Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстанның табиғи қорлары

10 наурыз 2017, Жұма
Қазақстанның табиғи қорлары
Сабақтың мақсаттары:
1) Білімділік: Қазақстанның экологиясы аясы бойынша жаңа тақырыпты меңгерту, мәтінді әңгімелеу, сұрақтарға жауап беруге баулу.
2) Дамытушылық: Грамматикалық тапсырмаларды дұрыс, сауатты орындау, сөздік қорын байыту, тәуелдене септеуді қайталап, морфологиялық және синтаксистік талдау жүргізіп, білімдерін тиянақтау - ҰБТ - ға дайындық ретінде.
3) Тәрбиелік: пәнге деген қызығушылықты арттыру, табиғатты аялап күтуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, география пәні.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: түсіндіру, талдау, сұрақ - жауап, сұхбаттасу, тест тапсырмалары.
Қолданылатын көрнекіліктер: оқулық, кестелер, презентациялар

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:- Амандасу, түгендеу, кезекшімен сұхбат жүргізу
1. Сәлемдесу.-
3. Сұхбат.- - Қазір қандай сабақ?
- Қазақ тілі қандай сабақ?
- Қазақ тілі нешінші сабақ?
- Қазір қандай жыл мезгілі?
- Қазір қандай ай?
- Осы жыл мезгілінің ауа райы өзгерістері қандай?
- Өткен сабақта қандай тақырыпты талдадық?
- Табиғат деген не?
- Табиғат жойылса не болады?
- Өз сөздеріңмен, өз ойларыңды айтыңдар, Табиғатты қалай таза сақтауымыз керек? Табиғат – қоршаған орта. Қоршаған ортадағы - су, ауа, жел, пайдалы қазбалар, күн энергиясы, өсімдіктер, жануарлар – табиғи қорлар.

II. Үй жұмысын тексеру:
«Табиғатты таза сақтайық»- мәтіннің мазмұнын айту.
«Ыстық орындық» әдісі арқылы бір оқушы орындыққа отырады басқа оқушылар мәтін бойынша сұрақ қояды.

ІІІ. Жаңа тақырып.
1. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
- Қор деген сөзді орыс тілінен аударсақ – ресурс.
Еліміздің қорларына байланысты 3 - 4 сөйлем құрастырыңдаршы.(бірнеше оқушы оқып шығады)
Жаңа сөздерді меңгеру,: қайталату, сөз тіркестер, сөйлемдер құрастырғызу, сөздікке жазу.
Қор - ресурс
Шоғырланған - сконцентрированы
Кен - руда, месторождение, ископаемое
Қуат - энергия
Тапшы - дифицитно
Есебімен - за счет
Қоңыр көмір - бурый уголь
Кен - руда
Дерлік - почти
Батыс - запад
Жүгері - кукруза
Қойнауы - почва
Климаттық қорлар - климатические ресурсы
Мұқтаж - нуждающихся
Өне бойы - в течение
2. Жаңа тақырыпқа байланысты тапсырмалар:
Сыныпты сандар арқылы үш топқа бөліп, берілген тапсырмаларды орындайды.
1 - ТОП: Қазақстанның табиғи қорлары.
1 - тапсырма оқып шығып, постер құрайды тақтаға шығып айтып береді.
2 - тапсырма: Берілген мәтін бойынша диалог құрастырып, өзара тілдесіңдер.
3 - тапсырма: ҰБТ - ға дайындық ретінде – пайдаланылатын - сөзіне морфологиялық талдау жасау.
4 - тапсырма. Күн жылы болғандықтан, біз серуенге шықтық. Сөйлемнің түрін анықтаңдар, талдаңдар.

2 - ТОП: Отын - энергетикалық және минералды қорлар
1-тапсырма: Оқып шығып, кластер құрып ортаға шығып қорғайды.
2 - тапсырма: Берілген мәтін бойынша диалог құрастырып, өзара тілдесіңдер.
3 - тапсырма: ҰБТ - ға дайындық ретінде – Оның негізгі қорлары Алтайда, Сарыарқада, Оңтүстік Қазақстанда шоғырланған.- берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасау.
4 - тапсырма. Жауын жауып кетсе, үйде отырамын. Сөйлемнің түрін анықтаңдар, талдаңдар.

3 - ТОП:- Климаттық және су қорлары
1 - тапсырма: Оқып шығып, кластер құру.
2 - тапсырма: Берілген мәтін бойынша диалог құрастырып, өзара тілдесіңдер.
3 - тапсырма: ҰБТ - ға дайындық ретінде – КҮН СӘУЛЕСІ берілген сөзді септеу (тәуелдене септеу)
4 - тапсырма. Табиғат жойылса, тіршілік те жойылады. Сөйлемнің түрін анықтаңдар, талдаңдар.

Енді экранға назар аударамыз.
Көрсетілген фильмнен өз ойларын ортаға салады.

3. Үй тапсырмасы: - 90 бет «Су қорлары»- оқу, аудару, мазмұндау. 91бет, 1 - тапсырма.

5. Бағалау: Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мақтап, түсіндіре отырып, барлығын бағалау, әр топ бір - бірімен келісіп, бір - бірін бағалайды.

6. Сабақтың қорытындысы: Бүгін сабақта қандай тақырыппен таныстық?
- Есте қалған сөздерді қайталап шығайық
- Еліміздің қорлары туралы не білдік, өз сөздеріңмен түсінгедеріңді айтып беріңдерші.

Қазақстанның табиғи қорлары.
Табиғат – қоршаған орта. Қоршаған ортадағы - су, ауа, жел, пайдалы қазбалар, күн энергиясы, өсімдіктер, жануарлар – табиғи қорлар. Табиғи қорлар - табиғи ортаның, қоғамның материалдық және рухани мұқтажын қамтамасыз ету үшін, өндірісте пайдаланылатын бөлігі. Табиғи қорларды тиімді пайдалану және адамзатты өне бойын табиғи қормен қамтамасыз ету өте күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан табиғи қорларды сарқылтпау үшін қалпына келмейтін табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға, шикізаттың, отынның, энергияның жаңа көздерін іздеуге барлық күш жұмылдыруда. Жалпы Қазақстанда кездесетін табиғи қорларды мынадай топтарға бөлуге болады:
1) Отын - энергетикалық қорлар
2) Минералдық қорлар
3) Климаттық қорлар
4) Су қорлары
5) Топырақ – өсімдік қорлары
6) Жануарлар дүниесінің қорлары

Осыған байланысты табиғи қорларды қорғаудың бүгінгі таңда дүниежүзілік маңызы бар проблемаға айналуы заңды мәселе. Табиғи қорларға зиянды әсер тигізетін литосфера, гидросфера, атмосфераның ластануымен ойдағыдай күресу көптеген елдермен бірлесе отырып, бұл күрделі мәселені шешуді талап етеді.
14 624
0
  • 40
1 дауыс


Жаңалықтар
Елордаға саяхат
Елордаға саяхат
Оқушылармен өткен тақырыптың негізінде еліміздің бас қаласы – Астана қаласына саяхат жасау, Астананың көрнекті жерлерімен танысу. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды қайталау, грамматикалық тапсырмалар арқылы өтілген тақырыпты меңгерту.
Қазақстанның астанасы
Қазақстанның астанасы
Оқушыларға коммуникативтік бағытта берілген тапсырмаларды меңгерту, бір - бірімен қарым-қатынас дағдысы мен білігін қалыптастыру.
Жаз
Жаз
ШҚО, Риддер қаласы. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ергасымова Акмарал Турсынгалиевна
Көктемде. Етістікті қайталау
Көктемде. Етістікті қайталау
Ақтөбе қаласындағы №3 орта мектебінің (орыс тілде оқытылатын) қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Құлжанова Шарапат Мұхамбет-Рашидқызы
Қазақстанның экономикалық географиялық жағдайы және табиғи ресурстық әлуеті
Қазақстанның экономикалық географиялық жағдайы және табиғи ресурстық әлуеті
Байқоңыр қаласы, № 8 Ю.А. Гагарин атындағы мектептің География пән мұғалімі Қарлыбаев Октябрь Өзбекбайұлы
Қыс
Қыс
Ақтөбе қаласы, № 53 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Изтлеуова Айнур Жаксыбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×