Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қабдеш Жұмаділов. Қаздар қайтып барады

09 қараша 2016, Сәрсенбі
БИОАҚПАРАТТАНУ ЖӘНЕ СИНЕРГЕТИКА ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША

АУЫЗША - 1 САБАҒЫ
Тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»
8 - сынып
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мәтін мазмұнын өздіктерімен жете түсіне білуге жетелеу, логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын, ақпараттық құзыреттілігін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі мотивация
1. Карта бойынша жұмыс жасау ретін түсіндіру. 63% анықтау, жазу ( бала санына байланысты анықталады)
2. Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз беру.
3. ООМ ( орынға отырғызу матрица) бойынша жұмыс
А В С Д Е F

II. Үй тапсырмасы: тексерілмейді
III. Жаңа сабақ:
2. Кілтті сөздерді тақтаға жазу, мағынасын түсіндіру.
Тірек сөздер: Тарбағатай сілемдері, тағдыр, Күргейтас, қоржын, аманат, кәсіп.
1. Есте сақтау 7 сөз – 30 сек.
2. Тірек сөздер жабылады. ( Оқушылар тақтадағы барлық сөздерді естерінде сақтауы тиіс)
3. Дәптерге есте сақтаулары бойынша жазу, сөздердің ретін сақтамай жазуларына болады ( уақыт есте сақтау уақытына тең 30 сек), уақыт аяқталғанда қаламды қою.
4. Көршісімен дәптер ауыстыру. (Тексеру, санау, дәптерді қайтып беру)
5. Нормаға сай есте қалған сөздерді айтқан оқушыға
ООМ ұяшығына алғашқы плюс белгісі қойылады.
6. Оқулықпен жұмыс: Мәтінді түсініп оқу, сұраққа жауап алынатыны ескертіледі.
Мәтінді оқып шығу үшін уақыт беріледі. (8 - сынып үшін мәтіннің бір парағына 4 мин)
7. Қарама - қарсы сұрақтар қою: ООМ ұяшығына екінші плюс белгісі қойылады.

1. Оқиға қай мезгілде болды? (күз мезгілі)
2. Басынан бұлт кетпейтін шың? (Етікші шыңы)
3. Қарт нені талшық қып келе жатты? (бір уыс малта)
4. Өзенге түсе беріс алаңқайда нені көрді? (адамның қу басын)
5. Қарт Алладан неше күндік ғұмыр сұрады? (2 күндік)
6. Сөмкені неден жасады? (ешкінің терісінен)
7. Малта неден жасалады? (сүттен)
8. Қарт қайда бет алды? (туған жеріне)
9. Қарт малтаны неге құйып алды? (торсыққа)
10. Осы сапарға неше жыл дайындалды? (40 жыл)
11. Қарт немересін қалай бақты? (арқасына көтеріп жүріп)
12. Немересі мектепке барғанда не істеді? (той жасады)
13. Қартты осындай қиын шешімге жетелеген қандай күш? (туған жеріне деген сағыныш)
14. Түс кезінде қартқа не кездесті? (көкжал қасқыр)
15. Қарт қандай жерді паналады? (құз жартасты)
16. Қандай әрекет жасады? (бірнеше үлкен тасты қасына әкеп алды)
17. Өзеннің ағысы қандай? ( өте қатты)
18. Өзен қалай ағып жатты? (долдана ағып жатты)
19. Таулы өлкеде күн қалай батады? (ерте)
20. Төлеутай кім? (немересі)
21. Туыстары қалай қайтыс болды? (қалың сүзектен)
22. Қарт немен айналысты?( аңшылықпен)
23. Түздегі қарттың ермегі? (қара мылтық)
24. Үйдегі ермегі? (қара домбыра, немересі)
25. Қарттың бойындағы ең асыл қасиет? (шыдамдылық)
26. Неге қатты өкінуші еді? (немересін сақтай алмағанына)
27. Қарттың соңғы арманы? (туған жерге жету)
28. Немересі қалай өсті? (зерек болып)

8. Сын тұрғысынан сұрау «Иә» немесе «жоқ» және толық жауап алу
ООМ ұяшығына үшінші плюс белгісі қойылады.
1. Оқиға жаз мезгілінде болды? (жоқ, күз)
2. Бұл Алтай сілемдерінің тұсы (жоқ, Тарбағатай)
3. Қарт Ұсташы асуының биігіне көтерілді. (жоқ, Етікші)
4. Қалың жынысты қойнауға жеткенде күн жылынайын деді. (иә, келісемін)
5. Қарт сусынын шыны ыдысқа құйып алды. ( жоқ, торсыққа)
6. Құйып алып шыққан шайы екі күн бұрын таусылған (жоқ, айраны)
7. Малта сүттен жасалады. (иә, келісемін)
8. Қарт шаршамай, тез - тез жүріп келеді. ( жоқ, тізесі дірілдеп, зорға жүріп келеді)
9. Қарт осы сапарға 40 жыл дайындалды (иә)
10. Түс кезінде бұған бір ит кездесті.(жоқ, қасқыр)
11. Қасқырды көрген соң қарт құз жартасты паналады. (иә)
12. Шөл маңайда жатқан тастарды жинап алды. (иә)
13. Көкжал шалды аңдып жатып алды. (иә)
14. Қарт көкжалға келідей тасты домалатып жіберді.( иә)
15. Өзенге түсе беріс алаңқайда отырып ол қойдың қу басын көрді. (жоқ, адамның басын)
16. Таулы өлкеде күн ерте батады. (иә)
17. Төлеутай қарттың баласы.( жоқ, немересі)
18. Шалдың туыстары жол апатынан қаза болды(жоқ, сүзектен)
19. Қарт егіншілікпен айналысты (жоқ, аңшылықпен)
20. Қарттың үйдегі ермегі домбырасы мен немересі болды. ( иә)
21. Немересі мектепке барғанда той жасады.( иә)
22. Қаздар мекеніне қайтады. (иә)
23. Қарт Қытай жаққа жол тартып барады. (жоқ, туған еліне)
24. Немересіне сөмке сатып әперді (жоқ, ешкінің терісінен тігіп берді)
25. Қарттың алдынан малшы ауылдар кездесті( жоқ, көшіп кеткен)
26. Өзен ағысы қартты ағызып әкетті (жоқ, тастан ұстап қалды.)
27. Қарттың бойындағы ерекше қасиет – шыдамдылық(иә)
28. Қашан үйреніскенінше мектепке немересін өзі апарып жүрді.(иә)
9. Құтқару сұрағы. Екілік баға алған оқушыға сұрақ қою арқылы үштік бағаға тарту. (Егер үш минусы болса)
10. «Қасиетті туған жер» деген тақырыпқа эссе жаз. (ТСҚ тексеріледі. Эссе немесе шығарма түрінде жазуға болады. Сөз қысқартылмаған түрде, түсінікті етіп жазылады.)
• 5 минут уақыт беріледі.
• 63 сөз есепке алынады.
ООМ ұяшығына төртінші плюс белгісі қойылады.
11. Журналға баға қою; 4 белгі – «5», 3 белгі – «4», 2 белгі -«3», 1 белгі –«2»

12. Үй тапсырмасы: 3 белгіден кем алған оқушыларға үй тапсырмасы беріледі. Мәтінді оқу, мазмұндау.
13. Үйге тапсырма: Қабдеш Жұмаділов туралы толық мәлімет жинап келу, атамекенге қашан оралғаны туралы мәлімет қарау.

Астана қаласы,
№ 70 мектеп - лицейдің мұғалімі
Бағдат Қаражигитова
4 091
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Адасқан бала
Адасқан бала
Қабдеш Жұмаділовтің «Адасқан бала» әңгімесін оқи отырып, жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйеніп, әңгіменің түйінді ойын ашуға жағдай жасау; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»
Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»
Жазушы Қабдеш Жұмаділовтің "Қаздар қайтып барады", "Сарыжайлау", "Шарайна", "Сәйгүліктер" тәрізді әңгіме, хикаят жинақтары, "Көкейкесті", "Бақыт жолында", "Атамекен", "Соңғы көш" романдары жарық көрді. Жазушы "Тағдыр" романы үшін мемлекеттік
Қабдеш Жұмаділов. Қаздар қайтып барады
Қабдеш Жұмаділов. Қаздар қайтып барады
Астана қаласы, №56 мектеп - лицейі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі Какарманова Райгүл Ғалымқызы
Қабдеш Жұмаділов “Қаздар қайтып барады”
Қабдеш Жұмаділов “Қаздар қайтып барады”
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қоңқабаева Гүлсім Қаратайқызы
Топырақ
Топырақ
Жезқазған қаласындағы №10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Әбіш Жансая Нөпірбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×