Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ел бірлігі – Бұқар толғауларының басты тақырыбы. «Тілек» өлеңі

21 наурыз 2013, Бейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Ел бірлігі – Бұқар толғауларының басты тақырыбы. «Тілек» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Бұқар жырау Қалқаманұлының өмірі жайлы әңгімелеу, шығармаларына тән ел бірлігі мәселесіне тоқталу. Хронологиялық кесте арқылы тарихи кезеңдерге сипаттама беру. Ой қозғауға, өз пікірлерін ортаға салуға дағдыландыру.
Дамытушылық: Оқушылардың қызығушылығын арттыру, өз ойларын жүйелі сөзбен жеткізуге бейімдеу. Ауызекі сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелілік: Туған жерін сүюге, Отанын қорғауға тәрбиелеу, бірлікке, татулыққа шақыру. Адамгершілік қасиеттерді әрқашан жадында ұстауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың әдісі: Баяндау, түсіндіру, сұрақ – жауап
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд презентациялары, видео – ролик.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпты сабаққа әзірлеу. Сәлемдесу, түгендеу, класс тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың назарын сабаққа аудару; ол үшін:
Ел бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады.
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерден ел табылады.
Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ – деген сөзді кім айтып еді? - Бұқар жырау Қалқаманұлы.
- Дұрыс айтасыңдар.
- Үйге қандай тапсырма берілді?
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Үй тапсырмасын сұрау мақсатында «Зымыран сұрақтарына» жауап алу.
1) Жоғары қарап оқ атпа,
Жуық түсер қасыңа
Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа
Күндердің күні болғанда
Сол жаман айғақ болар басыңа.
2) Қазтуған жыраудың қандай жырларын білесің?
3) Жыраулар поэзиясы қай кезеңнен басталады? Оның басты өкілдері кім?
4) «Көшпенділер философы» деген сөз кім туралы айтылған? Бұл сөзді кім айтты?
5) «Айналайын Ақ жайық
Ат салмай өтер күн қайда,
Еңісі биік боз орда
Еңбекке кірер күн қайда», - деп арман айтқан қай жырау?
6) Есім ханның «қолына сүйесін; қолтығына демесін» болған кім еді?
7) Балпаң, балпаң кім баспас,
Басарға балтып шыдамас,
Батырмын деп кім айтпас,
Барарға жүрек шыдамас.
Кімнің жыры?
8) Жыраулар поэзиясынан қандай ой аңғарылады. Ерекшелігі қандай?
9) ХVIII ғасырдағы тарихи жағдай қандай болды?
10) Бұқардың өмірі мен жыраулық өмірі туралы кім сыр шертеді?
11) Бұқар аталарыңның қандай өмір туралы толғаулары бар?
12) Хронологиялық кесте
Жылдары
1) 1723 жылы,
2) 1726 жылы,
3) 1729 жылы,
4) 1741 жылы,
5) 1749 жылы,
6) 1755 жылы,
7) 1723 – 1741 жылдары
Болған оқиғалар
1. Жоңғар қалмақтары қазақ жеріне шабуыл жасады
2. Бұланты өзенінің бойында болған шайқаста қалмақтар жеңіледі
3. Балқаш көлінің оңтүстігінде қайтадан айқас болады, бұл айқаста қазақтар жеңеді
4. Қалмақтар қазақтарға шабуыл жасайды
5. Тұтқындарын босатып, әр түрлі дипломатиялық қарым – қатынаста болады
6. Жоңғар қалмақтарына шабуыл жасайды
7. Қазақтар соңғы рет қалмақтарға қатты соққы беріп, жерлерін қайтарып алады

III. Жаңа сабақ.
Әуелі мына тақтада тұрған сөзді жазып алайық. Бұл сөз бүгінгі сабағымыздың эпиграфы болады:
«Айнала алмай ат өлсін,
Айыра алмай жат өлсін,
Жат бойынан түңілсін,
Бәріңіз де бір енеден туғандай болыңыз» - Бұқар жырау.
Ел бірлігі – Бұқар толғауларының басты тақырыбы. «Тілек» өлеңі.
Бұқар жырау толғауларын үлкен төрт топқа бөлуімізге болады.
1. Өмір жайлы талғаулары.
2. Адам өмірінің кезеңдері жайлы.
3. Ел бірлігі жайлы.
4. Абылай ханға арнаған толғаулары жайлы.

IV. Сабақты бекіту.
Бұқар ел тағдырын, ел бүтіндігін, бейбіт өмірін, тәуелсіздігін өз жырына арқау еткен. Соған дәлел бүгінгі біздің өтетін Бұқардың «Тілек» өлеңі.
1. Бұқар жыраудың «Тілек» өлеңін жатқа оқып беремін.
2. «Тілек» өлеңін оқушыларға оқытамын.
3. «Тілек» өлеңіндегі он бір тілектің мағынасын аштыру.
5. Бұқар толғауларының өзектілігі неде? Топтастырып жазу.
V. Қорытындылау.
VI. Үйге тапсырма.
1. “Тілек” өлеңін жаттау.
2. “Бұқар – ел бірлігі туралы жырлаған жырау” тақырыбында шығарма жазу.
VII. Бағалау.
45 164
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абылай бейнесі
Абылай бейнесі
Абылай ханның шын аты - Әбілмансұр. Ол 1711 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. Оның атасы Абылай өз заманында Түркістанды билеп, қатігездігімен көзге түсіп, қанішер Абылай атанған.
Жыраулар поэзиясы. Бұқар жырау
Жыраулар поэзиясы. Бұқар жырау
Бұқар жыраудың өмірі мен толғаулары мағлұмат беру. ХҮ – ХҮІІІ ғ жыраулар поэзиясы туралы түсіндіру. Дәлелді пікір айтуға баулу, шешен сөйлеуге, өз ойын нақты жеткізуге дағдыландыру, тіл дамыту.
Бұқар жырау Қалқаманұлы (күнделікті сабақ жоспары)
Бұқар жырау Қалқаманұлы (күнделікті сабақ жоспары)
Бұқар жыраудың еңбектеріне тоқтала отырып, шығармаларының идеялық мазмұнынын талдау, оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып, пікірін тыңдау, қорытынды жасау
Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғау»
Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғау»
Шалкиіз Тіленшіұлының толғауларының басты тақырыптары, жырларының адамгершілік қасиеттерді насихаттауымен, ақыл - нақыл мен өсиет сөздерінің молдығымен ерекшеленетінін ұғындыру. Толғауының мазмұнын игерту. Тәрбиелік: дүниедегі жақсылық атаулыға
Тест "Жыраулық дәстүр"
Тест "Жыраулық дәстүр"
Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, №5 орта мектеп музыка мұғалімі Есмуханова Самал Жанатлековна
Сыр сүлейі - Нұртуған
Сыр сүлейі - Нұртуған
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі Музыка пәнінің мұғалімі Серібаева Баян Төлепбергенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×