Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шона Смаханұлы «Бұлбұл мен тоқылдақ» (Мысал)

22 сәуір 2019, Дүйсенбі
2 сынып
Сабақ тақырыбы: Шона Смаханұлы. «Бұлбұл мен тоқылдақ» (Мысал)
Сабақ негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары): Мысалдың мазмұнын түсіну, негізгі идеясын ашу.
Басталуы 10 минут
1. Ынтымақтастық атмосферасын орнату. «Өрмекшінің торы» әдісі арқылы қолдарына жіп беремін. Бір оқушы өзі таңдаған оқушыға тілек айтып, жіп орамын лақтырады. Осылайша «Өрмекшінің торы» құрылады, бір – біріне жылы лебіздерін білдіреді.
2. Бұлбұл, тоқылдақ, қарлығаш суреті қиылған қима қағаздар тарату. Таратылған қималардан мозайка құрастырады. Бұлбұл, тоқылдақ, қарлығаш болып шағын 3 топқа болады.
1. Топтарға бағалау парақтарын беру.
2. Үй тапсырмасын тексеру:
«Автор орындығы» әдісі бойынша үй тапсырмасын тексеру.
1. Спиридон Ванчелидің « Дельфин» мәтінін әңгімелейді.
2.«Дельфин» тақырыбына жазған эсселерін оқу.

Ортасы 25 минут
«Ой қозғау» стратегиясы. Жұмбақ - өлеңді түсініп оқу, жұмбақтарды шешіп тақырыпты білу, мақсатты анықтау;
1 - тапсырма
«Күн шұғыласы» суреті бойынша бұлбұл мен тоқылдақ туралы не білетіндерін тақтаға жаздыру;
2 - тапсырма
РАФТ стратегиясы бойынша әр топ құс атынан сөйлейді.
1 - топ: Бұлбұлдың атынан сөйлейді
2 - топ: Тоқылдақтың атынан сөйлейді
3 - топ: «Мен ағашпын» деп ағаштың атынан сөйлейді.
3 – тапсырма
«Болжау» стратегиясы арқылы сұрақ қою.
- Бұлбұл мен Тоқылдақтың арасында қандай әңгіме болуы мүмкін? Оқушылар білетіндерін айтады.

Жұбынды бағала: смайликтер арқылы
Кіріспе
1. Автор туралы мағлұмат беру.
Шона Смаханұлы туралы слайд - презентация арқылы түсінік беру.
2. Мәтінмен жұмыс
1. Мәтінді іштен оқу
Оқушылар өз бетімен мәтінді іштей оқиды.
2. Сөздік жұмысы
Мәңгіріп – ауырып
Жаңғырып - дыбыстың қайталануы
3. Топпен жұмыс

Топ аралық бағалау: «Бағдаршам» әдісі арқылы бір – бірін бағалайды.
1 - топ рольге бөліп оқиды
2 - топ сөздік жұмысын жүргізеді
3 - топ сахналайды.
Сергіту сәтін видеоролик «Қарлығаш биі» арқылы ұйымдастыру.
Мысалды талдау:
- мысалда қандай кейіпкерлер бар?
- бұлбұл тоқылдаққа қандай кінә тақты?
- тоқылдақ не деп жауап берді?
- мысалдан не түсіндік?
Шығармашылық тапсырма:
СТО технолгиясының стратегиясы арқылы «Синквейн» 5 жолды өлең құрастыру.

Мектеп «Бозанбай орта мектебі» КММ
Мұғалімнің есімі: Саденова Ляйля Сагатбековна
Шона Смаханұлы «Бұлбұл мен тоқылдақ» (Мысал) жүктеу
2 843
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мамытбек Қалдыбаев «Еліктің лағы»
Мамытбек Қалдыбаев «Еліктің лағы»
Әңгімені мәнерлеп оқуға дағдыландыру, оның мазмұнын түсіндіру, негізгі идеясын ашу, талдауға үйрету, мәтінмен жұмыс жүргізуге баулу.
Бұлбұл мен тоқылдақ. Шона Смаханұлы
Бұлбұл мен тоқылдақ. Шона Смаханұлы
Құс - табиғат байлығы. Байлықтың көзі – құстарды әркез қорғай білу керек. Олар табиғат байлығы – ағаштарды, өсімдіктерді зиянды жәндіктерден тазартады. Сонда ағаштар жайқалып өседі. Өздерінің бойынан таза ауаны бөліп шығарады.
Еліктің лағы М. Қалдыбаев
Еліктің лағы М. Қалдыбаев
Оқушыларға экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Құстар біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Балабақша тәрбиешісі Жолдаева Жанаргул
Бұлбұл мен тоқылдақ
Бұлбұл мен тоқылдақ
ОҚО, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, «№ 122 жалпы орта мектебі» бастауыш сынып мұғалімі Болатбаева Фарида Абатханқызы
Шона Смаханұлы. Бұлбұл мен тоқылдақ (мысал)
Шона Смаханұлы. Бұлбұл мен тоқылдақ (мысал)
Мақсаты: а) білімділік: Мысалдағы негізгі ойды ұғындыру. Ой қозғау стратегиясын пайдалана отырып, оқушыларға сұрақ қою арқылы жан - жақты ойлауға үйрету. Топпен жұмыс жүргізуге, оқушыларды өзіндік жұмыс істеуге, ізденуге үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×