Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мағжан Жұмабаев «Түркістан»

01 маусым 2013, Сенбі
Тақырыбы: М. Жұмабаев «Түркістан». Өлеңдегі перзенттік сезім.
Сілтеме Қ. Әбдезұлы, Г. Д. Рыскелдиев, С. Ч. Тұрсынғалиева 8 - сынып оқулығы
Слайдтар; Сабақ жоспары

Жалпы мақсаты
1. Мағжан Жұмабаевтың өмірі және шығармашылығымен танысу, ақындық даралығын ұғыну. 2. "Түркістан"өлеңдегі ақын көтерген тақырыптарды ашу, балаларды ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру. 3. Оқушының тіл байлығын жетілдіру, тілін, елін, жерін сүйе білуге тәрбиелеу.
Міндеттері

1. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту.
2. Сабаққа оқушылардың өз білетін білімдері арқылы ену.
3. Сабақ бойынша ой қорытынды жасауға, өзіндік тұжырым айтуға үйрету.
Күтілетін нәтиже 1. Оқушылардың өз беттерімен оқып білу мүмкіндігін ескеру;
2. Әр оқушының жеке ойын тыңдауға, өзіндік пікірін жеткізуге жұмыстандыру;
3. Жазушы туралы туралы айтылған өзге жазушылардың ойларын оқушылардың өздеріне қорыту арқылы жазушының жазушылық шеберлігі туралы ой қорытынды жасату.
Тапсырмалар Интернет беттерінен Мағжан Жұмабаев туралы қосымша мәлімет жинақтау.

Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалім жазбалары:
Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады.

Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Оқушылармен амандасу, ежелгі қалалар суретін құрастыру арқылы топқа бөлу. 1, 5мин./

Үй тапсырмасын сұрау.
«Ай мен Айша»шығармасы бойынша оқушыларға сұрақтар қойып, Шерхан Мұртазаның жазушылық шеберлігі туралы жазған ойтолғауларын оқыту. /6 мин./

Жаңа сабақ. Ой қозғау.
Алты алашқа құрбан болған ақ жаны,
Ақындықтың мұздай мөлдір маржаны.
Жұмабайдың Мағжаны деп таны да,
Ұлы Абайдың ұрпағы деп басыңды и!- деп, балалар біз бүгін маржандай мөлдір, сырлы да нәзік жырларын қалдырып кеткен дара тұлғалы ақын Мағжан Жұмабаевтың өмірі және «Түркістан»атты шығармасымен танысамыз.

І. Білу.
Оқулықпен жұмыс. Мағжан Жұмабаев туралы берілген мәтінді түсініп оқып, тірек сызба құрғызу.

Мағжан Жұмабаев

1893 ж. Солтүстік Қазақстан облысы, Ақмола губерниясында тұрған.
Ақын, аудармашы, қоғам қайраткері
1928 Брюсов атындағы Мәскеу көркем әдебиет институты
1922 Батыр Баян дастаны
1938 ж. атылды
1913 - 1916 Омбы мұғалімдер семинариясы
Араб, орыс, парсы, түркі тілдері
Уфа, Медресе Ғалия
Ауыл молдасы

Сынып ІІІ топқа бөлінеді.
«Орындаушы», «Сыншы», «Қорғаушы»
1) М. Жұмабаев өмірі;
2) М. Жұмабаев шығармашылығы;
3) М. Жұмабаев туралы айтылған даналық ойлар.

ІІ. «Түсіну»
«Түркістан» деген өлеңі – елім, жерім, ерім деп соққан ақын жүрегінің қайнарынан төгілген отаншылдық жырдың шынайы да шебер үлгісі. М. Жұмабаев - өз тілін, ел дінін, мәдениетін, тарихын, жер – суын жетік білетін ақын. Түркістан қаласы тарихын тереңнен алатын, ежелгі қалалардың бірі.(тарихпен кіріктіру) - Түркістан туралы не білеміз? - Түркістанның ескі атаулары қандай?
Тұран – көне мәдениет бесігі, сәулет өнерінің кең сарай көрінісі. Нелер ұлы ақындар ордасы. Қазақ халқының өткендегі тарихы, тағдыры, мәдениеті Тұранмен ұштасып жатыр. Тақтадан көне а) Түркістан суреттерін көрсету.

ә) Әдебиет оқулығындағы «Таным дерек» айдары бойынша берілген мәліметпен танысу барысында Түркістан қаласы туралы мағлұмат алу.

- Ақынның бізге үлгі - өнеге еткен Түркістанның 1500 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланды. Той 2000 жылы 19 қазанда өтті. Осының өзінен - ақ Түркістан жерінің тарихи тамыры тереңде жатқанын байқауымызға болады.
б) Ақынды бұл тақырыптың неге толғандырғанына тоқталу.
в) «Түркістан»өлеңінің мазмұнымен танысу, мәнерлеп оқып беремін.
г) 1. Өлеңдегі географиялық атаулар.
2. Өлеңдегі тарихи тұлғалар.
3. Ғұлама ойшылдар. (Тақырыптарға орай қозғалған тұстарын мәтіннен тауып оқу, Түркістан жерінен шыққан ұлылар туралы хрестоматиядан өз бетімен оқып танысып келген оқушыларды ортаға шығарып, баяндату)

ІІІ. Қолдану.
Ақын өлеңіндегі көркем тіл шеберлігіне көңіл аударту.
а) Өлеңдегі метафора, эпитет, теңеулерді таптыру.
ә) Өлеңді өлең құрылысына талдау.

Сұрақтар арқылы сабақты бекіту:
- Неліктен Түркістан киелі жер саналады?
-«Тұран» деп қай жерлер аталады?
- «Қара шаңырақ»дегенді қалай түсінесіңдер?
- Ақын өлеңінің тақырыбы мен идеясы қандай?

Слайд 7. Бағалау. /2мин./
Бағалау парағы

Слайд 8. Үйге тапсырма.
Өлеңді мәнерлеп оқу. «Шаңырақ»ойыны бойынша үш бағанды кесте арқылы өлеңдегі деректерді толтыру.
26 155
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы
Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы
Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығының қыр - сырларын меңгеруге, мазмұнына тереңдей бойлай отырып, шығармаларына жан - жақты талдау жасауға ықпал ету.
Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңі
Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңі
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Қарасу ЖОМ Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Абишева Айсулу Даирбековна
Мағжан Жұмабаев. Түркістан өлеңі
Мағжан Жұмабаев. Түркістан өлеңі
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Дәшін селосы, Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ажмеденова Гаухар Тасқалиқызы
Қазақ халқының ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев
Қазақ халқының ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев
Ақтөбе қаласы, №31 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қоспанова Гүлзифа Дүйсембайқызы
Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңі
Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңі
Атырау облысы, Атырау қаласы, Геолог поселкесі, Қ. И. Сәтбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мурзагулова Гүлжан Жәрдемқызы
Мағжан Жұмабаев «Түркістан» өлеңі
Мағжан Жұмабаев «Түркістан» өлеңі
Ақтөбе қаласы, № 5 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Еспембетова Айнаш Жолшыраковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×