Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Т. Әбдіков «Қонақтар»

25 сәуір 2016, Дүйсенбі
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,
№17 орта мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
Сутбаев Абубакир

Сабақтың тақырыбы: Т. Әбдіков «Қонақтар»
Сабақтың мақсаты: Т. Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесін талдау, шығарманың тақырыбын, мазмұнын аша отырып сұрақтарға жауап алу, шығарма мазмұнын баяндауға дағдыландыру.
Дамытушылық: өз пікірін анық айтып, достары пікірімен санаса білуге үйрету, шығарманы өмірмен байланыстырып ой танымын кеңейту, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Халқымыздың озық салт - дәстүрін сыйлау, адамгершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу, ата - ана алдындағы өмірлік парызын сезіндіру.
Түрі: Бекіту сабағы.
Көрнекілігі: Төлен Әбдіков портреті, топтастыру, интер тақтадан слайд көрсету.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
Амандасу. Оқушыларды топқа бөлу, топ басшысын сайлау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Слайд түрінде сұрақтар әдісі бойынша тексеру. (Әр топ номерлеген ұяшықтан сұрақтарға жауап береді).
І топ: Сұрақтары
1). Ерғабыл шал таңертең не іздеп кемпірін оятты? (шақша)
2) Аспендиярдың мамандығы қандай еді? (тракторшы)
3). Қыста отын жоқ, бар кезде ойып алайын. Кімнің сөзі? (Ерқабыл)
4). Ерқабыл шалдың жасы нешеде деп ойлайсың?(жетпіс бес)
5). «Біздің мынау да геолог боламын деп жүр». Кімнің сөзі?(Сапабек)
6). «Қызыл жолақ дастархан жайылып, майы шылқыған күре бауырсақтар төгілді. Шайды... құйды. Кім шайды құйды?» (Тома)

ІІ топ: Сұрақтары:
1). Кеше кер ноқтаның сағағын байламапсың ғой, кер құлын ағытылып кетіпті. Кімнің сөзі?(Ерқабыл)
2). Үйбай, үйбай шалды қара тұра алмай жатыр, деп күлген кім? (көрші жігіттің бірі)
3). Киіміңді қимай отырсың ба? Бөркіңді есіңде болсын өзім аламын. Кімнің сөзі? (көрші шалдың)
4). Аспендияр домбырашының әкесінің аты кім? (Дүйсенбі)
5). Ерқабылдың ауылы қай жерде орналасқан? (Қаратүбекте)
6). «Жастардың бәрі сол, Ереке. Менің әлгі кішкентайым, мені бақпаймын дейді?» Кімнің сөзі? (Абыл)

ІІІ топ: Сұрақтары:
1). Ойбай, бала келіп қалды. Біліп едім бүгін келерін. Кімнің сөзі?(кемпір)
2). Одан соң омырау, жеңдері ашық шұбар көйлек киген, шашын қидырған, толық, ажарлы келіншекті шеміркеніп маңдайынан сүйген болды. Осы кім? (Ерғабыл)
3). Кел, келе ғой. Шалдың баласысың ғой, кел. Кімнің сөзі? (көрші кемпірдің)
4). Келсейші, ей, жаман неме? Өзі қазақша біле ме? деп кімнен сұрады? (Сапабектен)

5). Ерғабыл баласы келгенде қандай мал сойды? (Семіз тоқты)
6). «Асыл тастар қаншама! Меруерт, маржан, інжу, жақұт,... не керек, бізде бәрі бар.» Көп нүктенің орнында қандай сөз қалып қойды? (гауһар)

ІY топ: Сұрақтары:
1). Ерқағабылдың әкесінің аты кім?(Бектемір)
2). Олар жастарға араласпай, өздеріне түсінікті әңгімеге ауысты. Босағада отырған... мүлде жалғыз қалды. Осы кім? (Тома)
3). Сапабек жастар жағына шабаданынан... коньяк алып құйды? Көп нүкте орнындағы сөз.(югаславиялық)
4). Домбырашыны жазушы қалай суреттеді?(Иегі шығыңқы, ірі)
5). Ей, доғаршы енді. Ана өзіміздің Аспендиярға домбыраны берші. Кімнің сөзі?(Ерғабыл)
6). Абыл қартты жазушы қалай суреттеді? (қоңқақ мұрынды)

Топ басшы сұрақтары:
1). Басым сынып өлейін деп жатырмын. Өлсең... кемпірді алып келемін. Көп нүкте орнындағы сөз?(Бағила)
2). Сол әдетімен үнсіз тұқиып, қолдарының білеуленген тамырын ұстап біреу отыр. Ескі домбыраны шұқшиып қарап қолына алмады. Бұл кім? (Ерғабыл)
3). Ерғабыл таңертең қандай жылқы іздеуге кетті?.(кербие)
4). Тағы бір қонып кетесіңдер ме, боласыңдарма біраз?(Ерғабыл)
5). Ерекең жаңа қаз тұрған балаша тәлтіректей көтеріліп,... жігітті құшағына қысты. Көп нүкте орнындағы сөз?(ат жақты, қапшағай сары )
6). Оның пайдасы шаш етектен, ақсақал. Мәселен сонау... гранитті бізден алады. Көп нүте орнындағы сөз? (Украина)

(Әр топтан топ басшысы сайланып оқушылардың сабаққа қатысын бағалап отырады. 1 балдық жүйемен бағалайды)
Дәптермен жұмыс:
І топ: Ата - ана туралы мақал - мәтелдер жазу.
ІІ топ: Ерекеңе ой - толғаныстарына, сөздеріне сүйене отырып, мінездеме бер.
ІІІ топ: Сапабекке сөздеріне сүйене отырып, мінездеме бер.
ІҮ. Шығармашылық тапсырма: «Мен Сапабектің орнында болсам». Өз ойын айту.

Ү. Сабақты қорытындылау: Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, бүгінгі күні Тома сияқты ата - анасына немқұрайлы қарайтын, бірге болғысы келмейтін келіндер, Жеңіс сияқты ана тілін білмейтін немерелер, Сапабек сықылды туған ата - анасына келуге уақыты жоқ, қыдырудан қолы тимейтін, ата - ананы ұмытқан адамдар бар ма? Сондықтан бұл шығарма өмірлік туынды екен.
«Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді» демекші, бізді өмірге әкелген ата - аналарымызды сыйлап, аялауымыз керек. Қазақ халқында «Жақсы бала есіктегі басыңды төрге шығарады, жаман бала төрдегі басыңды есікке шығарады», «Ата - анаңды сыйласаң көп жасарсың, сыйламасаң жан қиярсың» деген мақалдары еріксіз еске түседі.
Сондықтан мына аз ғана ғұмырымызда бір - бірімізге кешірімді болып, ата - ана алдындағы өзіміздің перзенттік парызымызды ұмытпай жүрейік!

ҮІ. Оқушыларды бағалау:
Әр топтағы топ басшылары топтағы оқушыларды бағалайды.
ҮІІ. Үйге тапсырма: «Егер мен осы қонақтың орнында болсам...» пікір жазып келу.
13 015
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесі
Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесі
Қазақтың белгілі жазушысы әрі қоғам қайраткері Төлен Әбдіковтың «Қонақтар» әңгімесі бойынша алған білімдерін бекіту, прозалық шығарманы талдауға дағдыландыру;
Төлен Әбдіков «Қонақтар»
Төлен Әбдіков «Қонақтар»
Төлен Әбдік (04. 09. 1942 ж., “Еңбек” ауылы, Жангелдин ауданы, Қостанай облысы) — жазушы, драматург, қоғам қайраткері. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1965)
Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі «Көп күттірген қонақтар»
Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі «Көп күттірген қонақтар»
Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі «Көп күттірген қонақтар». Әдеби жанр түрлеріне даму барысында жаңашылдығына заманауи тұрғыдан баға беру
Қ.Жұмаділов «Қозыкүрең»
Қ.Жұмаділов «Қозыкүрең»
Қ. Жұмаділовтің «Қозыкүрең» әңгімесін оқып келгенін тексеру, шығарманың тақырыбын, мазмұнын ашып, сұрақтарға жауап алу, шығарма мазмұнын айтып беруге дағдыландыру.
Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесі
Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесі
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті №105 орта мектептің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Байбукенова Қарашаш
Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі
Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №163 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Бабаджанова Ақжарқын Өсербайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×