Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тіл дамыту. Ұлттық тағам түрлері

12 желтоқсан 2017, Сейсенбі
Қазақ тілі 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: оқушыларға қазақ халқының ұлттық тағам түрлері жөнінде мағлұмат беру.
2. Дамытушылық: оқушылардың қазақ тілінде сөйлеу, жазу дағдыларын қалыптастыру. Зат есімнің септіктерін, етістіктің шақтарын қайталау.
3. Тәрбиелік: Қазақ халқының дастарқанын, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, СТО - ның элементтері, топтау, суретпен жұмыс, әңгімелеу, ойын.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, ұлттық тағамдардың суреттері,”Қазақтың дарқан дастарқаны”атты кітап, сызбалар, кеспе қағаздар.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру сәті.
Сәлемдесу (оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру):
Диалог”Кезекші”.

II. Үй тапсырмасын тексеру (4 - тапсырма. Жұмбақтарды жатқа сұрау)

III. Негізгі бөлім.
Мұғалім сөзі:- Кешегі сабақта не туралы айттық? Нан тағамдары туралы.
- Қандай нан тағамдарын білеміз?
- Қандай мерекелерде осындай тағамдар дайындаймыз?
- Наурызды қалай қарсы аламыз?
Оқушы:- Ұлттық киімдерді киеміз, мерекелік шаралар болады, әр түрлі тағамдар дайындалады.
Мұғалім: - Ал осы тағамдарды бір сөзбен қалай айтуға болады?
Ұлттық тағамдар немесе қазақ халқының ұлттық тағамдары.
1). Жаңа тақырыппен жұмыс.
Фонетикалық сәт.
(Дәптерді ашып, бүгінгі күнді жазамыз)
Біздің бүгінгі тақырыбымыз: Ұлттық тағамдар
Мұғалім:- Тақырыбымыздағы қазақ тіліне тән дыбыстарды атаңдар(ауызша).
Ұ - дауысты, жуан, қысаң, еріндік.
Қ - дауыссыз, қатаң.
Ғ - дауыссыз, ұяң
(Оқушылар талдауды дәптерлеріне жазып алады. )

ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР
Сүттен жасалатын тағамдар
1. Сүт
2. Қымыз
3. Шұбат
4. Ірімшік
5. Уыз
6. Май
7. Балқаймақ

Еттен жасалатын тағамдар
1. Қазақша ет
2. Шұжық
3. Қуырдақ
4. Қазы, қарта
5. Сүр ет
6. Бүрме
7. Кеспе

Ұннан жасалатын тағамдар
1. Нан
2. Шелпек
3. Таба нан
4. Күлше
5. Бауырсақ
6. Құймақ

3) Жаңа сөздермен жұмыс. Сөздік тақтада және дәптерлерге жазылады.
Құймақ - оладьи - не?
Суытпай - не охлаждая - қалай?
Жұмсақ - мягкий - қандай?
Қарттар - пожилые - кімдер?
Сұйық - полужидкое - қандай?
Пайдалы - полезен - қандай?
(Сөздерге сұрақтар қойылады. Сөз құрамына және сөз таптарына талданады. Сөздердің синонимін, антонимін табуға әрекеттенеді.)
4) Мәтінмен жұмыс(мәтінді оқушы оқып шығады, түсінбеген сөздер орысшаға аударылады, тапсырмаларды орындаймыз). Әр қатардан бір - бірден оқушы шығып, тақтада орындайды.

Тапсырмалар:
1 - қатарға
1. Зат есімдерді теріп жазу.
2. «Құймақ», «сүт»деген зат есімді септеу.
3. «Пісіру» деген етістікті өткен шақта жіктеу.
2 - қатарға
1. Сын есімдерді теріп жазу.
2. «Ұн», «тіл» деген зат есімді септеу.
3. «Жасау» деген етістікті осы шақта жіктеу.
1, 2 - қатарға
1. Мәтіннен етістіктерді теріп жазу.
2. «Қант», «дәм» зат есімдерді септеу.
3. «Болу» деген етістікті келер шақта жіктеу.

IV. Жаттығулар жұмысы. 4 - тапсырмамен жұмыс. Ойын ойнау. «Менің әртістік қабілетім»
Берілген мәтінді рөлдерге бөліп оқиды. Мәтінге ат қойылады. Қай топтың ойлаған аты ұнаса, сол ат дәптерге жазып алынады.

V. Қорытынды.
Мұғалім сөзі:
Бүгінгі сабағымызды 5 - тапсырмада берілген мақал - мәтелдердің мағынасын түсіну және олардың мағынасын ашу арқылы аяқтаймыз. Әр қатардан бір оқушыдан мақалдар кезек оқылады. Мағынасы түсіндіріледі.
1. Ауруға ем, сауға қуат - дәрі қымыз.
2. Нан бар жерде жа бар.
3. Дәнді шашпа, нанды баспа.
4. Жерде жатқан бидай дәнін көрсең, түйенің үстінен еңкей де, теріп ал.
- Тағы қандай тағам туралы мақал - мәтелдер білесіздер?

VI. Үйге тапсырма: «Наурызкөже» мәтінін түсініп оқу. Мақал - мәтелдерді жаттау. Оқушыларды бағалау.
2 250
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұлттық ойындар
Ұлттық ойындар
Оқушылардың сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеуге, сөйлем құрастыруға, тән дыбыстарды дұрыс айтуға, өзара сұхбаттасу дағдыларын дамыту
Қазақтың ұлттық тағамдары
Қазақтың ұлттық тағамдары
Технология пәні мұғалімі Жанар Бекбаева
Ұлттық тағамдар. Сөйлем мүшелері
Ұлттық тағамдар. Сөйлем мүшелері
СҚО, Тайынша ауданы, Тайынша қаласының №2 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рамазанова Сырға Қайырбекқызы
Қазақтың ұлттық тағамдары
Қазақтың ұлттық тағамдары
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Б. Атыханұлы атындағы № 36 гимназияның технология пәні мұғалімі: Бакелекова Динара Болатханқызы
Ұлыттық тағамдар
Ұлыттық тағамдар
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, №1 Г. Орджоникидзе атындағы мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ергебекова Гүлшария Өмірзаққызы
Қазақтың ұлттық тағамдары
Қазақтың ұлттық тағамдары
Жітіқара қаласы, №12 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ерсарина Ләззат Евсейқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×