың іргетасы IV - Vғ. қаланды деген деректер бар.
Ә. Тұран жазығы - Қазақстанның оңтүстік батысынан шығысына дейін созылып жатқан кең жазық.
Б. Тұран атауы туралы Шығыс ақыны Фердауси шығармаларында «Бұл елді ең алғаш билеген патша ТҰР деген патша» деген. «АН» сөзі парсыша ЕЛ дегенді білдіреді.
В. Қазіргі Түркістан қаласы Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Міне, балалар, Түркістан қаласының осындай тарихы бар. Ал Мағжан атамыз жайында не жайында жазыпты, бірге талдап көрейік.
1. Бірнеше шумағын мәнерлеп өзім оқып беремін.
2. 2 - 3 шумақтан оқушыларға оқытамын.
3. 3 топқа жеке - жеке тапсырма беремін.

4. Өлеңге талдау жүргізу.
«Зерттеушілер» тобына - өлең мазмұнын талдау (елі, жері, табиғаты, атақты адамдар)
«Ақындар» тобына - өлеңге тілдік талдау жасау (эпитет, теңеу, метафора, аллитерация, мақалмен үндес сөздер)
«Сарапшылар» тобына – өлең құрылысына талдау (шумақ, тармақ, бунақ, буын, ұйқас)

5. Үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс.
1«Қалқаман - Мамыр» поэмасындағы оқиға қай жерде болған?
2. Мағжан ақынның «Сағындым» өлеңінің бір шумағын айт.
3. 50 жасқа толуына 1ай қалғанда қайтыс болған ақын кім?

Толық нұсқасын жүктеу
2 977
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
М. Жұмабаевтың «Шолпы» өлеңін талдау
М. Жұмабаевтың «Шолпы» өлеңін талдау
Мағжан атамның рухымен сырласа отырып, оның ұлттық құндылық екенін, қазіргі заман жастарына маңыздылығы
Мағжан Жұмабаев. Түркістан өлеңі
Мағжан Жұмабаев. Түркістан өлеңі
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Дәшін селосы, Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ажмеденова Гаухар Тасқалиқызы
Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңі
Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңі
Атырау облысы, Атырау қаласы, Геолог поселкесі, Қ. И. Сәтбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мурзагулова Гүлжан Жәрдемқызы
Мағжан Жұмабаев «Түркістан» өлеңі
Мағжан Жұмабаев «Түркістан» өлеңі
Ақтөбе қаласы, № 5 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Еспембетова Айнаш Жолшыраковна
Мағжан Жұмабаев «Түркістан»
Мағжан Жұмабаев «Түркістан»
Атырау қаласы, №35 мектеп - гимназиясы Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қамиева Ардақ Бектемісқызы
С.Сейфуллиннің «Тұлпарым» өлеңі
С.Сейфуллиннің «Тұлпарым» өлеңі
Жезқазған қаласы, №10 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Ташетова Гулбаршын Бактияровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×