Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің атым Қожа

19 қаңтар 2018, Жұма
Қазақ тілі 5 сынып
Сабақ тақырыбы: Менің атым Қожа
Бөлім: Адамның сырт келбеті және мінез
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау (Т\А1)
Оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу (О6)
Сабақтың мақсаттары: Оқушылардың барлығы орындай алады:
Ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжайды, мәтін мазмұнын түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Болжауда тірек сөздерді қолданады. Автордың ойын жетекші сұрақтар арқылы толық аша алады. Мәтін мазмұнын түсінеді және нақты ақпаратты табады.
Оқушылардың кейбіреуі орындай алады:
Болжауына дәлел келтіреді, түсіндіреді. Мәтін мазмұнын толық түсінеді, нақты ақпаратты өмірмен байланыстырып, өз пікірін білдіреді.
Тілдік мақсат: Оқушылар орындай алады:
Өз пікірін білдіруде нақты ақпаратты өмірмен байланыстыра алады.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Армиядан келу - әскери міндетті өтеп келу, орден - жоғары марапат, нөпір - көп, майдан - соғыс, ұстара - шаш алатын, сақал, мұрт алатын арнайы өткір пышақ, тікенек - кейбір өсімдік жапырағының шетіне шығатын майда тікен.
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Қожаның қиял - арманы
Талқылауға арналған сұрақтар:
*Үзіндіден Қожаның қандай өзіндік әлемі байқалады?
*Қожа қандай себеппен атақты, танымал тұлғаға айналғысы келеді?
*Ол батыр болуды армандағанда алдына қандай мақсат қойды?
*Қожа болашақта өз мінезін, әрекетін қаншалықты өзгерте алды
Құндылықтарды игерту: Достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, ән
Бағалау критерийі: Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжайды.
Мәтіннің жалпы мазмұнын түсінеді және нақты ақпаратты таба алады.
Сабақтың басы
1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.
2. «Туған ел» әнін тыңдай жүріп оқушылар берілген суреттерді құрастырады және сол сурет қиындылары арқылы топқа бөлінеді.
Ой шақыру кезеңі.(Оқушылардың назарын сабаққа аудару.) Суреттерге қарап отырып, сабақтың тақырыбын болжайды.
Жетекші сұрақтар:
- Берілген суреттер бізге таныс па?
- Тыңдалған әен қандай әуен еді?
- Бұл әуен қай кинофильмге пайдаланылған?
- Суреттердің, әуеннің бүгінгі сабағымызға байланысы қандай деп ойлайсыңдар?

Сабақтың ортасы
Сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттарымен, күтілетін нәтижелермен таныстырылады.
Оқылымалды тапсырмасы:
Қожаға қандай мінездеме беруге болады?
Қожа қандай бала?
Қожа нені армандады?
Қожаның қиялы қаншалықты ұшқыр?
(сұрақтар төңірегінде жауап беру)
Оқылымкезі тапсырмасы
Ж. Ж\Ж. Т\Ж.
«Ойлан. Жұптас. Талқыла» әдісі
Үш топқа мәтін беріледі.
1 - топ: «4 қандай» әдісі

Тапсырма
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз және менталды картаға түсіріңіз.
Берілген үзіндіден Қожаның қандай әлемі байқалады?
Қожа қандай себеппен атақты, танымал тұлғаға айналғысы келді?
Ол батыр болуды армандағанда алдына қандай мақсат қойды?

Атырау облысы, Махамбет ауданы,
Е. Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебі
Мұғалім: Рамазанова Ш. Б.

Менің атым Қожа. жүктеу
9 562
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көбейту
Көбейту
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 2. 1. 2. 1. Көбейтуді бірдей қосылғыштардың қосындысын табу, бөлуді нысандарды мазмұнына қарай жəне тең бөліктерге бөлу ретінде түсіну.
Сусыз өмір жоқ
Сусыз өмір жоқ
Барлық оқушылар орындай алады: Тірек сөздерді түсінеді, тақырыпты болжайды. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжайды, сұраққа түсініп жауап береді.
Уақыт алтыннан қымбат
Уақыт алтыннан қымбат
Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану.
Жаны саудың – тәні сау
Жаны саудың – тәні сау
Бөлім: Денсаулық – зор байлық Сабақ тақырыбы: Жаны саудың – тәні сау
Қазақтың қадірлі қызы
Қазақтың қадірлі қызы
Мәтіндегі негізгі ойды түсінеді, қосымша ақпаратты анықтай алады, мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап бере алады, мәтін құрылымын сақтайды, құрылымына сәйкес жоспар құрай алады.
Жұмыс әлемі. «Дәрігер - жақсы мамандық»
Жұмыс әлемі. «Дәрігер - жақсы мамандық»
Мәнмәтіндерден (мақала, сұхбат, аудиовизуалды материал) үзінді тыңдайды, терминдердің мағынасын түсінеді, негізгі ақпаратты анықтайды.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×