Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақтың ұлттық тағамдары

04 сәуір 2012, Сәрсенбі
Сабақтың мақсаты:
Ұлттық тағамдар туралы тереңірек мағлұматтар беру, «ой-қозғау» тәсілдері арқылы оқушылардың танымдылықтарын, өз бетімен әрекеттену дағдысын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру сабақтың негізгі мақсаттарын құрайды.

Көрнекілігі: сызбалар, тағамдар, суреттер
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) амандасу;
2) кезекшінің есебі;
3) сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ. Қазақтың дастарқаны.
Қазақ халқы үшін дастарқаннан, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Сондықтан тамақ ішуге шақырғанда тамақты көп күттіруге болмайды.
Қазақтың ұлттық дастарқанында болатын негізгі тамақтардың түрлері:
1) ет тағамдары;
2) сүт тағамдары;
3) нан тағамдары.
Ең негізгі ұлттық тамақ – қазақша ет.
Ет тағамдары: еттен жасалған – даярланған тағамдар:
1) қуырдақ;
2) қазы;
3) шұжық;
4) жая.
Нан тағамдары:
Бауырсақ;
жалпақ нан;
таба нан;
самса;
бәліш.
Сүт тағамдары:
қымыз;
шұбат;
айран;
құрт;
ірімшік;
сарымай;
қаймақ;
сүзбе.

ІІІ. Жаңа сөздер:
Қонақ – гость
Бесбармақ – мясо по-казахски
Қуырдақ – обжаренное мясо
Бата – благословение
Қымыз – кобылье молоко
Шұбат – верблюжье молоко
Әзірлеу - приготовить
Тамақ – пища, еда
Құрметтеу – уважать.
(Сөздерді мұғалім оқып, аударады, балалар қайталайды).
ІV. Жаңа сөздермен сөйлем құру.
Мысалы: Қонақ келді.
Анам бесбармақ пісірді.
Әкем қымыз, шұбат әкелді.
Қонақ бата берді.
V.Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс
а) мәтінді мазмұндау;
б) өлеңдер оқу.
Қымыз
Қымыз – бие сүті ғой.
Ұнаса, тағы іше ғой.
Қымыздан көп пайда бар.
Нағыз қымыз тауда бар.
Қымыз – сусын тамаша,
Бойымызға тараса.
Сүт
Ыстық-ыстық сүт ішсең,
Дәмі кетпес таңдайдан.
Бой жадырап кенеттен,
Буы шығар маңдайдан.
(Ө. Тұрманжанов).

VІІ. Мақал жазу, жаттау.

VІІІ.Венн диаграммасын толтыру.

Қазақ халқының тағамы................Ортақ тағам..................Орыс халқының тағамы
Қуырдақ..........................................нан...........................котлет
Қымыз.............................................ет..............................борщ
Шұбат..............................................қуырады...................квас
Ірімшік............................................пісіреді......................кисель
Құрт.................................................қайнатады................кисель
Көже................................................ботқа

ІХ. Үй тапсырмасы:
«Қазақтың дастарқаны » - мәтінді оқу, мазмұндау.
Х. Бағалау.
37 061
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұлттық тағамдар. Сөз тіркестері
Ұлттық тағамдар. Сөз тіркестері
Қазақтың ұлттық тағамдары тақырыбы бойынша алған білімдерін тексеру, оқушылардың тілін дамыту, тыңдай білуді және оймен бөлісуді үйрету, грамматиканы қайталау.
Тіл дамыту. Ұлттық тағам түрлері
Тіл дамыту. Ұлттық тағам түрлері
Қазақ халқының ұлттық тағам түрлері жөнінде мағлұмат беру. Оқушылардың қазақ тілінде сөйлеу, жазу дағдыларын қалыптастыру. Зат есімнің септіктерін, етістіктің шақтарын қайталау. Қазақ халқының дастарқанын, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге баулу.
Мазмұндама «Қазақтың ұлттық тағамдары»
Мазмұндама «Қазақтың ұлттық тағамдары»
Қазақ халқының тағамдары туралы білімдерін бақылау, білім деңгейін тексеру; Жазбаша көркем тілін дамыту, теориялық білімдерін практикалық жұмыстарда қолдануға, ойлау еңбегіне, өз беттерімен ойларын жүйелі түрде жеткізуге, қорытынды жасай білуге
Сүт тағамдары
Сүт тағамдары
«КММ №26 орта мектеп» Тогузова Динара Даулетканкызы
Қазақтың ұлттық тағамдары
Қазақтың ұлттық тағамдары
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Б. Атыханұлы атындағы № 36 гимназияның технология пәні мұғалімі: Бакелекова Динара Болатханқызы
Қазақтың дастарқаны. Есімше
Қазақтың дастарқаны. Есімше
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Курмангожина Айнур Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×