Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бір ел - бір кітап аясында Рухани тұлға – Шәкәрім атты оқырмандар конференциясы

31 наурыз 2019, Жексенбі
Бір ел - бір кітап аясында Рухани тұлға – Шәкәрім атты оқырмандар конференциясы
1 - жүргізуші Еркебұлан
Адамдық борышың -
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай
Ар сақта оны біл.
Талаптан да, білім мен өнер үйренген,
Білімсіз, Өнерсіз Болады ақыл тұл.

2 - жүргізуші Дана
Мақтанға салынба
Мансаптың тағы үшін,
Нәпсіңе билетпе
Басыңның бағы үшін...
Өміріңді сарп қыл өлгеніңше,
Жоба тап, жол көрсет,
Келешек қамы үшін.
Қайтадан қайырылып
Қауымға келмейсің,
Барыңды, Нәріңді Тірлікте бергейсің.
Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң
Шын бақыт - осыны ұқ,
Мәңгілік өлмейсің.
- деп отырып - «Бір ел - бір кітап аясында Рухани тұлға - Шәкәрім»- атты оқырмандар конференциясы қош келдіңіздер

1 - жүргізуші Еркебұлан
Болашақ ұрпақ мәдени және рухани салаларда қандай жетістіктерге қол жеткізсе де, ұрпақ тұлғасында адамгершілік құндылықтарды меңгерген, халықтың өзіндік санасына енген мұраларды жоғалтпауымыз керек. Соның бірі - Шәкәрім Құдайбердіұлының ізгіліктік және адамгершілік идеялары.

2 - жүргізуші Дана
Қазақ халқының мәдениеті мен ағарту тарихынан көрнекті орын алатын ұлы қайраткер, өз заманының прогресшіл ағымының жаршысы болған Шәкәрім Құдайбердіұлының мұрасындағы тәрбие, білім берудің бай қазынасы жинақталған. Ол арнайы оқу орындарын бітірмегенімен, Абайдың басшылығымен және өз бетінше іздену нәтижесінде сол замандағы қазақ арасындағы, қазақ қана емес, бүкіл Түркістан өлкесіндегі ең ғұлама адамдардың бірі болды.
Бибінұр - 1слайд (Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармасы)

1 - жүргізуші Еркебұлан
Абайдан тәлім - тәрбие алған Шәкәрім ұстазы дүниеден өткен соң ғылым жолында көп ізденді. Тіршілікте білімнен басқа жұмысы болған ақын ғылымның сан түрін игерді, оны тарихшы, дін танушы, әдебиетші, педагог, психолог деп атауға болады. Шәкәрімнің әлеуметтік танымын оның өлеңдерінен, шығармаларынан табуға болады. Бұл ерекшелік ақынның, әсіресе, адам және өмір, адам және қоғам мәселелерінің төңірегінде жазған өлен - дастандары мен прозасынан жақсы байқалады.
Гүлнұр («Еңлік - Кебек» поэмадан үзінді)

2 - жүргізуші Дана
Шәкәрімнің өмірін талдаған адам оның саналы ғұмырының тек ізденіс, білім жинау, тырбанып еңбек ету, инемен құдық қазу екендігіне көз жеткізеді. Өз бетімен ғылым іздеп, Париж бен Стамбул кітапханаларында көздің майын тауысу, жердің түбі Мекке мен Мединеге жету, алаңсыз ғылыммен айналысу мақсатымен елден бөлек, қырда жалғыз өмір кешу кім көрінгеннің қолынан келмесі анық. Осы ізденіс оның кеңес үкіметі әскерлерінің қолынан қаза тапқан соңғы күніне дейін жалғасты.
Алинур («Қалқаман - Мамыр» поэмасы) Дана Айтказиева ғылыми жоба
топ талдау......

1 - жүргізуші Еркебұлан
Адамның өмір сүруіне қажетті материалдық және рухани шарттарды қанағаттандырумен шектелуге болмайды. Өмірдің мәнін осындай тар шеңберде түсінген адам көп ізденісті қажет етпейді, өмірдің мәні туралы көп бас ауырта қоймайды, себебі өмір, оның мағынасы туралы қарапайым жауап әрқашанда дайын.
Шәкәрім өмірдің өзі басты құндылық екендігін түсінді.
Өмір қаншама өкінішті болса да, одан түңілуге негіз жоқ. Өкініш сол - өмірді босқа өткіздім,
Өлсем ойдан кетер ме соның зәрі.
Білген адам баянсыз іс қылар ма,
Қолда болып тұрған да ықтияры.

2 - жүргізуші Дана
Өмірден қымбат нәрсе бар ма адамда,
Орындыға жұмсасаң өлмес дәрі. Қасиетін өмірдің білу керек, Басыңда ми бар болса, бетінде ары. Шәкәрім өз бетімен көп оқып, рухани қазыналарға тереңірек үңіліп, білім - ғылымның қадір - қасиетін терең түсінуге ден қояды. Оның білім қуып, өлең өрнектеп, рухани есеюіне, өсуіне ұлы Абай қамқорында болуы қатты әсер етеді. И. Айым Жансая (Шәкәрім туындылары)

Қалалық көпсалалы қазақ мектеп - гимназиясы КММ
Шаншарбаева А. Ж.
Бір ел - бір кітап аясында Рухани тұлға – Шәкәрім атты оқырмандар конференциясы жүктеу
2 363
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстан тариха пәнінен онлайн-конференция
Қазақстан тариха пәнінен онлайн-конференция
"Рухани жаңғыру " бағдарламасы аясында шетелдік студенттермен тəжірибе алмасу мақсатында "Əл -Фараби атындағы Қазақ Университетінің халықаралық аренадағы рөлі"атты тақырыпта өткізілген онлайн конференция
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың» өлеңі
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың» өлеңі
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі, «Адамдық борышың» өлеңі жайлы толық түрде мәлімет бере отырып олардың ой - пікірін қалыптастыру.
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) «Адамдық борышың»
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) «Адамдық борышың»
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Күршім ауылы, «Н. Островский атындағы №4 Күршім орта мектебі» Умутбаева Асыл Булаткановна
1 сыныптар үшін кітапханамен таныстыру сабағы
1 сыныптар үшін кітапханамен таныстыру сабағы
Екібастұз қаласы №11 жалпы орта мектебі кітапхана меңгерушісі С. Қ. Шарбекова
Кітап рухани - сарқылмас қазына
Кітап рухани - сарқылмас қазына
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беретін қазақ гимназия мектебінің тәрбие ісінің меңгерушісі Саликова Елмира Мергенбайқызы
Шәкәрім атаға
Шәкәрім атаға
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кенті, №85 орта мектептің 3-сынып оқушысы Өтепова Аяулым Ерланқызы Жетекшісі: Қайруллаева Айгүл Әділбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×