Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөйлем

21 наурыз 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем
Сабақтың мақсаты: Оқушылар сөйлем, сөйлем түрлерімен танысады. Сөйлемдерді тыныс белгілеріне қарай ажырата алады.

Міндеті: 1. Мазмұнына байланысты міндет:
Тапсырмаларды орындату арқылы сөйлем түрлерін табады.
2. Сыни ойлауды дамытуға байланысты міндет:
Оқушылардың ой-өрісі артады, өзара пікір алмасады.
3. Топтық міндет:
Оқушылар өз ойларын қорғай білуге үйренеді.
Сабақтың түрі: Жаңа оқу - материалдарын оқып –үйрену сабағы.
Сабақтың әдісі: Тірек сызба, деңгейлік тапсырма,
топтастыру, еркін жазу, түсіндіру, ойын, кезекпен қайталау т.б
Сабақтың көрнекілігі: Тірек сызба, топтық тапсырмалар, суреттер,
адасқан сөздер, суреттер топтамасы.
Бағалау: Ойды еркін жеткізе білдіру қабілеттеріне қарай
Сабақтың құрылымы
І Қызығушылықты ояту
1.Оқушыларды 3топқа бөлу
Шаттық шеңберін құрып, топ оқушылары бір-біріне тілек айтады.
2. Ой ашар.
21-жаттығу тексеру
Жоспар:
1. Күзгі дала көрінісі
2. Құстардың жылы жаққа қайтуы
3. Күзгі еңбек
Тапсырма: Берілген жоспар бойынша әңгіме құра.
3. Өткен сабақта қандай тақырыпты өттік?
-Мәтін
«Топтастыру» стратегиясы
Мәтін түрлері
Ой қозғау
Ребус
ІІ. Мағынаны тану.
Сөйлем
Айтылу мақсатына қарай
Хабарлы сөйлем
Лепті сөйлем
Сұраулы сөйлем

Аяқталған ойды білдіреді
Жазылуына қарай
Сөйлем сөздерден құралады
Бірінші сөзі бас әріппен жазылады
Бірінші сөзі бас әріппен жазылады
Сөздер бір-бірінен бөлек жазылады

Толықтыру сынамасы:

1.Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.
2.Сөйлем сөздерден құралады.
3.Сөйлемдегі сөздер бөлек жазылады
4.Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады
5.Сөйлемнің соңынан тыныс белгісі қойылады
Нүкте(.) , сұрау(?) , Леп белгісі (!)
6.Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысып тұрады. Олардың байланысын сұрақ қою арқылы табамыз
7.Бірдеңе жайында хабарлау мақсатында айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте (.) қойылады
8.Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?) қойылады.
9.Лепті сөйлем адамның көңіл күйін, сезімін білдіреді . Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі (!) қойылады.

Кітаппен жұмыс
1-жаттығу.
1. Білім, кітап, бұлақ
2. Кітап - білім бұлағы
Тапсырма: Қайсысы сөйлем? Неліктен?


*“Сөз - моншақ” құрастыру
Сендерге көмектеседі кітап болуға білімді.

*Шығармашылық жұмыс
Білімді неден аламыз?
Кітаптан
Білімді қайдан аламыз?
Мектептен
Алғашқы рет мектепті ашқан ағартушы, ақын, ұстаз кім?
-Ы. Алтынсарин
Еркін жазу стратегиясы
І топ. Суретке қарап хабарлы сөйлем құра
ІІ топ. Суретке қарап сұраулы сөйлем құра
ІІІ топ. Суретке қарап лепті сөйлем құра
*Жатқа жазу
Астана
Ардақтайтын Астанам
Мәртебелі бас қалам.
Көркейе бер күн сайын,
Алға қарай бас қадам!

*Деңгейлік тапсырма
I деңгей:
• Сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай түрлерін анықта
II деңгей
• Қарамен жазылған сөйлемдерді көшіріп жазып, тыныс белгілерінің қойылуын түсіндір
III деңгей
• Өзің бір сөйлем ойлап жаз (хабарлы, сұраулы, лепті)

III Ой толғаныс
“Жылдам құрастыр” ойыны Сөздер беріледі, соларды қатыстырып сөйлем ойлап, тыныс белгісін қояды.
Әже, наурыз, кебеже, Астана, Атырау , Туған жер.
IV Үйге тапсырма беру: 7-жаттығу
V Бағалау
10 477
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Оқшау сөздер
Оқшау сөздер
Оқушылардың сөйлем ішінен оқшау сөз түрлерін тауып, ажырата білуге үйрету;
Қазақ тілі мен әдебиеттен сабақтар топтамасы
Қазақ тілі мен әдебиеттен сабақтар топтамасы
Атырау қаласы, №11 Ы. Алтынсарин орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әйгерім Мұхамбетжанқызы
Ахмет Байтұрсынұлы «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары»
Ахмет Байтұрсынұлы «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары»
Құбиева Нұргүл Паңгерейқызы Атырау қаласы, №35 мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Сөйлем
Сөйлем
Атырау қаласы, №34 лингвистикалық мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Абдулова Инеш Хадымқызы
Тұрақты сөз тіркесі
Тұрақты сөз тіркесі
Жамбыл обылысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Г. Орджоникидзе атындағы мектеп- гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кемпрекова Жанар Жансериковна
Зат есім
Зат есім
Атырау қаласы Ы. Алтынсарин атындағы №11 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Құбиева Зауреш Паңгерейқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×