Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың» өлеңі

13 қаңтар 2018, Сенбі
Әдебиет 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі, «Адамдық борышың» өлеңі жайлы толық түрде мәлімет бере отырып олардың ой - пікірін қалыптастыру.
ә) дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.
б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ - жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Кезекші мәлімдемесі. Журнал бойынша түгелдеу. Жаңа сабаққа дайындық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
«Құлақтан кіріп бойды алар», «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңдерінің қалағанын жатқа сұраймын. Қосымша сұрақтар қойып, өткен тақырыпты қорытындылаймын

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі, «Адамдық борышың» өлеңі жайлы түсіндіремін.
Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданындағы Шыңғыс тауының бөктерінде дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді - Абайдың туған ағасы. Әкесінен жастай айырылған Шәкәрім немере ағасы Абайдың тікелей тәрбиесін көріп өседі. Тумысынан талантты бала ұлы ақынның үлкен жүрегін жіті аңғарып, тәрбиесіне табына бас қойған. Оған Абайға арнаған өлеңдері дәлел. Оның бір үлгісін өздеріңе ұсынылып отырған өлеңнен де байқарсыңдар.
Арнайы оқу тауыспағанмен, Шәкәрім Абайдың жол басшылығымен түрік, араб, парсы, орыс тілдерін жетік меңгеріп, өз заманының білімпаз, озық ойлы адамы болып қалыптасады. Екі рет қажыға барып, ол сапарларын өзінің ғылым - білімін толықтыруға да пайдаланады.
Орыс әдебиетінің ұлы классигі Л. Н. Толстоймен пікірлес болып, хат жазысып тұрады. Бір сәт Толстой идеясына беріліп, елден аулақтанып, таза әдеби жұмыспен айналысады. Ұлы ақын 1931 жылы нақақтан қазаға ұшырап, шығармалары қапаста ұсталып келді.
Адамшылықтың ақ жолын жыр еткен ақын шығармалары еліміз тәуелсіздік алғаннан бері ғана халық игілігіне айналып келеді. «Жолама қулар маңайға», «Адамдық. борышың» сияқты өлеңдерден ақынның ақ, адал көңілінің аманат, өсиетін танисыңдар.

IV. Сабақты бекіту. Оқулықпен жұмыс
Адамдық борышың. Адамдық борышың
Халқыңа еңбек қыл, Ақ жолдан айнымай
Ар сақта, оны біл. Талаптан да, білім мен өнер үйрен, Білімсіз,
Өнерсіз,
Болады ақын тұл.
Мақтанға салынба
Мансаптың тағы үшін, Нәпсіңе билетпе
Басыңның бағы үшін. Өміріңді сарп қыл өлгенше, Жоба тап,
Жол көрсет,
Келешек қамы үшін.
Қайтадан қайрылып,
Қауымға келмейсің, Барыңды, Нәріңді
Тірлікте бергейсің. Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң, Шын бақыт —
Осыны ұқ,
Мәңгілік өлмейсің!

V. Сабақтың қорытындысы:
Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.
Бағалау: Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
Үйге тапсырма: Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі, шығармашылығы. «Адамдық борышың» өлеңін жатқа жаттап келу.
3 805
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Балықшылар әңгімесіндегі табиғат апатымен арпалыс (Қан мен тер трилогиясынан үзінді)
Балықшылар әңгімесіндегі табиғат апатымен арпалыс (Қан мен тер трилогиясынан үзінді)
Ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой - пікірін қалыптастыру.
Мағжан Жұмабаев «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдері
Мағжан Жұмабаев «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдері
Мағжан Жұмабаевтың өмірі, шығармашылығы, «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдері жайлы толық мәлімет бере отырып, олардың ой - пікірін қалыптастыру
Әбдіжәміл Нұрпейісов «Балықшылар»
Әбдіжәміл Нұрпейісов «Балықшылар»
Ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой - пікірін қалыптастыру.
Мәтін және сөздің мағынасы. Күнделікті сабақ жоспары
Мәтін және сөздің мағынасы. Күнделікті сабақ жоспары
Мәтін және сөздің мағынасы жайлы толық мәлімет бере отырып олардың ой - пікірін қалыптастыру. Ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.
Күнделікті сабақ жоспары, Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас...»
Күнделікті сабақ жоспары, Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас...»
Қазақ әдебиеті тарихындағы көрнекті тұлғалардың бірі Дулат Бабатайұлы 1802 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында туады.
Реттік сан есімдер
Реттік сан есімдер
ОҚО, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылындағы №31 Т. Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебінде қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Тутеева Динара Серикбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×