Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бәрін білгім келеді! (сайыс сабақ)

17 наурыз 2013, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Бәрін білгім келеді!» (сайыс сабақ)

Білімділік мақсаты: Оқушылардың еңбекке баулу пәнінен алған білімдерін тереңдету, өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау;
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой - өрісін кеңейту, шығармашылықпен өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік мақсаты: Ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Сайыс сабақ
Сабақ әдісі: Сұрақ - жауап, топпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, бейнелеу, математика.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, еңбек құралдары.

Барысы:
I. Кіріспе
II. Әділқазылар алқасын сайлау
III. Топтармен таныстыру
IV. «Ойлан тап»
V. «Кім епті»
VI. «Кім шапшаң»
VII. «Талаптыға нұр жауар»
VIII. «Кім білгір»
IX. «Кім тапқыр»
X. «Жас шебер»

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз 3 - 4 сынып оқушылары арасындағы «Бәрін білгім келеді!» тақырыбында сайыс сабақ өткізгелі отырмыз. Топтармен таныстырып өтейін.
I Өнер тобы
II Талант тобы

Енді осы топтардың әділ бағасын беретін «Әділқазылар алқасымен» таныстырып өтейін.
Ел бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады,
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерден ел табылады.
Шаршы топта сөз бастау қиын - деп.

1. Сайысымыздың бірінші бөлімін Таныстырудан бастайық.
(әр топ өздерін таныстырады.)
Өнер тобы
«Өнерлі өрге жүзер»

Талант тобы
«Талаптан да білім мен өнер үйрен»

2. Сайысымыздың келесі бөлімі «Ойлан тап?»
Еңбекке баулу пәнінен жинақталған сұрақтарға жауап беру.
Өнер тобы
1. Көктікен гүлін дайындау реті.
2. Қағаз қандай материал?
3. Құрақ дегеніміз не?
4. Тамбурлы тігістің Отаны қай мемлекеттер?
5. Бөлшектерді біріктірудің неше тәсілі бар?
6. Құрамақтарды неден құрастыруға болады?
7. Мозаика дегеніміз не?

Талант тобы
1. Тігіс түрлерін ата?
2. Симметрия дегеніміз не?
3. Шидің пайдалануға дейінгі тазалығы
4. Әшекейлі бет орамалдарды ата?
5. Емен ағашы неше жылдай өседі?
6. Электр тізбегінің шартты белгілерін ата?
7. Киіз үй бөліктерін ата?

3. Келесі бөлімде «Кім епті»
«Лего» бөлшектерінен ойыншықтар құрастыру. Әр топтан 2 оқушы шығады.

Кел, балалар, ойнайық,
Ойнайық та ойлайық.
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық.

4. Сайысымыздың келесі бөлімі «Кім шапшаң»
(жұмбақтар шешу)
1. Аппақ дала, қойлары қара. (қағаз бен әріптер)
2. Мұрнында байлауы бар,
Адамның айдауы бар. (ине)
3. Тілі жоқ өзінде,
Сөзі бар ізінде. (қаламсап)
4. Орақ болып туады,
Табақ болып тұрады. (ай)
5. Суықта солмайды,
Аязда тоңбайды. (жасанды гүл)
6. Кетер ұшып күзде -
Күдеріңді үзбе
Көктем шыға Қайта,
Қауышады бізде. (құстар)
7. Бетіңді тырыстырады,
Арқаңды құрыстырады.
Ыңғайына көне берсең,
Досыңмен де ұрыстырады. (ашу)
8. Дүниеде бір қудың бар беті қатқан,
Бетінде бетегесі шығып жатқан.
Қараса сол құдыққа көз жетпейді,
Құр қалмас сол құдықтың дәмін татқан. (оқу, білім)
5. Келесі бөлімде. «Талаптыға нұр жауар»
Табиғи материал дән тұқымнан құрамақ жасайды.
6. Сайысымыздың келесі бөлімінде. «Кім білгір»
Мақал - мәтел айту.

7. «Кім тапқыр»
Интерактивті тақтадан суреттерді жартылай жасыру заттың не екенін табу.

8. Келесі бөлімде. «Жас шебер»
Топ басшылары шарды үрлеп бет пішінін салып әсемдейді.
18 762
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бәрін білгім келеді, Қортынды сабақ
Бәрін білгім келеді, Қортынды сабақ
Балалардың алған білімдерін пысықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, тілдерін жетілдіру, біліп – үйренуге деген құштарлықтарын арттыру. Адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Ойла. Сана. Епті бол
Ойла. Сана. Епті бол
Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, алған білімдерін тереңдету, ой - өрісін кеңейту. Қиялын ұштап, шығармашылық қабілеттерін шыңдау, дамыту, есептеу дағдыларын жетілдіру.
Бәрін білгім келеді
Бәрін білгім келеді
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылы, Нұн Жұбаев атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Ауелбаева Арайлым
Бәрін білгім келеді
Бәрін білгім келеді
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №170 орта мектебінің ән - әуез пәні мұғалімі Кібіт Гүлнәр
Тапқыр достар!
Тапқыр достар!
Бастауыш сынып мұғалімі Калиева Гулнара
Жер ортақ үйіміз
Жер ортақ үйіміз
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы,Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы білім беретін орта мектептің биология пәні мұғалімі Турысбекова Гульмира Оразбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×