Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Еліктің лағы М. Қалдыбаев

02 қараша 2018, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: "Еліктің лағы" М. Қалдыбаев
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыра отырып табиғат туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, тілін дамыта отырып, танымдық белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларға экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, өз ойын еркін жеткізу, сөзжұмбақ шешкізу, рөлге бөліп оқыту т. б.
Сабақтың құрал - жабдығы: Еліктің суреті, сөзжұмбақ, алгоритмдік схема т. б.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
А. Сәлемдесу
Ә. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

2. Үй тапсырмасын сұрау
А. «Бұлбұл мен тоқылдақ» мысалын рөлге бөліп оқыту, мазмұнын сахналық көрініс арқылы бейнелеу.
Ә. Қорытындылау
Сонымен балалар, біз бұлбұлдың тек әнші екенін, тоқылдақтың орман емшісі екенін білдік.

3. Негізгі бөлім
Жаңа сабақ
Ой қозғау әдісі. Қызығушылықтарын ояту.
- балалар, қазір біз сөзжұмбақ ойынын ойнаймыз. Сендер дұрыс жауап берсеңдер,
Бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы шығады.
МҮСІРЕПОВ
БҰЛБҰЛ
ЖЕТІ
КӨКШЕТАУ
МЕТАЛЛ
ІН
МЫҢ
ТОҚЫЛДАҚ
ҚУАНЫШ
АЙМАҒАН
АҚЖАҢБЫР

СҰРАҚТАРЫ:
1. Жазушы Ғабиттің тегі?
2. Әнші құс?
3. Кемпірқосақтың неше түсі бар?
4. Қазақстандағы таудың аты?
5. Найзағай неге түседі?
6. Қасқыр, түлкі, борсықтың үйін қалай атайды?
7. Төрт таңбалы сан?
8. Орман дәрігері?
9. «Азамат атанған бала» мәтініндегі баланың аты?
10. «Көк кептер» мәтініндегі сотқар бала?
11. Тәулік бойына жауатын жаңбырды қалай атаймыз?

Сонымен балалар, сабақтың тақырыбы «Еліктің лағы» авторы Мамытбек Қалдыбаев.
Сабақты бастамас бұрын елікке сурет бойынша сипаттама беріп жіберейік
ЕЛІК...............
Сонымен біз еліктің не екенін білдік.
Енді ойын арқылы жаңа сабақты оқып, мазмұнымен танысамыз.

«Авторлар мен оқырмандар» ойыны
Ойын шарты: Екі қатар тақырыптың мазмұнын екі бөлікке бөліп бірінші қатар мен екінші қатар өздеріне берілген бөлікті оқып, мазмұнын тақтаға шығып айтасыңдар.
Тақтаға шыққан оқушы автор, қалғандарың оқырман боласыңдар. Оқырмандар авторға сұрақ қояды.

Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды соғайық
Қарлығаш боп ұшайық,
Ұшып - ұшып алайық..
Дәптермен жұмыс
Сызба арқылы жануарлардың баласын тапқызу.
1. Қоян А. бөлтірік
2. Арқар Ә. балапан
3. Түйе Б. көжек
4. Қасқыр В. қозықа
5. Тауық Г. күшік
6. Түлкі Д. бота
Дұрыс жауабы: 1 - б, 2 - в, 3 - д, 4 - а, 5 - ә, 6 - г
- Енді осы жануарлардың ішінен біреуін таңдау арқылы сол жануардың пайдасы мен
зиянын жазасыңдар.

4. Қорытынды. Алгоритмдік схема арқылы
5. Бағалау
6. Үйге тапсырма.
Мәтін мазмұнына дайындалу
Еліктің суретін салу.
3 171
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мамытбек Қалдыбаев «Еліктің лағы»
Мамытбек Қалдыбаев «Еліктің лағы»
Әңгімені мәнерлеп оқуға дағдыландыру, оның мазмұнын түсіндіру, негізгі идеясын ашу, талдауға үйрету, мәтінмен жұмыс жүргізуге баулу.
Еліктің лағы
Еліктің лағы
Мәтінді шапшаң оқып, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру, ауызша, жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрету. Балалардың бойындағы рухани - адамгершілік қасиеттерін дамыту, дүниетанымын кеңейту, имандылыққа тәрбиелеу.
Cүп-сүйкімді лағым. Еліктің лағы (әңгіме) М.Қалдыбаев
Cүп-сүйкімді лағым. Еліктің лағы (әңгіме) М.Қалдыбаев
мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба білу. мұғалімнің көмегімен орфографиялық, пунктуациялы, стилистикалық қателерді табу және түзету.
Еліктің лағы
Еліктің лағы
Ақтөбе облысы, Алға ауданы «Алға мектеп - бақшасы» ММ бастауыш сынып мұғалімі Жуманиязова Жулдыз Дуйсенгалиевна
Еліктің лағы
Еліктің лағы
ШҚО, Аягөз қаласы, № 3 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш класс мұғалімі Нысанбаева Венера Кошербаевна
Еліктің лағы
Еліктің лағы
Мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыра отырып табиғат туралы түсінік беру. Оқушылардың ойлау қабілетін, тілін дамыта отырып, танымдық белсенділіктерін арттыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×