Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Cөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінуі

13 наурыз 2013, Сәрсенбі
Сынып: 8 сынып
Пән: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Cөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінуі.№1 слайд
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінуі туралы түсінік беру, сөйлемдегі сөздерді сатылай кешенді технологиясы арқылы талдай білуге машықтандыру;
Дамытушылық: жай сөйлем туралы түсініктерін одан әрі дамыту, оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын кеңейту;
сөз тіркестері мен сөйлемдерге талдау жасауға дағдыландыру, сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай ажырата білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Тіл қадірін түсініп, оны дамытудың сепшісі бола білуге тәрбиелеу, сөйлемдерді дұрыс құрып сөйлей білуге тәрбиелеу. оқушыларды ұқыптылыққа, таза, сауатты жазуға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. №2 слайд
Сабақтың міндеті: Балаларды топпен жұмыс істеуге, пікірлерін айта білуге баулу, сөйлем мен сөздерді талдату.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, жаттығу жұмыстары, тест
Сабақтың көрнекілігі: флипчаттар, тест тапсырмалары, слайдтар;
Оқу – жұмысының барысы:
«Адам мақсатқа, ең алдымен, өзін - өзі жетілдіру арқылы жетеді”
( Әл - Фараби )№3 слайд
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып, оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау, жоқ оқушыларды белгілеп, сабақтың мақсатымен таныстыру, сабақ жеке – топтық жұмыс формасында өткізіледі, сол себептен топқа бөлініп, басшыларымызды сайлап алайық.№4 слайд
ІІ. Сабағымыздың негізгі бөліміне көшеміз.
1. «Миға шабуыл» оқушыларға сұрақтар қоя отырып, өткен тақырыптарға шолу жасаймыз.№5 слайд
1. Синтаксис қандай сала, нені зерттейді?
2. Сөйлем дегеніміз не?
3. Сөйлем айтылу сазы мен мазмұнына қарай қалай бөлінеді?
4. Сөйлем құрамы мен құрылысына қарай нешеге бөлінеді?
5. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
6. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
7. Лепті сөйлем дегеніміз не?
8. Бұйрықты сөйлемдер дегеніміз не?
2. «Топтастыру» тәсілі арқылы сөйлемдердің мағынасына қарай жіктелуін тоқталамыз.№6 слайд және №1 флипчат

1. «Даралау» тәсілі бойынша әр сөйлем түрлерінің жасалу жолдарына тоқталып кетеміз. 2 - 5 флипчаттар.
ІІІ. Талдау бөлімі
1. Сөйлемдерге сатылай кешенді талдау:№7,№8,№9,№10 слайдтар

Топтарға берілетін сөйлемдер топтамасы.
І топ --------------------------------------------------------------ІІ топ
Ақыл бізді білімге жетелейді ----------------------------Бұл – Байжанның талай келген үйі
Баянауыл сияқты жерді кім сүймейді? --------------- Басшысы болмаған елде елдік бар ма?
Енді айыпқа бұйырмаңыз! ------------------------------- Қарағым, қадамың құтты болсын!
Төл өсір, малыңды бақ, күтіп бапта! ------------------Ел сенген, Отан сенген сенімді ақта!
2. Тапсырмалармен жұмыс: №11,№12 слайдтар
2. Тест тапсырмаларымен жұмыс: №13,№14,№15,№16 слайдтар
3. Толықтыру тесі.№17

ІҮ. Сабақты бекіту жұмыстары
1. Венн диаграмасын жасау. №18,№19 слайдтар
2. Тәуелсіздік туралы ой «Тәуелсіздігімізге 20 жыл» ойталқы.№20 слайд

Ү. Қорытынды:
1. Бір тамшы ой.№21 слайд
Қанша білсең, ізден тағы, тағы да,
Білікті адам жетер тілек бағына.
Біле бер, қанша білсең де тағы біл,
Жетерсің мақсатыңа біле, біле!
Ж. Баласағұн.
Ж. Баласағұнның сөзін талқылап, оқушыларды оқуға ықыласын арттыру.
2. «Жеткен нәтиже» айдары бойынша, оқушылар нені игеріп, нені түсінбегенін ортаға салады.№22 слайд

ҮІ Бағалау. Белгіленген топ басшылары тобындағы оқушылардың бағасын қорытындылайды. Сол қорытынды бойынша оқушыларға баға қойылады. №23 слайд

ҮІІ. Үй тапсырмасы: «Тәуелсіздік - ел тілегі» тақырыбы бойынша шығарма жазу.№24 слайд
ҮІІІ. Сабақтың соңы. №25 слайд

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
14 686
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Cөйлем
Cөйлем
Сөйлем және оның түрлері жайлы білімдерін еске түсіре отырып толықтыру. Сөйлемді айтылу мақсатына қарай ажырата білуге машықтандыру және сауаттылықтарын арттыру.
Cөйлем
Cөйлем
Сөйлем және оның түрлері жайлы білімдерін еске түсіре отырып толықтыру. Сөйлемді айтылу мақсатына қарай ажырата білуге машықтандыру және сауаттылықтарын арттыру.
Оқшау сөздер
Оқшау сөздер
Оқшау сөздің түрлері қаратпа, қыстырма, одағай сөздер туралы жан - жақты мағлұмат беру, жай сөйлемдерге оқшау сөздерді қосып қолдана білуге үйрету, сөйлемдегі сөздерді сатылай кешенді технологиясы арқылы талдай білуге машықтандыру;
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Карағанды облысы, Осакаров ауданы, «Осакаровка кенті, № 1ОМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Габдуалиева Жанна Болатовна
Сөйлем. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері
Сөйлем. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы Х. Наубетов атындағы орта мектептің ұстазы Шарбану Нурмашева
Сөйлем
Сөйлем
Атырау қаласы Ы. Алтынсарин атындағы №11 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Құбиева Зауреш Паңгерейқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×