Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әлихан Бөкейханов өмір тарихы

05 наурыз 2019, Сейсенбі
Қазақ әдебиеті 9 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Әлихан Бөкейханов өмір тарихы.
Сабақтың мақсаты: Әлихан Бөкейханов өмірі, шығармашылық жолы жайында оқушылардың білімдерін қалыптастыру. Ойшыл ірі тұлғаның жеткен биіктігін, шеберлігін, ерекшелігін таныту. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, мәнерлеп оқу шеберлігін дамыту.
Сабақтың міндеті:
1. Қоғам және мемлекеттік қайраткері Әлихан Бөкейханов туралы мағлұмат беру.
2. Ұжымдық, топтық, жекелеген жұмыстар жүргізу арқылы оқушылардың ой - өрісін дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
3. Оқушылардың ізденушілік қабілетін дамыту, ғылыми ізденіске дағдыландыру.
Сабақтың типі: білім меңгеру
Сабақтың түрі: зерттеу сабағы
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, баяндау, түсіндіру, іздендіру, ой қорыту.
Сабақтың көрнекілігі: Ә. Бөкейхановтың портреті, бүктеме, хронологиялық таблицасы, қима - қағаздар, кітаптар, интерактивті тақта.
Сабақтың жабдығы: үнтаспа, маркер тақта.
Сабақтың интеграциялық мүмкіндігі: Қазақстан тарихы, Қазақстан географиясы, саз өнері.

Пайдаланған әдебиеттері:
1. Қазақ әдебиет энциклопедиялық анықтамалық (136 бет).
2. «Әлихан Бөкейханов» таңдамалы ( 1, 2 том)
3. Қазақ тілі мен әдебиеті журналы. (4. 2004 ж.)

Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Оқушылардың назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Кіріспе кезеңі.
Мақсаты: сабаққа оқушылардың қызығушылығын ояту барысында жалпы алған білімдерін қайталау. Қима - қағаздар бойынша жұмыс жүргізу.
1. Қима - қағаздар: сұрақ - жауап (әр оқушыға жеке сұрақтарға жауап беру)
2. Қима - қағаздар: оқы да тап ( шығармалардың үзінділерін оқыту, авторын және атауын айту) 4 - мин.

ІІІ. Негізгі кезеңі:
Сабақтың эпиграфы:
«... ұлтжанды қайраткер Әлихан Бөкейханов сияқты қоғамдық - саясиқұқықтық ой - пікірдің өкілі реформациялық, жаңару мен бостандық идеяларының нағыз жаршысы...»
Қойгелдиев Мәмбет

Мұғалімнің кіріспе сөзі:
XX ғ. басындағы қазақ халқының тарихы өзінің аса күрделі әлеуметік және қоғамдық - саяси қайшылықтарымен ерекшеленеді. Сонымен қатар рухани азаттық пен демократиялық - ағартушылық идеяларға толы бұл кезең халқымыздың небір алып ой иелерін жарыққа шығарған шын мәніндегі қазақ ренесансы дәуірі болды. Ширек ғасыр аралығында ғана дамыған қоғамдық - саяси және құқықтық ой - пікірлердің озық философиясы рухани жоғары идеялы тұжырымдары бір ғасырлық мерзімге жүк боларлық көкейтесті мәселелерді заман сахнасына көтерді. Атап айтқанда: ұлттық тәуелсіздік, өзін - өзі басқару, құқықтық мемлекет принциптерін қазақ қоғамына еңгізу, ағарту ісін жақсарту, тілді дамыту, әдеттік құқық жүйесін жаңарту, олармен қатар шариғат заңдары мен ислам талаптарын бұлжытпай орындау сияқты биік мұрат, мақсаттардан тұрғанды. Қарастырып отырған күрделі кезеңде қоғамның осындай ізгілікті даму бағытын армандаған зиялы азаматтар өз халқын жалпы адамзаттық биік рухани қағидаларға баулып, өз елін цивилизация биігінен көрісі келген нағыз ұлтжанды қайраткерлеріміз Әлихан Бөкейханов, Мухамеджан Сералин, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Бақытжан Қаратаев сияқты қоғамдық - саяси құқықтық ой - пікірдің өкілдері реформациялық, жаңару мен бостандық идеяларының нағыз жаршылары танылды.
Әлихан Бөкейханов өмір тарихы жүктеу
1 583
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алаштың ұлы тарланы
Алаштың ұлы тарланы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Студенттерді алаш арысы, аудармашы, ғалым, публицист Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру;
Әлихан Бөкейханов – Алаштың ардақты арысы
Әлихан Бөкейханов – Алаштың ардақты арысы
Қазақ тарихында Алаш арыстарының орны ерекше. Олар Қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибесін, салт - дәстүрін төңкерістік әдіспен күрт өзгертуді емес, қайта оларды өркениетті елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып, одан әрі дамытуды, білім алып,
Әлихан Бөкейханов XX ғасыр ұлт көшбасшысы
Әлихан Бөкейханов XX ғасыр ұлт көшбасшысы
Қазақ зиялыларының шығармашылық мұрасын талдау және қоғамдық санаға тигізген әсеріне баға беру.
Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары
Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары
Алаш партиясының тарихы, ел тәуелсіздігін аңсаған, ұлт болашағы үшін жанын пида еткен Алаш қайраткерлерінің өмірі, қоғамдық - саяси қызметі туралы ақпараттандыру
31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні, Ақиқатқа айналған ата - баба арманы
31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні, Ақиқатқа айналған ата - баба арманы
31 мамыр саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған тәрбиелік шара Саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күні мен Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ақиқатқа айналған ата - баба арманы» атты тарихи
Алаштың арысы, қазақтың намысы Әлихан Бөкейханов
Алаштың арысы, қазақтың намысы Әлихан Бөкейханов
Қазақ халқының өз мемлекеттігін құру жолындағы қозғалысын ұлттық интелегенция басқарды. Ол топтың басында ұлт зиялысы, публицист әрі саясаткер, патшалық Ресей Мемлекеттік Думасының мүшесі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов тұрған еді. Әлихан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×