Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) «Адамдық борышың»

20 қараша 2014, Бейсенбі
Әдебиет 6 сынып

Сабақ тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858 - 1931) «Адамдық борышың»
Сабақ мақсаты:
Білімділік: оқушыларға ақын туралы ақпарат беру; өлеңді талдау; «борыш» туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық: ақын өлеңін талдау арқылы оқушылардың ой - өрісін кеңейту, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: адамгершілік тәрбие беру.
Сабақ түрі: дәстүрлі
Сабақ типі: жаңа білімді игерту.
Көрнекілігі: ақынның суреті, слайд
Пәнаралық байланыс: музыка
Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
Кезекшімен сұхбат

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Абай Құнанбайұлы туралы слайд немесе буклет

ІІІ. Жаңа сабақ
Шәкәрім – қазақ мәдениеті тарихында орны зор, еңсесі биік ерекше тұлға. Ол – заманның озық ойлы демократы, ірі ағартушысы, терең ойшылы, қоғам қайраткері. Жарты ғасырдан астам еріксіз үзілістен соң халық алдына қайта шыққан ұлы тұлғаларымыздың бірі Шәкәрімнің қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше. Шәкәрім әрі ақын, әрі тарихшы, философ, өз заманының үлкен ойшылы еді, қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген, қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңдерін түрлендіре түскен, қазақ тілінің мол мүмкіндіктерін бұрынғыдан әрмен танытқан бірегей қаламгер еді. Ол жаңа қазақ әдебиетінің көшбасшысы Абайдың үлкен ағадан туған ізбасар інісі. Туыстық жөнінен ғана емес, ұстанған жолы тұрғысынан алып қарағанда да Абайға ең жақын адам еді. Қилы заманда оққа ұшқан ақынның есімі де жұртшылық санасынан аласталмақ болған еді. Бірақ «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» демекші өзі өлсе де аты өшпеген Шәкәрім атамыздың шығармалары әлі де жас ұрпақтың білім нәрін сусындатып келеді.
«Адам болып тудым, адам атымды ақтайын, көп үшін, халық үшін, келешек ұрпақ үшін еңбек етейін. Кейінгіге үлгі аларлық із - белгі қалдырайын, адам атым өшпесін, тарихқа аз да болса үлес қосайын деген ойда болдым. Келешектің ойын ашайын деп жаздым.
..... Өз заманым үшін жазғам жоқ. Келер дәуірдің адамы үшін жаздым.»

IV. Оқулықпен жұмыс
«Адамдық борышың» өлеңін мәнерлеп оқу.
Негізгі тақырыбы - адамзат міндеті. Идеясы - артына үлгі аларлықтай іс қалдыру. Адамның борышы - халыққа адал еңбек ету, білім мен өнер үйрену, келешекке жол көрсету, үлгі алатындай із қалдыру. Жаман қылықтардан аулақ болу - мансап үшін мақтанға салынбау, бақ үшін арсыз қылықтардан аулақ болу.

V. Дәптермен жұмыс.
а. Сөздікпен жұмыс.
Мансап - атақ
Нәпсі - жаман іс
Тұл - ешнәрсесі жоқ
Ғибрат - үлгі.
ә. Адамдық борыштарды жазамыз.
1. адал еңбек ету
2. білім мен өнер үйрену
3. келешекке жол көрсету
4. үлгі болатын іс қалдыру
б. Тақтада сөздер берілген.
(Білімді, мақтаншақ, арлы, білімсіз, еңбекқор, мансапқор, айлакер, жалқау, өсекші, шыншыл, өнерлі, өтірікші, жомарт, сараң, қайырымсыз, ата - ананы сыйлайды).
Балалар, адамға тән жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді бөліп жазайықшы.

Адамның жақсы қасиеттері / Адамның жаман қасиеттері
Білімді -------------------------------- мақтаншақ
арлы ---------------------------------- білімсіз
еңбекқор ---------------------------- мансапқор
шыншыл ---------------------------- айлакер
өнерлі -------------------------------- жалқау
жомарт ------------------------------ өсекші
ата ананы сыйлайды ------------- өтірікші
---------------------------------------- сараң

VI. Шығармашылық жұмыс
Ой толғау (5 - 6 сөйлемнен).
Мына тақырыптар бойынша оқушылар өз ойларын жазады.
1. Халыққа еңбек ету.
2. Білім, өнер үйрену.
3. Өзімшіл болмау.
4. Өміріңді босқа өткізбе!
5. Өміріңді мәнді мағыналы өткіз.
6. Артыңа жақсы із қалдыр.

VII. Сабақты бекіту.
Деңгейлік сұрақтар
Жоғары деңгей сұрақтары
1.»Адамдық борышың «өлеңі туралы өз пікірің?
2. Өлеңнен Абай өнегесі қалай байқалады?
3. «Қайтадан қайырылып қауымға келмейсің»деген өлең жолында ақын нені айтпақ болды?
Орта деңгей сұрақтары
1. «Ақ жолдан айныма»сөз тіркесінің мағынасы қандай?
2. «Барыңды, нәріңді тірлікте бергейсің»деген өлең жолында ақын нені айтпақ болды?
3. Ақын «шын бақыт» деп нені көрсетті?
Төмен деңгейдің сұрақтары
1. Адамдық борыштарды ата.
2. Қандай істерден аулақ болу керек?
3.»Тұл»сөзінің мағынасы?

VIII. Үйге тапсырма.
«Адамдық борышың» өлеңін жаттау.
«Менің борышым»тақырыбына шығарма жазу.
IX. Оқушыларды бағалау
20 245
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың» өлеңі
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың» өлеңі
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі, «Адамдық борышың» өлеңі жайлы толық түрде мәлімет бере отырып олардың ой - пікірін қалыптастыру.
Шәкәрім Құдайбердіұлы өлеңдері, өмірбаяны
Шәкәрім Құдайбердіұлы өлеңдері, өмірбаяны
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858 — 1931) — ақын, жазушы, аудармашы, композитор, тарихшы және философ. Кейбір деректерде оның есімін «Шаһкәрім» деп те көрсетеді. Өмірбаяны Туған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде
Жаз келер
Жаз келер
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі және шығармашылығымен таныстыру. Өлеңді оқыту арқылы жаз мезгілі жайлы білімдерін кеңейту, өлеңнің негізгі ойын ашу.
Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек
Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек
Шәкәрім шығармашылығының табиғатын тану, Шәкәрім тұлғасын толыққанды қарастыруға күш салу
"Еріншек" Шәкәрім Құдайбердіұлы
"Еріншек" Шәкәрім Құдайбердіұлы
“№122 жалпы орта мектебі” Бастауыш сынып мұғалімі Жиенбаева Сауле
"Еріншек" Шәкәрім Құдайбердіұлы
"Еріншек" Шәкәрім Құдайбердіұлы
Ақтөбе обылысы, Хромтау қаласы, №3 Хромтау орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сарсенбаева З.Ш.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×