Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Туған күн

12 сәуір 2016, Сейсенбі
Алматы қаласы, Әуезов ауданы,
№111 гимназияның
Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
Есимбекова Роза Серикбаевна

Сабақтың тақырыбы: «Туған күн»
Сабақтың мақсаты;
Білімділік: Тақырыпты меңгерту, тапсырмалармен жұмыс жасау. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды қайталау, грамматикалық тапсырмалар арқылы өтілген тақырыпты меңгерту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталау.
Дамытушылық: Ой - өрісін, сөздік қорын дамыту. өтілген сөздерді кез - келген жағдаятта қолдана білу, ауызекі сөйлеуде тіл дамыту, сауатты, таза жазуға баулу.
Тәрбиелік: Әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу, достық, сыйластық, адалдық жайлы әңгімелер.
Сабақтың көрнекілігі: қима қағаздар, интер белсенді тақта, суреттер, слайдтар, мәтіндер.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Көрнекілігі: Суреттер, қима қағаздар.
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, ойландыру, жаздыру, сөйлесу, суретпен жұмыс
Пәнаралық байланыс: орыс тілі. бейнелеу сабағы.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Оқушылармен сәлемдесу. Түгендеу. Оқушылардың ынтасын сабаққа аудару.
1. Қазір қай мезгіл?
2. Көктемде ауа райы қандай болады?
3. Көктем айларын атаңдар?
4. Бүгін қай күн?
5. Балалар бүгін біздің сыныпта екі мереке бар. Ол қандай мерекелер?
- Жарайсыңдар, балалар! Ендеше, Асқар мен Аланның туған күні. Қанекей, құттықтайық.
- Құттықтаймыз! Құттықтаймыз! Құттықтаймыз!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Достық туралы мақал жаттау. Оқушылардан кезектестіріп мақалдарды сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Оқушылар үш топқа бөлініп отырады. Оқушыларға А4 ақ парақ пен түймедақ жапырақшаларын беремін. Олар әр тапсырманы орындап болған соң, түймедақ жапырақшаларын жапсырып отырады. Сабақ аяғында ол гүлді туған күн иелеріне сыйлайды.
1. Грамматика. Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталау.
Досыңа не сыйлайсың? Тән дыбыстар арқылы сөздер тауып, жауап беру. Мысалы: әтір, әшекей, гүл, қуыршақ, т. б.
2. Мәтінді оқып, аудару, сұрақтар құрастырып сандықшаға салу.
Үш топқа тапсырма: Әр топқа: «Мен не сыйлаймын?» - деген тапсырма беріледі. Топтағы балалар постерге сыйлықтардың әр - түрін салады. Әңгімелеп береді.

3. Сөйлемдерді аяқтап жаз.
Мен досыма сыйлық сыйлай…......
Сен досыңа сыйлық сыйлай…........
Сіз досыңызға сыйлық сыйлай........
Ол досына сыйлық сыйлай….........

4. «Өзі жайлы» әңгіме құрау. Оқушылар аты - жөнін, туған күнін, қандай сыйлық алғанды ұнатанын сұраққа жауап беру арқылы құрайды.

IV. Сабақты бекіту.
Оқушылар өздерінің құрастырған сөйлемдері арқылы құттықтауларын жеткізеді. Сөйлемдердің дұрыс құралғандығын қадағалау.
1: Алан туған күніңмен құттықтаймын!
2: Асқар, туған күніңмен!
3: Саған денсаулық тілеймін!
4: Сабақты 4 - 5 - ке оқы!
5: Достарың көп болсын!
Оқушылар өздері құрастырған тілектерін кезекпен, тақта алдына алып шығып, сабақ барысында жасаған сыйлықтарын туған күн иелеріне сыйлайды. Туған күн иелерін барлық оқушылар құттықтайды. Туған күн иесі өз ризашылығын білдіріп, рахметін айтады.

V. Үйге тапсырма. Досыңның туған күніне ашықхат жаса! Тілектер жаз!
VІ. Бағалау.
2 311
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Елордаға саяхат
Елордаға саяхат
Оқушылармен өткен тақырыптың негізінде еліміздің бас қаласы – Астана қаласына саяхат жасау, Астананың көрнекті жерлерімен танысу. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды қайталау, грамматикалық тапсырмалар арқылы өтілген тақырыпты меңгерту.
Нәтиже сабақ
Нәтиже сабақ
Модуль бойынша алған білімдерін қорытынды жасау. Оқушының ақыл - ойын, білімге ынтасын дамыту.
Астана қаласына саяхат
Астана қаласына саяхат
Ақмола облысы, Астана қаласы Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектептің орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Шапиева Жұлдыз Жұмашевна
Дауысты және дауыссыз дыбыстар
Дауысты және дауыссыз дыбыстар
Петропавл қаласы, «№ 42 орта мектеп» КММ. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аманжолова Т. Т.
Туған күн
Туған күн
Жамбыл облысы, Тараз қаласы. Ержанова Нургуль Оразбайқызы
Үй құстары
Үй құстары
Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы, №74 ЖББОМ орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Зарубаева Лилия Елеуханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×