Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Батырмен кездесу

09 қараша 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
БҚО, Тасқала ауданы, Мерей ауылы
Жалпы білім беретін Шипов орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Муканова Салима Ханатовна

Сабақтың тақырыбы: Батырмен кездесу
Сабақтың мақсаты:
- Оқушылардың заттың атын білдіретін сөздер туралы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік жасау, мәтінді түсініп оқуға төселдіру.
- Қазақ халқының Отан қорғаған қаһарман ұлдарының бірі, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының өмір жолдары, ерлік күресі, халқының болашағы үшін жасаған еңбегін таныстыру;
- Оқушылардың танымын, мақтаныш сезімдерін, ой - өрісін дамыту;
- Жас ұрпақты өз Отанын сүюге, тілін, ар - намысын қорғауға, адалдыққа, елінің, жерінің патриоты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
Қайырлы таң деп айтамыз
Түсте бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтсін күніміз.
Бір, екі, үш
Сынып іші тып - тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.

Сабақтың ережесі:
1. Тыныштық сақтау
2. Бір - бірін тыңдау.
3. Ойын ашық, анық айту.
4. Сұрақты оқып отырып, үй жұмысына жауап беру.

Үй тапсырмасын сұрау
1. «Адам болам десеңіз» өлеңін жатқа сұрау.
2. Абай атамыз қандай нәрседен аулақ бол дейді?
3. «Бес асыл іс» дегенді қалай түсінесің?
4. Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады? Мысал келтір.

Ой қозғау
Соғыс – адамзат өмірінің ұлы трагедиясы. Соғыс – адам жанын қинайтын ең ауыр, ең ащы азап. Осы соғысқа Кеңес Одағының миллиондаған адамы қатысты. Солардың ішінде қазақ халқының арасында аты аңызға айналған, батыр атамыз Бауыржан Момышұлы да болды.
- Қазақтың тағы қандай батырларын білеміз?
Бүгінгі біздің «Батырмен кездесу» атты сабағымыз Жеңістің 70 жылдығына және аты аңызға айналған халық батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 105 жыл толуына арналады.
- Бауыржан Момышұлы туралы не білеміз?

Мағынаны тану
Оқулықпен жұмыс
• 193 - жаттығу. Мәтінді түсініп, мәнерлеп оқу.
• Әңгіменің авторы туралы мәлімет.
Әңгіменің авторы Әміртай Бөриев 1946 жылы 16 қарашада Жамбыл облысы, Жуалы ауданында, Қызтоған ауылында туған.
Қазір « Қазақфильм» компаниясының аударма фильмдер бірлестігінің бас редакторы. « Доңыз деген не?» мультфильмнің сценарийі үшін екінші жүлдеге ие болды.
• Мәтінді мәнерлеп оқу.
• Оқушылардың оқуы.
• Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар:
1. Бауыржан кімнің үйіне келді?
2. Қарақұл ата ұлына неліктен батырдың атын қойған?

Сергіту минуты. «Қызыл өрік»
Дәптермен жұмыс.
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Түп - түзу боп отырып,
Әдемі етіп жазайық.
Сәуірдің оны
Сынып жұмысы
Көркем жазу
Отаның үшін отқа түс – күймейсің.

Сөздік жұмысы:
Бурка – жұқа киізден жасалған желбегей сырт киім.
194 - жаттығу. Сөздерді оқы. Алдымен кім? Сұрағына жауап беретін сөздерді, содан соң не? Сұрағына жауап беретін сөздерді көшіріп жазу.(Тақтаға орындау)

Шығармашылық тапсырма
195 - жаттығу. Жаңбыр тамшыларында, бұлттарда жазылған сөздерді тиісті көлшікке түсір.
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой.
... мөңіреді
... кісінеді
... маңырады
... үрді
... қарқылда

Сабақты қорытындылау
1. Бауыржан Момышұлы туралы не білесіңдер?
2. Бауыржан кімнің үйіне келді?
3. Қарақұл ата ұлына неліктен батырдың атын қойған?
Бауыржан атамыз сияқты өмірі өнегелі істерге толы қасиетті тұлғаны жете біліп, оларды мәңгі есте сақтау – біздің қасиетті борышымыз.

Бағалау
Бүгінгі сабаққа жақсы қатыстым деген балалар жымиған бет бейнеге, толық қатыса алмадым деген балалар ойланып тұрған бет бейненің тұсына келіп тұрамыз.

Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу. Ережені қайталау.
4 428
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бауыржан Момышұлы
Бауыржан Момышұлы
Қазақ халқының ұлы қаһарман тұлға Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығынан қысқаша мәлімет беріп таныстыру, «Орыс мектебінде» әңгімесін оқи отырып, батырдың ерлік істерін насихаттау, тіл үйренуге деген талпынысы туралы мәліметтермен бөлсісу
Ұшқан ұя
Ұшқан ұя
Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы туралы түсінік бере отырып, өмір жолымен таныстыру. Әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді, жеті атасын білуге тәрбиелеу.
Кел, балалар, оқылық! Заттың қимылын білдіретін сөздер
Кел, балалар, оқылық! Заттың қимылын білдіретін сөздер
Оқушыларды заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік жасау, өлеңдерді мәнерлеп, түсініп оқуға дағдыландыру.
Бауыржан Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы»
Бауыржан Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы»
Алматы қаласы, № 178 лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Борибаева Айжан Сауытбековна
Бауыржан Момышұлы «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»
Бауыржан Момышұлы «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»
Қызылорда қаласындағы №112 орта мектебі. Оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қосбармахова Руза Ақсырғақызы
Балаларыма. Тасымал
Балаларыма. Тасымал
Л. Қылышев атындағы Шилі орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бахтыгереева Алтынай Кәрімқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×