Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Біз қазақ тілін үйренеміз

24 тамыз 2012, Жұма
ШҚО облысы, Өскемен қаласы
№ 32 орта мектеп қазақ тілі мұғалімі
Амербекова А.Б.

Сайыс сабағы: Біз қазақ тілін үйренеміз
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тіл байлығын арттыру.
Топ алдында еркін сөйлеуге, дауыс ырғағын дұрыс сақтауға, өлеңді дұрыс оқуға, яғни шешендікке тәрбиелеу.
Тіл, Отан туралы көркем сөз, толғаулар арқылы елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Пәнге ынтасын, қызығушылығын арттыруға ықпал ету.
Көрнекі құралдары: Сабақтың аты: Біз қазақ тілін үйренеміз, Қош келдіңіз!
кәртішкелер 9 әріп, кесте.
Сабақтың типі: сайыс
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, іздендіру, әңгімелесу, мәтінмен жұмыс

Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Құрметті мұғалімдер, оқушылар!
Біздің сайыс сабағымызға қош келдіңіз! Республикамыздың мемлекеттік тілі - қазақ тілі құрметіне арналған «біз қазақ тілін үйренеміз» сайыс сабағын бастаймыз.
Оқушылар ортаға шағады.
1) Қазақ тілі - Атаң, анаң
Қуат алар Отан да одан.
Дүниеде ешбір асыл
Тең келмейді қатар оған.

2) Қазақ тілі жол ашты,
Халықты танып - білуге.
Достарды жаңа танытты
Қол созатын білімге.

3) Мектеп - біздің анамыз,
Білім, тәлім аламыз.

4) Терген білім жемісін
Біздер жас ұлыңбыз.

5) Керек болса ел үшін,
Ел қорғауға барамыз.

6) Асыға күткен бәріміз
Келді сайыс күніміз.
Ортаға сайысқа қатысатын «Азамат», «Ұлан» тобын шақырамыз.

1 Тапсырма «Танысу»
Әр топ өзін таныстырады.
1 топ: Топтың аты - Азамат
Отан біздің анамыз,
Әлпештеген өсірген.
Өмір нәрін аламыз
Оның жұпар төсінен
Біз Отанға адамбыз
Біз Отанды сүйеміз
Жеңіскер боп өсеміз
Азамат боп өсеміз.
2 топ: Топтың аты - Ұлан.
Аға сыйлар ұланбыз
Қуанамыз бұған біз
Кішілерге қамқормыз
Еліміздің тағдырын
Осы бастан ойлаймыз
Ер жетеміз жол көріп,
Біз осындай ұланбыз.

2 Тапсырма «Мені танисың ба?»
Сіздерге қай әріп түссе, сол әріп кездесетін сөз айтасыңдар ( 9 әріп)
Ұлан тобы бастайды 6 оқушы
Азамат тобы жалғастырады 6 оқушы
Үзіліс:
Оқушылардың әзілдері
1. Оқушы және мұғалім.
Оқушы: Апай маған қоятын «екілікті» Дүйсен ағама қойыңызшы!
Мұғалім: Неге?
Оқушы: өйткені бұл есепті сол шығарған еді.
2. Мұғалім және оқушы.
Мұғалім: Үшті үшке қосқанда не болады?
Оқушы: екі үш болады.
3. Мұғалім және оқушы.
Мұғалім: Кеше сабаққа неге келмедің?
Оқушы: басым ауырды.
Мұғалім: Ал бүгін неге кешігіп келдің?
Оқушы: тағы да басым ауыратын шығар деп тостым.

3 Тапсырма «Қос тіл қос қанатым»
Бір оқушы орыс тілінде сөз айтады. Екіншісі аудармасын айтады.
Әрбір топтан бір оқушыдан шығады.
Азамат тобынан бастаймыз.
4 Тапсырма «Кел, танысайық»
Әрбір топтан бір оқушыдан шығады.
Ұлан тобынан бастаймыз.

5 Тапсырма «Қазақ тілім - айбыным»
Тіл, отан туралы көркем сөз немесе толғаулар.
Азамат тобы бастайды.

Сабақты қорытындылау
Төрешілер алқасы сайыстың қорытындысын шығарады.
9 994
0
  • 20
2 дауыс


Жаңалықтар
Ананың тілі – аяулы үні
Ананың тілі – аяулы үні
қазақ тілін құрметтеуге, оны шұбарламай таза сөйлеуге тәрбиелеу. Оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру.
Келер шақ
Келер шақ
Оқушының сөйлеу тілін дамыту, өз ойын еркін, жатық жеткізе білуге одан әрі дағдыландыру, өз бетімен іздене білуге, ой қорытуға үйрету.
Мақал сөздің мәйегі
Мақал сөздің мәйегі
Ана тілінің маңызы мен қоғамдағы орны туралы жас ұрпақтың ана тілінің қадір қасиетін түсіне білуін, сүйе білуін арттыру. Балаларды туған тілін сүюге, оны қорғауға және қамқорлық жасауға тәрбиелеу
Мен қазақша сөйлеймін
Мен қазақша сөйлеймін
Өскемен қаласы, "№26 орта мектебі" КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Рахимова Арайлым Сабикановна
Қазақ тілі сабағы бойынша 2 - сыныпқа арналған дидактикалық тапсырмалар жинағы
Қазақ тілі сабағы бойынша 2 - сыныпқа арналған дидактикалық тапсырмалар жинағы
Н. Островский атындағы Аманқарағай орта мектебі» ММ Дайындаған: Жұмабекова Қуаныш Бақытжанқызы
Үштілділік - заман талабы
Үштілділік - заман талабы
Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз ауданы, Ақтоғай станциясы «Ақтоғай жалпы білім беретін орта мектеп» КММ Кітапхана меңгерушісі: Садыкова Гүлбаршын Әбділқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×