Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ тілінен диктанттар жинағы

06 қазан 2017, Жұма
Қазақ тілінен диктанттар жинағы
Қазақ тілі. Сабақтың тақырыбы: Диктант «Қажымұқан»
Сабақтың мақсаты: Сауаттылықтарын тексеру, жазу дағдыларының қалыптасуын қадағалау; Есте сақтау қабілеттерін арттыру; сауатты, әдемі жазуға баулу.
Сабақтың әдісі: баяндау, жаздыру.
Пайдаланылған әдебиет: Қазақ тілінен жазба жұмыстар С. Ч. Тұрсынғалиева «Арман - ПВ» баспасы 2008ж
Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, жазба жұмысына дайындық, оның ерекшелігімен, мақсатымен, шартымен таныстыру.
ІІ. А) Мәтінді 2 рет оқу.
Ә) Қиын сөздерді тақтаға жазу
Б) 3 рет оқи бастағанда оқушылар жаза бастайды.
Қажымұқан
Қажымұқан жас кезінен күшті болған. Бала кезінде жалшылықта жүрген. Оның күшіне ел таң қалады екен.
Қыстың қақаған шағында бала жігіт отынға барыпты. Шанаға жеккен аты қарға омбылап, мұзға тайғанақтап, мертігіп қалыпты. Мертіккен атты шанаға көтеріп салыпты да, аттың қамытын мойнына іліп, шананы ауылға өзі сүйреп келіпті. Содан бастап оның атағы елге жайылыпты.
Атақты палуан Франция, Германия, Қытай, Түркия, Польша елдеріне барып, өнер көрсеткен.
Қажымұқан өмірінің соңғы жылдарын Шымкент облысында өткізді. Осы күнгі Бөген ауданы оның қартайған кездегі құтты мекені болды. Қайда жүрсе де елдің құрметіне бөленген адам әрқашан бақытты.
85сөз
ІІІ. Жазба жұмысын оқушылардың өздері тексеруі.
Ү. Жазба жұмыстарын жинап алу.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Өткенді қайталау

Қазақ тілінен диктанттар жинағы жүктеу
8 169
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Диктант. Қыс туралы.
Диктант. Қыс туралы.
оқушылардың дыбысты есту қабілеттерін тексеру, дұрыс жаза білуге баулу; ә) оқушыларды сөздерді сауатты әрі әдемі жазуға үйрету; білімдерін тексеру;
Диктанттар жинағы. 5 - 11 - сыныптарға арналған
Диктанттар жинағы. 5 - 11 - сыныптарға арналған
Бұл құрал оқыту орыс тілінде жүретін мектептердің қазақ тілі пәні мұғалімдеріне арналған. Ол 5 - 11 сынып оқушыларына арналған диктанттар жинағы ретінде құрастырылған. Қазақ тілі бойынша қорытынды жазба жұмыстарын жүргізуге арналған.
Қазақ тілі бойынша 6 сыныптың сабақ жоспары
Қазақ тілі бойынша 6 сыныптың сабақ жоспары
Сауаттылықтарын тексеру, жазу дағдыларының қалыптасуын қадағалау; Есте сақтау қабілеттерін арттыру; сауатты, әдемі жазуға баулу. Сабақтың әдісі: баяндау, жаздыру.
Диктант «Ағайындылар»
Диктант «Ағайындылар»
Сауаттылықтарын тексеру, жазу дағдыларының қалыптасуын қадағалау; Есте сақтау қабілеттерін арттыру; сауатты, әдемі жазуға баулу.
Диктант «Көктем»
Диктант «Көктем»
Сауаттылықтарын тексеру, жазу дағдыларының қалыптасуын қадағалау; Есте сақтау қабілеттерін арттыру; сауатты, әдемі жазуға баулу. Сабақтың әдісі: баяндау, жаздыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×