Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әлихан Бөкейханов – Алаштың ардақты арысы

05 наурыз 2019, Сейсенбі
Тақырыбы: Әлихан Бөкейханов – Алаштың ардақты арысы

Бүгінгі таңда батысшыл зиялылардың атқарып кеткен қызметі «Алаш» ұранды ұлт - азаттық қозғалысы ретінде танылса, Әлихан Бөкейхановты оның идеялық негізін қалаушы, бас идеологы, саяси жетекшісі деп бірауыздан мойындайды.

Қазақ тарихында Алаш арыстарының орны ерекше. Олар Қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибесін, салт - дәстүрін төңкерістік әдіспен күрт өзгертуді емес, қайта оларды өркениетті елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып, одан әрі дамытуды, білім алып, көппен терезе теңестіруін көздеді. Ең алдымен, қазақтың өз ата-мекеніне ие болуын мақсат етті. Сол жолда күресті. Сонымен қатар елге демократия, білім - білік алып келу үдерісінің бастауында тұрғандар да – солар болды.

Тарихымыздың ХХ ғасыр басындағы кезеңін Алаш көсемі Әлихансыз елестету мүмкін емес. Өйткені, ол осы кезеңдегі қазақтың тарих көшінің бағыт - бағдарын белгілеп, ел мен жер, тіл мен діл тағдыры, дін мен дәстүр тұтастығын сақтау үшін жұрт жұмысының жауапкершілігін мойнына жүктеп, басын бәйгеге тіккен тарихи тұлға. Иә, бұл кезеңде елге адал қызмет еткен ұлт зиялыларының әрқайсысының тарихымыздағы өзіндік орны, ұлтымыздың оянуына, өркендеуіне сіңірген зор еңбегі бар. Ол айдан анық. Алайда, солардың арасында қайсар мінез, табанды қайраткерлік болмысымен, саяси күрескерлік рухының биіктігімен және жан - жақты білімділігімен, бүтін бір елдің тағдыры мен оның алдыңғы қатарлы зиялы қауымын қалыптастыру, азаттық үшін бірігіп күресу жолында көшбасшылық қасиетімен ерекшеленіп, дараланып тұрған ең көрнекті тұлға – Әлихан.

Ал, Бөкейханов еш уақытта ұлттық идеядан табан аударып, кеткен емес. Бүгінгі ұрпақтың бақытына бұйырған ел Тәуелсіздігі жолындағы ұзақ та, тағдырлы күрестің маңызды белесі ол 20 ғасырдың басындағы Алаш қозғалысымен тікелей байланысты екені белгілі. Осы ұлт - азаттық қозғалыстың көрнекті қайраткері, сол замандағы ұлт зиялыларының көсемі осы - Әлихан Бөкейханов.

Сарбаздар Алаш гимнін шырқағанда Әлихан мен Анненковтың есімін де әнге қатар қосқан көрінеді:
Анненков – атаман,
Қолдай гөр жасаған
Алашпыз жауынгер,
Қорықпаймыз жауыңнан, – деп келсе, әрі қарай:
Біз Қали Арыстан,
Долданса қоймайтын.
Алға ұмтыл, ер алаш,
Елің бар қорғайтын!
Әлихан, Әлихан – Алаштың серкесі
Ел қамын ойлайтын!» – делінген.
«Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден» деп жазады Әлихан Бөкейханов. Ұлттың намысын алға қойған Әлихан ел мен жер мәселесіне келгенде мінез танытудан тайынбаған. Рухы биік, өресі жоғары Әлихан Бөкейханов «не ойы, не білімі көлемді емес», деп есептейтін Сталинмен кездесуден бас тартқан. Жазушы, ғалым Тұрсын Жұртбай Әлихан Бөкейхановтың үш түрлі мінезін ерекше атап өтуге болады дейді. - Біріншісі оның турашылдығы. Екіншісі болмысынан алдына келген жанның мысын басатын өзгеше жаратылыс иесі екендігі. Үшінші қасиетін айтар болсақ, сондай Ұлы тұлға нәзік жанды, адамдарға бауырмал, жаны ашығыш, сезімтал болған. Міне, осыдан барып біз Әлекеңнің ұлы адам болғандығы тағы бір мәрте көз жеткізе аламыз.

Орындаған: Жарылқасынова Толқын
Жетекші: Табилтайқызы Серікгүл
Әлихан Бөкейханов – Алаштың ардақты арысы жүктеу
3 158
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алаштың ұлы тарланы
Алаштың ұлы тарланы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Студенттерді алаш арысы, аудармашы, ғалым, публицист Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру;
Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары
Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары
Алаш партиясының тарихы, ел тәуелсіздігін аңсаған, ұлт болашағы үшін жанын пида еткен Алаш қайраткерлерінің өмірі, қоғамдық - саяси қызметі туралы ақпараттандыру
Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары
Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары
Оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы зұлмат жылдары елінің азаттығын аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу, өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу.
31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні, Ақиқатқа айналған ата - баба арманы
31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні, Ақиқатқа айналған ата - баба арманы
31 мамыр саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған тәрбиелік шара Саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күні мен Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ақиқатқа айналған ата - баба арманы» атты тарихи
Алаштың арысы, қазақтың намысы Әлихан Бөкейханов
Алаштың арысы, қазақтың намысы Әлихан Бөкейханов
Қазақ халқының өз мемлекеттігін құру жолындағы қозғалысын ұлттық интелегенция басқарды. Ол топтың басында ұлт зиялысы, публицист әрі саясаткер, патшалық Ресей Мемлекеттік Думасының мүшесі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов тұрған еді. Әлихан
Алаштың тағдырлы тұлғасы – Ғұбайдолла Есқалиұлы Бердиев
Алаштың тағдырлы тұлғасы – Ғұбайдолла Есқалиұлы Бердиев
Атырау қалалық Б. Момышұлы атындағы №25 орта мектептің 9 сынып оқушысы Сапарова Әзиза Мұратқызы «Алаштың тағдырлы тұлғасы – Ғұбайдолла Есқалиұлы Бердиев» Жетекші: Б. Момышұлы атындағы №25 орта мектебінің жоғары санатты, тарих пәні мұғалімі Қуатова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×