Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаны саудың – тәні сау

19 қаңтар 2018, Жұма
Бөлім: Денсаулық – зор байлық
Сабақ тақырыбы: Жаны саудың – тәні сау
Қазақ тілі 7 сынып
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау (Т\А1)
Оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу (О6)
Сабақтың мақсаттары: Оқушылардың барлығы орындай алады:
Ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжайды, мәтін мазмұнын түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Болжауда тірек сөздерді қолданады. Автордың ойын жетекші сұрақтар арқылы толық аша алады. Мәтін мазмұнын түсінеді және нақты ақпаратты табады.
Оқушылардың кейбіреуі орындай алады:
Болжауына дәлел келтіреді, түсіндіреді. Мәтін мазмұнын толық түсінеді, нақты ақпаратты өмірмен байланыстырып, өз пікірін білдіреді.
Тілдік мақсат: Оқушылар орындай алады:
Өз пікірін білдіруде нақты ақпаратты өмірмен байланыстыра алады.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Денсаулыққа әсер ететін факторлар, Денсаулық – рухани байлық.
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
Бас бармақ – басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?
Балаң үйрек – бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым?
Ортан терек – ойлану. Мен бүгін қандай білім алдым?
Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?
Кішкентай бөбек – көңіл - күй ахуалы. Мен өзімді сабақта қалай сезіндім?
Талқылауға арналған сұрақтар:
Денсаулыққа қандай факторлар әсер етеді?
Денсаулық – рухани байлық дегенді қалай түсінесің?
Неліктен денсаулықты адамның өз қолында деп айтамыз?
Экологияның денсаулыққа әсері бар ма?
Айтылған ойлардан қандай қорытынды шығаруға болады?
Айтылған ойларға қалай қарайсың?
Құндылықтарды игерту: Салауатты өмір салтын дәріптеу, адамгершілікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, биология.
Бағалау критерийі: Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжайды.
Мәтіннің жалпы мазмұнын түсінеді және нақты ақпаратты таба алады.

Сабақтың басы
1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.
2. Түстер арқылы топқа бөлінеді.
Ой шақыру кезеңі.(Оқушылардың назарын сабаққа аудару.) Суреттерге қарап отырып, сабақтың тақырыбын болжайды.
Оқылымалды тапсырма:
Жетекші сұрақтар:
- Берілген суреттер, бейнежазба бізге таныс па?
- Бейнежазба не туралы?
- Осы суреттердің барлығының қатысы бар қандай атау бар ма?
- Осы суреттердің барлығы немен байланысты?
- Көрсетілген бейнежазба мен суреттердің бүгінгі сабаққа байланысы қандай?

Сабақтың ортасы
Сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттарымен, күтілетін нәтижелермен таныстырылады.
Оқылым тапсырмасы:
(әр түске түстеріне байланысты қалпақтарды ұсыну)
Әр қалпақтың атқаратын қызметін түсіндіру.

Атырау облысы, Махамбет ауданы,
Е. Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебі
Мұғалімі: Рамазанова Ш. Б.

Жаны саудың – тәні сау. жүктеу
5 321
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сусыз өмір жоқ
Сусыз өмір жоқ
Барлық оқушылар орындай алады: Тірек сөздерді түсінеді, тақырыпты болжайды. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжайды, сұраққа түсініп жауап береді.
Уақыт алтыннан қымбат
Уақыт алтыннан қымбат
Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану.
Менің атым Қожа
Менің атым Қожа
Сабақ тақырыбы: Менің атым Қожа Бөлім: Адамның сырт келбеті және мінез
Қазақтың қадірлі қызы
Қазақтың қадірлі қызы
Мәтіндегі негізгі ойды түсінеді, қосымша ақпаратты анықтай алады, мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап бере алады, мәтін құрылымын сақтайды, құрылымына сәйкес жоспар құрай алады.
А. Сейдімбек «Бақ, Дәулет және Аман» ертегісі
А. Сейдімбек «Бақ, Дәулет және Аман» ертегісі
Мәтіннің тақырыбын негізге ала отырып, оқиғаның дамуын болжайды. Мәтін мазмұнын түсінеді. Оқушылардың көбі мынаны орындай алады: Мәтінді шынайы өмірмен байланыстыра алады.
Жұмыс әлемі. «Дәрігер - жақсы мамандық»
Жұмыс әлемі. «Дәрігер - жақсы мамандық»
Мәнмәтіндерден (мақала, сұхбат, аудиовизуалды материал) үзінді тыңдайды, терминдердің мағынасын түсінеді, негізгі ақпаратты анықтайды.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×