Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әлихан Бөкейханов XX ғасыр ұлт көшбасшысы

05 наурыз 2019, Сейсенбі
ҚМЖ тарауы: ХХ ғасыр басындағы Қазақстан
Сабақтың тақырыбы: Әлихан Бөкейханов XX ғасыр ұлт көшбасшысы
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: 8. 2. 2. 1. Қазақ зиялыларының шығармашылық мұрасын талдау және қоғамдық санаға тигізген әсеріне баға беру.

Басталуы
Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)
Топтарға бөлу. «Қағаз қиындылары»
Бірнеше құттықтау қағаздарын топ құрамындағы оқушылар саны бойынша беске, алтыға жыртып, оларды араластырып, оқушыларға таратып беру керек. Оқушылар қиындыларды құрастырып бүтін сурет шығарады. Сол арқылы топтарға бөлінеді.
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
«Аялы алақан» тренингі (3 минут)
Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.
Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады.

Жаңа білім
Білу және түсіну.
Алаш зиялылары және Ә. Бөкейхан туралы қысқаша баяндаймын, осы тақырып бойынша оқушылардың не білетінін не білгісі келетінін айқындаймын. Осы негізде топқа жеке тапсырма беремін.
1 тапсырма. «Постер қорғау»
Әр топқа жеке тапсырмалар беріледі. Сол арқылы әр топ постер қорғайды.
1. «Жазушылар» тобына «Ақпан төңкерісінен кейін құрылған саяси партиялар мен ағымдар»
2. «Тарихшылар» тобына «XX ғасыр басындағы ұлттық баспасөз» (Қазақ, Үш Жүз газеті, Айқап журналы)
3. Суретшілер тобына «Алаш зиялыларының рухани мұрасы»
ҚБ; «Өзара бағалау»

XX ғасыр басындағы қазақ зиялылары сан жағынан көп болған жоқ. 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде қазақ қоғамында жоғары оқу орнын аяқтағандығы туралы дипломды иемденген мамандардың саны жүз отыздан, ал арнайы орта оқу орындарын бітіргендердің саны жеті жүзден асып жығылатын еді. Қазақстанда бірлі - жарым орта білімді мұғалімдер даярланатын курстар мен училищелерді есепке алмағанда, арнайы оқу орындары болған емес. Түрлі мекемелерде, өкімшілік орындарында қызмет жасаған қазақ мамандары, негізінен, ресейлік оқу орындарында білім алды.
Патша үкіметі қазақ халқының жалпы мәдени деңгейінің өсуіне мүдделі болған жоқ, керісінше, қараңғылықта ұстау оған тиімдірек көрінді. Ал XIX ғасырдың соңғы ширегінде ашыла бастаған азын - аулақ мектептер мен гимназиялар жергілікті жұртты ислам дінінің «зиянды әсерінен» сақтау және далада орыс ықпалын дамыту үшін керек болды. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында қазақ жастары үшін ірі білім орталығы міндетін Санкт - Петербург қаласы атқарды. Империяның саяси өмірінің де астанасы болған бұл қалада осы мезгілде Ә. Бөкейханов (Орман шаруашылығы институты), Мұхамеджан Тынышпаев (Темір жол көлігі институты), Х. Досмұхамедов, С. Асфендияров(Дәрігерлік академиясы), Б. Қаратаев, Ж. Досмұхамедов, М. Шоқай (Санкт - Петербург университеті) сияқты ұлт - азаттық қозғалысында өшпес із қалдырған қайраткерлер білім алды. Қазақ жастары, сондай - ақ Стамбул, Каир университеттерінде де оқыды.

Бейнеу ауданы, Атамекен орта мектебі КММ
Мұғалімнің аты-жөні: Абдиганиева Гулнар
Әлихан Бөкейханов XX ғасыр ұлт көшбасшысы жүктеу
3 067
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
100 - ге дейінгі сандардың құрылу жолын түсіну; 100 көлеміндегі сандарды тура және кері санау; олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау.
Менің сүйіп тыңдайтын әндерім. Мәтін: С. Сейфуллин Біржан
Менің сүйіп тыңдайтын әндерім. Мәтін: С. Сейфуллин Біржан
мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу;
Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім? Спорт және денсаулық күтімі
Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім? Спорт және денсаулық күтімі
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады
Сөз және оның мағынасы Теледидардан спорт хабарларын тамашалаймын. (күнделікті сабақ жоспарлары)
Сөз және оның мағынасы Теледидардан спорт хабарларын тамашалаймын. (күнделікті сабақ жоспарлары)
- мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау - синоним, антоним, омоним (сөздік қолдану) сөздерді ажырату және мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану
Алғаш рет оқуға келген күнім.
Алғаш рет оқуға келген күнім.
Мен қалай оқуға бардым? Менің Әбіш деген құрдасым бар еді. Әкесі оны оқуға берді. Бір күні ойнайын деп бардым.
Менің отбасым және достарым. Менің достарым. Д дыбысы мен әрпі.
Менің отбасым және достарым. Менің достарым. Д дыбысы мен әрпі.
Достары көп Мараттың, Ойнайды олар аулада. Ағасымен Болаттың Барады олар тауға да.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×