Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Елордаға саяхат

12 сәуір 2016, Сейсенбі
Алматы қаласы, Әуезов ауданы,
№111 гимназияның
Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
Есимбекова Роза Серикбаевна

Сабақтың тақырыбы: Елордаға саяхат
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: оқушылармен өткен тақырыптың негізінде еліміздің бас қаласы – Астана қаласына саяхат жасау, Астананың көрнекті жерлерімен танысу. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды қайталау, грамматикалық тапсырмалар арқылы өтілген тақырыпты меңгерту.
Дамытушылық: сөздік қорын байыту, өтілген сөздерді кез - келген жағдаятта қолдана білу, ауызекі сөйлеуде тіл дамыту, сауатты, таза жазуға баулу.
Тәрбиелік: оқушыларды отансүйгіштікке, ел мен жерді қастерлеуге, туған жер мен елді сүюге, елордамыз Астана жайлы мәліметтер, отанымызды қадірлеуге, мақтан етуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: қима қағаздар, интер белсенді тақта, суреттер, слайдтар, мәтіндер.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, ойландыру, жаздыру, сөйлесу, суретпен жұмыс
Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу, сыныпты түгендеу.
Оқушылардың ойын жинақтатып, сөйлеу дағдысын қалыптастыру мақсатымен сұрақ - жауап әдісі арқылы оқушылардың ауызекі сөйлеу мүмкіндіктерін ашу.
1. Бүгін ауа райы қандай?
2. Бүгін аптаның нешінші күні?
3. Бір тәулікте неше сағат бар?
4. Бір аптада неше күн бар?
5. Қазір қай мезгіл?
6. Қазір нешінші сабақ?
7. Қазір қай сабақ?

Үй тапсырмасын тексеру. Айтылым. Өткен сабақтағы өтілген тақырыптар аясында оқушы ойын еркін жеткізулеріне мүмкіндік жасап, сұрақ - жауап әдісі арқылы жаңа сабаққа көшу.
1. Балалар, Алматы нешінші астана?
2. Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
3. Біздің мемлекеттік тілі қандай?
4. Қазақстан Республикасының алғашқы Президенті кім?
5. Елбасы күні қай күн?
6. Қазақстанның бас қаласы қай қала?
7. Ол Қазақстанның қай жерінде орналасқан?
8. Биыл Астанаға қанша жыл болады?

Жаңа сабақ: Көптік жалғаулары. Қазақ тіліндегі көптік жалғаулары
- лар, - лер, - дар, - дер, - тар, - тер.

Мына сөздерге көптік жалғауларын жалғаңдар. Жазылым.
Мысал: астана - астаналар, қала - қалалар, көше - көшелер, ғимарат – ғимараттар, даңғыл - даңғылдар. (Осы мысалдардың негізінде көптік жалғауларын оқушылардың өздері анықтайды). Ережені өздері құрастырады.

Сөздікпен жұмыс. Жаңа сөздерді пысықтай отырып, сөз тіркестері мен сөйлемдер құрау арқылы меңгерту.
Президент сарайы - Дворец Президента
Қонақүй - гостиница
Жастар сарайы - Дворец молодёжи
Мәдени – культурный
Даңғыл - проспект

Мәтінмен жұмыс. Оқылым. Берілген мәтінді жақсылап оқып шығу, сұрақтарға жауап іздеу. Қосымша сұрақтар қою.
1. Астана қайда орналасқан?
2. Астанада нелер бар?
3. Астана мемлекеттің қандай орталығы?
4. Астананың сол жақ жағалауында қандай ғимараттар бар?
5. Астанада қандай театрлар мен кинотеатрлар бар?
6. Астанада қандай ірі - ірі сауда орталықтары бар?
7. Президент мұражайы қайда орналасқан?

Грамматикалық тапсырмалар. Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар.
1. Ғимарат 3. Мұражай
2. Мемлекет 4. Даңғыл

Үлестірмелі қималармен жұмыс.
Берілген сөздердің жуан жіңішкелігін анықтау, көптік жалғаудың жалғану ережесін ескере отырып, оқушылардың жеке жұмыс жасау мүмкіндіктерін тексеру.

Суретпен жұмыс. Сабақты бекіту.
Тақырыптық суреттерді пайдалана отырып, Елордамыздың керемет жерлеріне саяхат жасау. Суреттер. Слайдтар.

Бағалау. Оқушылардың сабаққа қатысу мүмкіндіктеріне қарай бағалау.
Үйге тапсырма. Астана жайлы тақпақ жаттап келу.
5 681
0
  • 80
2 дауыс


Жаңалықтар
Астана – бас қала
Астана – бас қала
Қарапайым тілдік құрылымдар мен мәтіндер, суреттер негізінде қала туралы өз ойын толық жеткізе білуге үйрету. Септік жалғауын қайталау.
Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Сен қайдан келдің? Септіктерді қайталау.
Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Сен қайдан келдің? Септіктерді қайталау.
Астана қаласына қатысты мәтіндегі сөздерді лексикалық мағынасына сәйкес түсініп оқу, оқығанын мазмұндап айту дағдысын қалыптастыру
Туған күн
Туған күн
Тапсырмалармен жұмыс жасау. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды қайталау, грамматикалық тапсырмалар арқылы өтілген тақырыпты меңгерту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталау.
Астана қаласына саяхат
Астана қаласына саяхат
Ақмола облысы, Астана қаласы Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектептің орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Шапиева Жұлдыз Жұмашевна
Астана - бас қала
Астана - бас қала
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, «№11 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Искакова Гүлмираш Рымбаевна
Қалаға саяхат (5 сынып)
Қалаға саяхат (5 сынып)
Қарағанды қаласы, № 74 ЖББОМ орыс сыныптарына қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сембаева Асель Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×