Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Нақты сөйлеуге дайындық

23 ақпан 2016, Сейсенбі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Қ. Күлетов атындағы №92 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Енсепбаева Жадыра Абдирхановна

қазақ тілі 11 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Нақты сөйлеуге дайындық
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Нақты сөйлеуге дайындық жайлы түсінік беру, пікірталас мәдениетін меңгеру, теориялық білімді өмірде қолдана білуге үйрету;
Дамытушылық: оқушылардың тіл мәдениетін, шешен сөйлеуін қалыптастыру, ойлау қабілеті мен тілін дамыту, өз көзқарастарын ашық та жүйелі жеткізе білуге, өз пікірін қорғай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, бір - бірін тыңдауға, өз тілін сүюге, қастерлеуге, сөз мәдениетіне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дискуссия сабақ
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, сызбалар, т. б.

Сабақтың барысы:
Сабақтың эпиграфы:
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерден ел табылады.
Ел бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады.
Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ.
Бұқар жырау

І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау
«Сиқырлы сандықша» оқыта үйрету ойыны
1. Шешендік немесе шешендік өнер дегеніміз не?
2. Қазақ шешендік өнері неше кезеңге бөлінеді? Ата.
3. Қазіргі шешендіктің түрлерін ата.
4. Шешендік өнердің дамуына қажетті қандай алғышарттарды білесің?
5. Троп дегеніміз не? Түрлерін ата.
6. Фигура дегеніміз не? Түрлерін ата.
7. Тіл тазалығы дегенді қалай түсінесің?
8. Шешендік сөздің сапаларын атап бер.

ІІІ. Негізгі бөлім:
Нақты сөйлеуге дайындық шарттары:

Тақырып туралы
Тақырып – айтылар ойдың негізгі діңгегі. Ой бағыттары, айтылатын сөздер мен көркемдегіш құралдар тақырыпты ашу мақсатына қызмет етуі керек.

Мақсатты айқындау
1. Айтатын ойын нақты, дәлелді, түсінікті жеткізу.
2. Тақырып мазмұнын ашу барысында ой жүйелілігі мен дәйекті дәлел, мағыналы да мәнді қолданыстарды орынды пайдалану.
3. Ойды тұжырымдап, жақсы жұмыс нәтижесіне жеткізер ұтымды ұсыныс айту.

Сөйлеу, ойды жеткізу бағыттары. Сөз мәйегі
1. Кіріспе сөзден бастап тыңдарманды қызықтыру ізденісі.
2. Бұл бағытта адамдарды (жас деңгейі, ойлау мен қызығу ерекшеліктері, т. б.) не қызықтыру мүмкін?
3. Қызықты мәлімет, мақал – мәтел, тұрақты сөз тіркестері, афоризм, теңеу, т. б.

Әдебиеттерді таңдау
1. Тақырыпқа қатысты әдебиеттерді іздеу.
2. Таңдалынған әдебиет тақырыптан ауытқымауға, ой мазмұнын ашуға көмек бере ме?
3. Мерзімдік басылымдарда көтерілген мәселелерді қамту.
4. Әдебиеттерді іріктеу, қажетті ой - пікірлерді жазып, керекті мәліметтерді арнайы папкаға жинақтау.

Қалай сөйлеген жөн?
Ойды жеткізуге дайындық: мәтінді оқып беремін бе, әлде мәтіннен үзінділерді ғана оқып, ойды тыңдаушыларға қарап өрбіткен ұтымды ма немесе қағазсыз, еркін сөйлеген дұрыс па?
Аудиторияны назарда ұстау мен қимыл - әрекеттердің айтылар оймен үйлесімді болуын қамту қажеттілігін де ескеру.

Нақты сөйлеуге дайындық талаптарды ескере отырып берілген тақырыптың біреуін таңдап көпшілік алдында тосылмай шешен сөйлеп көрейік. Тақырыптар:
1. Компьютер заманында шешендік өнер қажет пе?
2. ҰБТ - ның жақсы жақтары, маған әкелер көмегі.
3. Асылым, ардағым – ана тілім!
4. Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны
5. «Соңғы қоңырау» жиынында сөйленетін сөзің.
6. Дәстүрлі емтихан тапсырудан ҰБТ - ның артықшылығы.
Жобаны қорғау. Әр топқа 5 минут.
Ойлан тап: 2 топқа тапсырма беріледі
1 - топ
1. Өнер алды -... тіл. (қызыл)
2. Тіл... жарады,... жармаса,... жарады.(тас, бас)
3. Сөз... тапса, мал... табады. (жүйесін, иесін)
4. Жанды жаралайтын да..., емдейтін де.... (сөз)
5.... сөз - жарым.... (жақсы, ырыс)
2 - топ
6. Тау мен тасты... бұзар, адамзатты... бұзар.(жел, сөз)
7. Шешеннің сөзі -.... (ортақ)
8. Адамның өзі жетпеген жерге... жетеді.(сөзі)
9. Жақсының сөзі -... тең.(жырмен)
10. Бал тамған тілден... тамар.(у)
Мына шешендік сөздердің авторларын табыңдар:
1 - топ.
1. Өнер алды - қызыл тіл. (М. Қашқари)
2. Шешендік – ақылмен билеу өнері. (Платон)
3. Шешеннің ең ұлы қасиеті - қажет нәрсені ғана айту емес, сонымен бірге қажеті жоқ нәрсені айтпау. (Цицерон)
4. Ақыл мен білімнің тілмашы - тіл. (Ж. Баласағұн)
5. Ойлап айтқан сөз де оралмайды,
Ойнап айтқан сөз де оралмайды.(Ә. Науаи)
6. Ақын болып туады, шешен болып шығады.(Цицерон)
7. Айтар сөзді алдымен ойлап ал. (Қорқыт)
8. Шешеннің парызы – шындықты айту. (Платон)
9. Жақсы сөз – дәмнің тұзы. (Құтып)
10. Сөз қалай айтылса, жауабы да соған сай болар. (Гомер)
Логикалық тапсырма
«Тіл + химия» тапсырмасы
Формуланы сөзге айналдырып жазу керек.
Бұл H2O туған жердікі болған соң ба өзгеше дәмді көрінді. Мұғалім қолындағы ақ CaCO3 маған аппақ көбелектей көрініп, ұстағым келіп қызығып кеттім. Құрамында NaCl жоқ болғандықтан не ішіп, не қойғанымызды сезіне алмадық. Cu тиындар – тарихтың қоржынынан түскен таңғажайыптар. Hg бағаны жылылық деңгейін көрсетуде.

Талдау – табыс кепілі
Семантикалық карта
Жым болып тіл тұрмайды кесілмесе,
Білім – тұл, тілден шығып есілмесе. Ж. Баласағұн

Сабақты бекіту:
Бүгінгі сабақтан алған әсерің қандай?
Бағалау
Оқушыларды мадақтау, марапаттау. (смайлик беру).
• Өзін - өзі бағалау.
• Кері байланыс. (формативті бағалау)
• Қорытынды баға. (жиынтық бағалау)
Үйге тапсырма: 110 - жаттығу

Толық нұсқасын жүктеу
13 963
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Ананың тілі – аяулы үні
Ананың тілі – аяулы үні
қазақ тілін құрметтеуге, оны шұбарламай таза сөйлеуге тәрбиелеу. Оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру.
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
қазақ тіліндегі қосымшалардың түбір сөзге жалғану заңдылықтары туралы ұғымдарын дамыту, жұрнақ пен жалғаудың атқаратын қызметін таныту;
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
қазақ тіліндегі қосымшалардың түбір сөзге жалғану заңдылықтары туралы ұғымдарын дамыту, жұрнақ пен жалғаудың атқаратын қызметін таныту.
Бәрін білгім келеді! (сайыс сабақ)
Бәрін білгім келеді! (сайыс сабақ)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Абай ауылы, Абай атындағы №90 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жәлел Ботакөз
Баланы сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу
Баланы сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті, № 7 «Балдырған» балабақшасы Жаханшаева Гүлжазира Ерлепесқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×