Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Уақыт алтыннан қымбат

26 қаңтар 2018, Жұма
Категориясы: Кембридж тәсілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бос уақыт және хобби
Қазақ тілі 5 сынып
Сабақ тақырыбы: Уақыт алтыннан қымбат
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу
мақсаттары: 5. О6. Оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу.
5. ӘТН4. 1. Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар орындай алады:
Мәтін тақырыбын болжайды. Мәтін мазмұнынан тірек сөздер арқылы негізгі ойды анықтай алады. Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолданады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Мәтіннің жалпы мазмұнын түсінеді, нақты ақпараттарды табады. Мәтінге сұрақтар қояды. Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолданады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Мәтіндегі ақпаратты бүгінгі өмірмен байланыстырып айта алады. Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерге және күрделі сөздерге шағын мәтін құрастыра алады.
Бағалау критерийлері:

1. Оқылым стратегияларын қолданып, жалпы мазмұнын түсіну үшін оқиды, нақты ақпаратты табу үшін оқиды.
2. Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолданады.
Тілдік мақсат

Пәнге тән лексика мен терминология: уақыт, жаз, күз, қыс,, сағат, мезгіл, түбір сөз, жұрнақ, туынды сөз, күрделі сөз
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: бірінші сынып, қалың қар, шөп салу, алтындай қымбат уақыт, бағалай білу.
Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Уақыт дегеніміз не?
2. Уақытты тиімді пайдалану дегеніміз не?
3. Бос уақытты қалай пайдалану керек?
Құндылықтарды дарыту: Отансүйгіштік, елге, жерге құрмет, ұлтжандылық
Пәнаралық байланыстар: Музыка, бейнелеу өнері, дене шынықтыру, көркем еңбек.
АКТ қолдану дағдылары: Презентация, сілтемелер
Бастапқы білім: Балалық шақ

Сабақтың басы (10мин)
Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу
2. Түгелдеу
Ынтымақтастық атмосферасын құру
Қасындағы құрбысына ауада сыйлық жасайды.
Жаңа жылдық отшашу сыйлау.
Топқа біріктіру
1 - топ: «Ғасыр»
2 - топ: «Дәуір»
3 - топ: «Жыл»
Үй тапсырмасы:
«Қазіргі заман және балаларға жасалған мүмкіндіктер» тақырыбына жазып келген эсселерін әр оқушы өз көршісіне беріп, оқып танысады;
- критерийге сәйкестігін анықтап, үздік эссені сыныпқа оқуға ұсынады.
Дескриптор:
- эссе құрылымын сақтайды;
- тақырып мазмұнын аша біледі;
- эссе көлемін сақтайды;
Қ. Б. Оқушылар бірін - бірі бағалайды. Мұғалім үздіктерді анықтап, жұлдызша арқылы бағалайды.

Сабақтың ортасы (20 мин).
Жаңа сабақ: «Миға шабуыл»
Оқылым алды тапсырма
« Уақытты тиімді пайдалану» тақырыбында шағын видео ролик көрсету.
Сұрақтар арқылы бүгінгі тақырыбымызды ашу
1. 1. Абай атамыздың өз - өзіңе есеп бер деген ойын қалай түсінесің?
2. Уақытты тиімді пайдалану үшін не істеу керек?
3. Күн тәртібін қалай жоспарлауға болады?

№1 - тапсырма. “Ойлан, жұптас, талқыла”
Мәтінді толық оқып шығу
1 - топ: Мәтінге ат қойып, мазмұнын айтыңдар.
2 - топ: Мәтіндегі тірек сөздерді анықтаңдар. Сөздіктерді пайдаланып, сөйлем құраңдар
3 - топ: «Алтындай қымбат уақытты бағалай білуді үйрендім» деген сөйлемнің мәнін түсіндіріңдер. Мәтіндегі нақты ақпараттарды анықтаңдар

Дескриптор:

1. Мәтінге ат қойып, мазмұнын айта алады.
2. Мәтіндегі тірек сөздерді анықтай алады. Сөздіктермен жұмыс жүргізіп, сөйлем құрай алады.
3.«Алтындай қымбат уақытты бағалай білуді үйрендім» деген сөздің мәнін түсіндіре алады. Мәтіндегі нақты ақпаратты табады
Қ. Б.”Бас бармақ” әдісі арқылы бағалау
Кері байланыс “Алақан, үш саусақ, жұдырық”

№2 - тапсырма. (Жеке жұмыс.)
* 1 - топ: Мәтіндегі түбір сөздерді тауып, екі сөйлем құраңдар.
* 2 - топ: Мәтіндегі жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді тауып, екі сөйлем құраңдар
* 3 - топ: Мәтіндегі күрделі сөздерді тауып, екі сөйлем құраңдар
* Дескриптор:
* Мәтіндегі түбір сөздерді тауып, сөйлем құрай алады
* Мәтіндегі жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді тауып, сөйлем құрай алады, ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдана алады.
* Мәтіндегі күрделі сөздерді тауып, сөйлем құрай алады, ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдана алады.
* Қ. Б. Смайлик арқылы бағалау

№3тапсырмаТоптық жұмыс
1 - топ:. “Қос диаграмма” әдісі бойынша Елбасының балалық шағы туралы жазады
2 - топ: Өз балалық шақтары туралы жазады
. Ұқсастық пен айырмашылық бар ма?

3 - топ: «Уақытты тиімді пайдалану» деген тақырыпта жұп болып диалог құрастырыңдар.
− Уақытты тиімді өткізу деген не?
− Сабаққа дайындалуға қанша уақыт кетеді?
− Бос уақытыңда немен айналысқанды жақсы көресің?
− Көңіліңнің қалауы кітап па, ғаламтор ма?
− Компьютерді шамадан тыс пайдаланасың ба?
− Спорттың қай түрін ұнатасың?
Қ. Б.
* Табыс критерийі: 1 2 3 1
* 1 - топ: Елбасының балалық шағы туралы жаза алды
* 2 - топ: өз балалық шақтары туралы жаза алды
* 3 - топ: “Уақытты тиімді пайдалану” тақырыбында диалог құрастыра алды.

Мектеп: С. Рахымов атындағы жалпы орта мектебі
Мұғалімнің аты - жөні: Жусупова Назима Карабаевна

Уақыт алтыннан қымбат. жүктеу
Уақыт алтыннан қымбат слайдын. жүктеу
8 660
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түбір сөз және туынды сөз
Түбір сөз және туынды сөз
бір түбірден әр түрлі жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөздердің түбірлес сөздер деп аталатынын түсіндіру.
Жұрнақ пен жалғау
Жұрнақ пен жалғау
Қосымша жұрнақ, жалғау болып екіге бөлінеді. Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейді. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейді.
Әлеуметтік желіні пайдаланамын
Әлеуметтік желіні пайдаланамын
Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ түрлерін тілдесім барысында қолдана алады.
Менің атым Қожа
Менің атым Қожа
Сабақ тақырыбы: Менің атым Қожа Бөлім: Адамның сырт келбеті және мінез
Жаны саудың – тәні сау
Жаны саудың – тәні сау
Бөлім: Денсаулық – зор байлық Сабақ тақырыбы: Жаны саудың – тәні сау
Қазақтың қадірлі қызы
Қазақтың қадірлі қызы
Мәтіндегі негізгі ойды түсінеді, қосымша ақпаратты анықтай алады, мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап бере алады, мәтін құрылымын сақтайды, құрылымына сәйкес жоспар құрай алады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×