Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бұлбұл мен тоқылдақ. Шона Смаханұлы

29 наурыз 2019, Жұма
Сабақтың тақырыбы: Бұлбұл мен тоқылдақ
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды мысалмен таныстыру. Мысалдағы негізгі ойды ұғындыру.
2. Оқушы ойын, қиялын дамыту.
3. Табиғатты сүюге тәрбиелейді.
Сабақтың әдісі: баяндау.
Сабақтың түрі: дамыта оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, құстардың суреті, жұмбақ, ойын.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық ахуал.
Аю болып қорбаңдап,
Бұлбұл болып сайраймыз.
Қарлығаштай қанат қағып,
Сабақты біз бастаймыз.

2. Үй тапсырмасын сұрау.
«Азамат болған алғашқы күн» мәтіні бойынша
түсінгендерін 3 - 4 баладан сұрау.
3. Үй тапсырмасын қорыту.
1 2
3 4
1. Жайлаудың түсі неге жасыл болып көрінеді?
2. Қуанышқа көкесі қандай ұсыныс жасады?
3. Қуаныштың жауабы.
4. Түлкіні көрген қуаныштың іс - әрекеті?
4. Жаңа сабақ.
- Жұмбақ.
- Мен еркін, бақытты құспын.
Бұлағын тасытқан ән - жырдың.
Тамаша тамылжытып шырқаймын,
Шаттығын тауыса алмай әр күннің. (бұлбұл)
- Тұмсығымен ояды,
Үйін салып қояды.
Айтыңдаршы балалар
Бұл қай құс болады? (тоқылдақ)
Жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру,
Ш. Смаханұлы ағамыздың «Бұлбұл мен тоқылдақ» мысалы.

5. Топтастыру.
- Құстар туралы түсінік беру.
Құс - табиғат байлығы. Байлықтың көзі – құстарды әркез қорғай білу керек. Олар табиғат байлығы – ағаштарды, өсімдіктерді зиянды жәндіктерден тазартады. Сонда ағаштар жайқалып өседі. Өздерінің бойынан таза ауаны бөліп шығарады.
Жер бетінде 8600 - дей құс түрі бар десек, біздің елімізде оның 500 - дей түрі кездеседі.
Солардың ішінде біз бүгін бұлбұл мен тоқылдақ туралы оқимыз.

6. Оқулықпен жұмыс.
Мысалды өзім мәнерлеп оқып мазмұнын түсіндіремін.
Тоқылдақ орман құсы, ол орманда өмір сүреді. Ағаштарды құрттардан, шіруден сақтайды.
Бір күні ағашты тоқылдатып, құртын жеп жатқан тоқылдаққа бұлбұл келіп, өз ренішін айтады. Сонда тоқылдақ оған, егер ол болмаса құрттар ағаштарды жеп, орманды жоқ қылатынын айтады.
Ал бұлбұл да орманда өмір сүреді. Егер орман болмаса бұлбұлға да қиын болады.
«Отансыз адам - ормансыз бұлбұл» - деген мақал бар.
Орман болмаса, ол Отанынан айрылған адамдай болар еді. Бірақ ол оны түсінбей, сайрандап әнін салып жүре береді. Ол негізінен түнде жұрт ұйқыға кеткенде шырқайды. Оның дауысы күндіз сирек естіледі. Қай ел болса да өз әншісін бұлбұлға теңейді.
Бұл жерде тоқылдақ кейпінде еңбекқор, табиғатты сүйетін адамды, ал еріншек, ойынсауыққа құмар адамды бұлбұл кейпінде беріп отыр.
Мысалды рөлге бөліп оқытамын.

7. Сергіту сәті.
Орманның біз емшісіміз
Тоқ, тоқ, тоқ.
Құрт біткенді жоқ етеміз,
Жоқ, жоқ, жоқ.
Тоқ, тоқ, тоқ.
Венн диаграммасы
Бұлбұл Тоқылдақ

8.«Сәйкестендір» ойыны.
Қарға сайрайды
Бұлбұл шықылықтайды
Торғай тоқылдайды
Тоқылдақ қарқылдайды

9. Сабақты қорыту.
- Құстар ауа райын да болжай алады.
Егер торғайлар дыбыс шығармай қонақтап отырса, қар жауады.
Қосылып шықылдаса, жылы болады.
Сауысқан шатыр астына тығылса, боран болады.
Қарғалар топтасып қарқылдаса, аяз болады.
Аспанда ұшып жүріп қарқылдаса, қар жауады.
- Құстарға байланысты тыйым сөздер де көп.
Құстың жұмыртқасын жарма, бетіңе шұбар түседі.
Құстың ұясын бұзба т. б.
- Қазақ халқы ертеден – ақ аң - құстарды киелі санаған. Сұлуды – аққуға, әншіні – бұлбұлға, ержігітті - қыранға теңеген. Олай болса, қалықтап ұшып, шарықтап шырқап, табиғат пен адамзатты тәтті әуенмен әлдилейтін, кішкентай болса да, тепе – теңдіктің сақталып, жер бетінің апатқа ұшырауына зор үлес қосатын қанатты достарымызға қамқор болайық!

10. Бағалау.
11. Үйге тапсырма беру.
Мысалды мәнерлеп оқу.
Бұлбұл мен тоқылдақтың суретін салу.

Сәлем бердім баршаңызға басымды иіп,
Кезегі бұл сайыстың маған тиіп.
Мектебім қара шаңырақ атындағы,
Әз ата Қонаевтың тәжін киіп.

Қонаев бар мектептің анасындай,
Ұстаздары сол бабамның баласындай.
Ғалым да шахтер де білім алған,
Беделі қарт Қаратау даласындай.

Тарыдай шәкіртім таудай боп шығатын,
Исатаева Шолпан бұл менің өз атым.
Бастауыш сынып қой білім отын жағатын,
Ұстазбын шәкірттерім жұлдыздай ағатын.

Талай шәкірт олимпиадаға дайындадым,
Терең білім керектігін пайымдадым.
Жүлделі орындарды алып келген,
Жұмабай Таңшолпанмен мен бірге уайымдадым.

Ақбота жарысында жарық жұлдыз,
Қатысып сыныбымнан жүйрік ұл - қыз.
Каримова Айгерім озып шығып,
Бәйгенің жүлдегері біздер тұрмыз.

Ақырын жүріп, анық басып аңдадым,
Ұстаздықты бала кезден таңдадым.
Шәкіртпенен бірге күліп, бір жүрсем,
Түгелденер барлық болмыс жан - жағым.

Біліктілік санаттың биігіне самғадым,
Тоқырауда торығып, бір орында қалмадым.
Өзі емес өзге үшін қуанған,
Ұстаз болу болды биік арманым.

Есепсіз бай болсаң да Қарынбайдай,
Жомарт боп мал тапсаң да Атымтайдай.
Оқудың орны бөлек деп үйреттім,
Білімсізге тар болар ең үлкен жай.

Білгенге білім байлық, бағасы артық,
Тәуелсіз еліміз бар қорғасындай.
Ұстазға сенім жүгі әлі де мол,
Намыс туын көтерейік дәл осылай.
Бұлбұл мен тоқылдақ жүктеу
11 164
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шона Смаханұлы «Бұлбұл мен тоқылдақ» (Мысал)
Шона Смаханұлы «Бұлбұл мен тоқылдақ» (Мысал)
Шона Смаханұлы. «Бұлбұл мен тоқылдақ» (Мысал)
Еліктің лағы М. Қалдыбаев
Еліктің лағы М. Қалдыбаев
Оқушыларға экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Құстар – біздің досымыз!
Құстар – біздің досымыз!
Құстар туралы жұмбақтар шешу арқылы қызығушылығын арттыру, құстар бағына саяхаттауды техникалық құрылғылардың көмегімен тамашалай отырып құстарды қорғауға деген сезімін арттыруға жетелеу.
Бұлбұл мен тоқылдақ
Бұлбұл мен тоқылдақ
ОҚО, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, «№ 122 жалпы орта мектебі» бастауыш сынып мұғалімі Болатбаева Фарида Абатханқызы
Шона Смаханұлы. Бұлбұл мен тоқылдақ (мысал)
Шона Смаханұлы. Бұлбұл мен тоқылдақ (мысал)
Мақсаты: а) білімділік: Мысалдағы негізгі ойды ұғындыру. Ой қозғау стратегиясын пайдалана отырып, оқушыларға сұрақ қою арқылы жан - жақты ойлауға үйрету. Топпен жұмыс жүргізуге, оқушыларды өзіндік жұмыс істеуге, ізденуге үйрету.
Еліктің лағы
Еліктің лағы
Мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыра отырып табиғат туралы түсінік беру. Оқушылардың ойлау қабілетін, тілін дамыта отырып, танымдық белсенділіктерін арттыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×