Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Астана қаласына саяхат

Ақмола облысы, Астана қаласы
Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектептің
орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Шапиева Жұлдыз Жұмашевна

Сабақтың тақырыбы: Астана қаласына саяхат.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: оқушылармен өткен тақырыптың негізінде еліміздің бас қаласы – Астана қаласына саяхат жасау, Астананың көрнекті жерлерімен толық таныстыру. Көптік жалғауларын қайталай отырып, грамматикалық тапсырмалар беру арқылы тақырыпты меңгерту.
Дамытушылық: сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу тілін дамыту, сауатты, таза жазуға баулу.
Тәрбиелік: оқушыларды отансүйгіштікке, ел мен жерді қадірлеуге, туған жер мен елді сүюге, елордамызды қадірлеуге, мақтан етуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: қима қағаздар, суреттер, мәтіндер
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, ойландыру, жаздырту, сөйлесу, суретпен жұмыс
Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
Сынып тазалығын қадағалау.
Оқушылардың ойын жинақтатып, сөйлеу дағдысын қалыптастыру мақсатымен сұрақ - жауап әдісі арқылы оқушылардың ауызекі сөйлеу мүмкіндіктерін ашу.
1. Апта күндерін атаңдар.
2. Бүгін аптаның қай күні?
3. Жылдың қанша мезгілі бар?
4. Қазір жылдың қай мезгілі?
5. Қазір қандай ай?
6. Бүгін сабақта кім жоқ?
7. Қазір қай сабақ?

Үй тапсырмасын тексеру. Айтылым. Өткен сабақтағы тақырып аясында оқушы ойын еркін жеткізулеріне мүмкіндік жасай отырып, сұрақ - жауап әдісі арқылы жаңа сабақ аясына көшу.
1. Балалар, сендер қай мемлекетте тұрасыңдар?
2. Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай?
4. Қазақстан Республикасының алғашқы Президенті кім?
5. Елбасы күні болып қай күн тағайындалды?
6. Қазақстанның бас қаласы қай қала?
7. Астана қай жылдан бері астана болып жарияланды?
8. Биыл Астанаға қанша жыл болады?
9. Астананы басқа елдер тани ма? Неліктен деп ойлайсыңдар?

Жаңа сабақ
Көптік жалғаулары.
Мына сөздерге көптік ұғымын беріңдер.
Мысал: астана - астаналар, қала - қалалар, көше - көшелер, ғимарат - ғимараттар. (Осы мысалдардың негізінде көптік жалғауларын оқушылардың өздері анықтайды)

Қазақ тіліндегі көптік жалғаулары
- лар, - лер, - дар, - дер, - тар, - тер.

Сөздікпен жұмыс. Жаңа сөздерді пысықтай отырып, сөз тіркестері мен сөйлемдер құрау арқылы меңгерту.
Президент сарайы - Дворец Президента
қонақүй - гостиница
Жастар сарайы - Дворец молодёжи
саяси - экономикалық - политико - экономический
мәдени - культурный

Мәтінмен жұмыс. Мәтінді мұқият оқып шығу, сұрақтарға жауап беру арқылы тақырып мазмұнын ашу. Қосымша сұрақтар қоя отырып, Астанаға саяхат жасау.
1. Астана қайда орналасқан?
2. Астанада нелер бар?
3. Астана мемлекеттің қандай орталығы?
4. Астананың сол жақ жағалауында қандай ғимараттар бар?
5. Астанадағы ең үлкен мешіт қай жерде орналасқан?
6. Астананың оң жақ жағалауында өздерің білетін қандай өнер және спорт ордалары бар?
7. Астанада қандай театрлар мен кинотеатрлар бар?
8. Астана - арена қашан ашылды және қайда орналасқан?
9. Астанада қандай ірі - ірі сауда орталықтары бар? Атап айтыңдар.
10. Астана қаласындағы белгілі оқу орындарын атаңдар.
11. Президент мұражайы қайда орналасқан, ол туралы не білесіңдер?

Грамматикалық тапсырмалар.
2 - жаттығу. Қазақ тіліне аударыңдар.
Үлгі: В Казахстане много больших красивых городов. – Қазақстанда көптеген үлкен қалалар бар.

3 - жаттығу. Берілген сөздерді пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңдер.
Үлгі: Астана жаңа, әдемі, сұлу, кең қала.

Үлестірмелі қималармен жұмыс.
Көптік жалғаулары мен дауыссыз дыбыстарды негізге ала отырып, оқушылардың жеке жұмыс жасау мүмкіндіктерін тексеру.

Суретпен жұмыс.
Тақырыптық суреттерді пайдалана отырып, оқушылардың сөйлемдер мен шағын мәтін құрап жазуларына мүмкіндік жасау.
Топтастыру.
(Оқушылардың Астана тақырыбы бойынша алған білімдерінің қорытындысын анықтау.)

Бағалау. Оқушылардың сабаққа қатысу мүмкіндіктеріне қарай бағалау.
Үйге тапсырма

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 259
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Астана өлеңі Ермек Өтетілеуұлы
Астана өлеңі Ермек Өтетілеуұлы
Астана қаласы туралы түсініктерін кеңейту, Астана өлеңнің мазмұнын түсініп тыңдау үйрету.
Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Сен қайдан келдің? Септіктерді қайталау.
Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Сен қайдан келдің? Септіктерді қайталау.
Астана қаласына қатысты мәтіндегі сөздерді лексикалық мағынасына сәйкес түсініп оқу, оқығанын мазмұндап айту дағдысын қалыптастыру
Елордаға саяхат
Елордаға саяхат
Оқушылармен өткен тақырыптың негізінде еліміздің бас қаласы – Астана қаласына саяхат жасау, Астананың көрнекті жерлерімен танысу. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды қайталау, грамматикалық тапсырмалар арқылы өтілген тақырыпты меңгерту.
Астана - бас қала
Астана - бас қала
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, «№11 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Искакова Гүлмираш Рымбаевна
Астана - елдің бірлігі, Астана - жердің кіндігі
Астана - елдің бірлігі, Астана - жердің кіндігі
Джандаралова Жанар Ахметқанқызы ШҚО, Күршім ауданы, Ю. А. Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Қалаға саяхат (5 сынып)
Қалаға саяхат (5 сынып)
Қарағанды қаласы, № 74 ЖББОМ орыс сыныптарына қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сембаева Асель Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×