Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Біздің қала

16 желтоқсан 2012, Жексенбі
ЩҚО облысы, Өскемен қаласы
№ 32 орта мектеп
Амербекова А.Б.
қазақ тілі мұғалімі

Саяхат сабағы: «Біздің қала»

Сабақтың мақсаты: Граматикалық тақырыптар бойынша алған білімдерін тексеру және жан - жақты жетілдіру.
Сұрақ – жауап арқылы оқушылардың тілдерін дамыту.
Оқушылардың таным дүниесін кеңейту.
Жас ұрпақты Отанды сүюге, қазақ елінің рәміздерін
қастерлеуге, туған жеріне, қалаға сүйіспеншілігін
арттыруға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдары: мемлекеттік рәміздер, қабырға газеті: Өскемен қаласы,
сабақтың аты: Біздің қала, Қош келдіңіздер!, эпиграф,
кесте.
Сабақтың типі: саяхат
Сабақтың әдіс- тәсілдері: сұрақ- жауап, іздендіру, әңгімелесу, мәтінмен
жұмыс

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі
Құрметті мұғалімдер, оқушылар!
Біздің ашық сабағымызға қош келдіңіздер! Тәуелсіздік күніне арналған сабағымызды бастаймыз.
Туған жер - алтын бесігім
Тербеттің мені төсінде
Жүреді сенің есімің
Ер жеткен кезде есімде.
( «Туған жер» әнінен)
Бұл біздің сабағымыздың ең басты мақсаты. Сабағымыз саяхат түрінде өтеді.
Біз автобуспен қаланы аралаймыз, бірнеше аялдамаға тоқталамыз.
1 Аялдама Ауызекі сөйлеу
Тыңдаңыздар, сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Сендер қай Республикада тұрасыңдар?
2. Қазақстан Республикасы қандай ел?
3. Қазақстан Республикасының елбасы кім?
4. Қазақстан Республикасының рәміздерін атаңдар.
5. Әнұранның сөзін, әнін кімдер жазған?
6. Елтаңбада не бейнеленген?
7. Туда не бейнеленген?
Егемен еліміз бен тәуелсіз жас мемлекетіміздің рәміздерін білу, олар бейнелеп тұрған ойды терең түсіну - біздің азаматтық парызымыз.
8. Қазақстанның қандай белгілі адамдарын білесіңдер?
9. Қазақстанның астанасы қай қала?
10. Қазақстанда қандай қалалар бар?
11. Сендер қай облыста тұрасыңдар?
12. Сендер қай қалада тұрасыңдар?
13. 30 тамыз қандай мереке?
14. 16 желтоқсан қандай мереке?
2 Аялдама Тапсырманы орындау
Мәтінмен жұмыс: Қазақстан
Мәтінді оқу, сұрақтарға жауап беру.
3 Аялдама Ойлан, тап!
Қазақтар көршісімен тату тұрған. Көрші - көрші дестің бе, ыстық бауырсақ жестің бе? – деп бауырсақ болса да бөлісіп жеткен екен. Қазір біз де өзімізге
жақсы көрші тауып алу үшін « Көрші – көрші» ойынын бастап жіберейік.
Жұппен жұмыс. Сөйлемдерді құрастыру ( 7 сөйлем оқушылар құрастырады).
Сөздер кәртішкелерге жазылған.
Өскемен
Біз Өскемен қаласында тұрамыз. Өскемен – Шығыс Қазақстан облысының
орталығы. Өскемен қаласы 1720 жылы салынған. Қалада көптеген мектептер, медицина мекемелері, кітапханалар, мәдениет сарайы, 3 мұражайы, университеттер бар. Қаланың кең, әдемі көшелері, даңғылы көп. Ол Абай даңғылы, Мұхтар Әуезов даңғылы, Пролетар, Орджоникидзе көшелері. Біздің қала әсем.
Қала көшелерінің тарихы.
1 оқушы Карл Либкнехт көшесі.
Троицкая көшесі қаладағы ең көне көше. Көше Ертіс өзенінен бастап, Үлбі өзенінен бітеді. Бұл көшеге Өскемен қаласының ең бай адамдары үйлерін салған. 1920 жылы бұл көшеге К. Либкнехт аты берілді.
2 оқушы Мир көшесі
Андреев көшесі Ертіс өзенінен басталып, базар аланын қиып өтеді. 1886 жылы бұл көшеде ерлердің бастауыш екі қабатты училищесі салынған. Қазір бұл көше Мир көшесі. Бұл жасыл желекке бөленген тыныш көше.
3 оқушы Киров көшесі
1935 жылға дейін бұл көше Үлкен көше деп аталған. Сол кезде ол үлкен,
түзу, шулы көшелердің бірі болды. Бұл жерде бірінші рет қалада тастақ және ағаш тротуарлар салынған, халықтық мерекелер, жаңа жыл өткізілген. Қазір
бұл көше – Киров көшесі.
4 оқушы Ушанов көшесі
19 ғасырдың екінші жартысында Никльский көшесі пайда болды. Бұл жерде жоғары мәртебелі адамдар тұрған. Бұл көшенің ең көріктісі Приходской училищесінің ғимараты, 1897 жылы салынған. 1930 жылдан 1958 жылға дейін бұл ғимаратта мұғалімдер училищесі болған. Қазір бұл көше- Ушанов көшесі.
4 Аялдама Аудармашы
Мәтінді орыс тіліне аудару
Қала
Біз үлкен қалада тұрамыз. Қаланың кең, әдемі көшелері, даңғылы көп. Біздің қалада қонақ үйлер, кітапханалар, тоғыз қабатты үйлер бар. Қалада мұражайлар, театр, мәдениет сарайы бар.Біздің қала әсем.

Сабақты қорытындылау
Ал, балалар! Саяхатымыз өте жақсы өтті. Білімдеріңді жақсы көрсете алдыңдар.
Үйге тапсырма
1.Отан туралы мақал - мәтелдер жаттап келу (5)
2.Мәтін: Біздің қала (7 сөйлем жазу)
3.Сөз жұмбақ құрастыру: Өскемен.
15 625
0
  • 20
2 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ еліне саяхат ойыны
Қазақ еліне саяхат ойыны
Оқушылардың қазақ еліне саяхат жасау арқылы қазақ елі, өнері, қалалары туралы ой - өрісін кеңейту
Елімнің еркіндігі - тәуелсіздік
Елімнің еркіндігі - тәуелсіздік
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Сайын Шапағатов елді мекені, №1 мектеп - лицей жанындағы "Балдәурен" шағын орталығы тәрбиешісі: Төребаева Гүлзада Тұрлыбайқызы
Мен қазақша сөйлеймін
Мен қазақша сөйлеймін
Өскемен қаласы, "№26 орта мектебі" КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Рахимова Арайлым Сабикановна
Менің қалам
Менің қалам
Өскемен қаласы, «№ 2 мектеп - гимназия – балабақша кешені» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Назгүл Мухаметчанова
«Туған жерім – Қазақстан»
«Туған жерім – Қазақстан»
«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» КММ Мектепалды даярлық тобы Тәрбиеші: Естекова Ж.С
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×