Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шароль Перро «Бармақтай Бала»

06 наурыз 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Әдебиеттік оқу 2 - сынып
Ауызша сабақ - 1
Сабақтың тақырыбы: Шароль Перро «Бармақтай Бала»
Сабақтың мақсаты: оқушыларды мәтін мазмұнын өздігімен оқып, терең түсіне білуге жетелеу; логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын, ақпараттық құзыреттілігін дамыту; пәнді сапалы меңгеруге қызығушылығын арттыру және ынталандыру, адамгершілікке тәрбиелеу.
Типі: жаңа білімді меңгерту
Технологиясы: Биоақпараттану және Синергетика

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: мотивация
1. Карта бойынша жұмыс жасау ретін түсіндіру. 63% анықтау, жазу
( бала санына байланысты анықталады)
2. Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз беру.
3. ООМ (орынға отырғызу матрицасы) бойынша жұмыс

ІІ. Үй тапсырмасы: Үй жұмысы тексерілмейді - бұл жаңа тақырып. Өткен тақырып аяқталған, сондықтан талдауды талап етпейді.

ІІІ. Жаңа сабақ:
1. Кілтті сөздерді тақтаға жазу, мағынасын түсіндіру.
Тірек сөздер:
1. отын
2. дәулет
3. қарақшы
4. шолан
5. саңылау
6. сиқыр
7. бауыр
2. Есте сақтау 7сөз - 30 сек.
3. Тірек сөздер жабылады.(Оқушылар тақтадағы барлық сөздерді естерінде сақтауы тиіс)
4. Дәптерге есте сақтаулары бойынша жазу, сөздердің ретін сақтамай жазуларына болады (уақыт есте сақтау уақытына тең 30 сек), уақыт аяқталғанда қаламды қою.
5. Көршісімен дәптер ауыстыру.(Тексеру, санау, дәптерді қайтып беру)
6. Нормаға сай есте қалған сөздерді айтқан оқушыға
ООМ ұяшығына алғашқы плюс белгісі қойылады.
7. Оқулықпен жұмыс: Мәтінді түсініп оқу керектігі, сұраққа жауап алынатыны ескертіледі. Мәтінді оқып шығу үшін уақыт беріледі (2 - сынып үшін мәтіннің бір парағына 5мин)
8. Қарама - қарсы сұрақ қою:
ООМ ұяшығына екінші плюс белгісі қойылады.
1. Ертеде орманда кімдер өмір сүріпті? Отын кесуші әйелімен
2. Олардың неше ұлы болыпты? Төрт
3. Үш ұлының және төртінші ұлының бойы қандай болып өсіпті? Үш ұлының бойы бойшаң, сұңғақ болып, ал төртінші ұлының бой кішкентай болған
4. Сондықтан төртінші ұлын кім деп атаған? Бармақтай бала деп
5. Осы отбасының тұрмыс - тіршілігі қандай болыпты? Нашар, дәулетсіз
6. Жоқшылықтың кесірінен балалары қайда және не үшін барады? Орманға жидек, саңырауқұлақ жинауға
7. Бірде әдеттегідей кімдер орманға келеді? Ағайындылар
8. Ағайындылар деген кімдер? Сол отбасының балалары
9. Орман ішінде оларға кім кездеседі? Қатыгез қарақшы Дәу
10. Қатыгез Дәу гүрілдеп балаларға не дейді? «Әп, бәлем, ұсталдыңдар ма?! Маған сендердің әке - шешелерің құн төлесін, әйтпесе, мен сендерді шоланда қамап ұстаймын»,- дейді Дәу
11. Балалар не деп жалынды? «Біздің ата - анамыз – кедей адамдар. Олардың құн төлейтін шамасы жоқ»,- деп жалынады балалар.
12. Қатыгез Дәу балаларды қайда қамап қояды? Жер астындағы бөлмеге
13. Балаларды қамап қойып, Дәудің өзі қайда кетеді? Дәу той тойлауға кетеді
14. Осы кезде бармақтай Бала не істейді? Өте кішкентайлығының арқасында есіктің саңылаунан өтіп, Дәу тойлап жатқан бөлмеге барады.
15. Дәу той тойлаған бөлмеде не істепті? Тамаққа тойып, үстел басында ұйықтап қалыпты.

Астана қаласы
№ 70 мектеп - лицейдің
бастауыш сынып мұғалімі
Солтанбекова Алтын Алпысбаевна
Шароль Перро «Бармақтай Бала» жүктеу
Шароль Перро Бармақтай Бала слайд жүктеу
1 821
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көшер кезде
Көшер кезде
Оқушының сабаққа қызығушылығын арттыру арқылы өз бетімен оқу, жұмыс жасау дағдылануына мүмкіндік беру. Жан-жануарларға қамқорлықпен қарауға баулу.
Бармақтай бала (ертегі) Шарль Перро
Бармақтай бала (ертегі) Шарль Перро
Оқушыларды қиялдау, армандау арқылы жақсы ойларға жетелеу. Кейіпкерлер мен оқиғаны өмірдегі жағдайлармен салыстыра отырып, оқыған, көргендерін еске түсіруге мүмкіндік беру.
Қабдеш Жұмаділов. Қаздар қайтып барады
Қабдеш Жұмаділов. Қаздар қайтып барады
Оқушыларды мәтін мазмұнын өздіктерімен жете түсіне білуге жетелеу, логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын, ақпараттық құзыреттілігін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.
Ажалдан құтқарған асыл сөз
Ажалдан құтқарған асыл сөз
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, Абай атындағы №4 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Шәкәрім Құдайбердіұлы Бір кесе меруерт
Шәкәрім Құдайбердіұлы Бір кесе меруерт
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Топырақ
Топырақ
Жезқазған қаласындағы №10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Әбіш Жансая Нөпірбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×