Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қан мен тер

05 наурыз 2012, Дүйсенбі
Қан мен тер» трилогиясының сюжеттік – композициялық желілері де бір бағытта өрістенгенімен, авторлық, лирикалық шегіністер роман оқиғаларын жаңа сапалармен толықтырады, қаһарманның есею үрдісін ашатын белгілі әрекеттердің психологиялық дәлелдемесін дайындаушы мәнді детальдар қызметінде жүреді. Бұл орайда «Қан мен тер», «Ботакөз», «Тоқаш Бокин», «Жолдастар», «Өмір мектебі», «Ақ Жайықтағы» тәрізді алмакезектесіп отыратын, бір тартыстың орнына, екінші қақтығыстар арқауымен күрмей байлап, ілестіре дамытып отыратын күрделі композицияға құрылғаны аңғарылады.
«Қан мен терде» - ХХ ғасырдың алғашқы жиырма жылы, революциялық дәуірдің дүмпуі, сілкіне де бұлқына бастаған Арал өңірі, революция рухымен ояна бастаған, таптық күреске аттана бастаған қазақ халқы.

Міне осынау дәуірдің әдебиетте көркем суретін салмақшы болған Нұрпейісов неге иек артып, нені үлгі тұту керек еді. Осы жерде алдымен бір кездегі жас Михаил Шолохов еске түседі. Ол өзінің «Тыныќ Дон» секілді ұлы туындысына кірерде, оның көз алдына эпопеяның ең керемет үлгісі ретінде Лев Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» романы тұрғаны тәрізді, жас Нұрпейісов «Қан мен тер» трилогиясына кірісерде, көз алдына тарихи – революциялық эпопеяның оңды үлгісі ретінде Михаил Шолоховтың ұлы туындысы «Тынық Дон» тұруы және сол үлгіні Нұрпейісовтің ақылымен де, жүрегімен де қабылдап өнеге тұтуы бақыт боп табылған.

«Тынық Донның» қаһарманы – Дон казагі Григорий Мелехов, «Қан мен тердің» қаһарманы – балықшы Еламан. Оларды туыстастыратын – тағдыр. Екеуі де шырғалаңнан шындық іздеп шарқ ұрушылар, екеуі де халық ортасынан шыққандар. Бірақ бірін - бірі қайталау емес. Әрқайсысы өзді - өзі.
Еламан образын жасарда Нұрпейісов Шолоховтың Григорий Мелеховына көз тікті ме екен. Меніңше сөз жоқ, сөйткен. Шолоховтың құдіретті күші Мелехов секілді әрі айрықша дара, әрі сонымен бірге жалпы адам жаратылысына тән үздік характерлі образ жасауы Нұрпейісовті баурап алған жай тәрізді. Сөйтіп, Нұрпейісов Шолохов ықпалына түсіп, одан үйренуі даусыз деп білсек, енді ол ұлы суреткерден қалай үйренді деген сұрақ туады. Бұл сұраққа Шолохов Лев Толстойдан қалай үйренсе, Нұрпейісов Шолоховтан солай үйренді деп жауап беруге тура келеді.

Нұрпейісов өзінің шығармашылық оқу, үйрену, іздену жолында адам характерінің диалектикасын Шолоховша тануды, бала кезден туасы пайда болған характер қырларының келе - келе әлеуметтік ортамен, революция мен азамат соғысы тұсында түп - түбірімен қопарылған халық өмірімен тоғысқан күрделі күйін Шолоховша суреттеуді үйренді демекпіз. Шынында да Нұрпейісов геройының жанына Шолоховша үңіледі, оның геройы манекен емес, қатып семген қалып емес, өзгеріп отыратын, құбылып, құлпырып отыратын, көбіне қайшылығы мол динамикалы характер.

Нұрпейісовтың Еламаны Шолоховтың Григорий Мелеховына қаншама ұқсас болғанмен, ол кәдімгі байырғы қазақы образ өзі кедей, сауатсыз, батырлығы да, жауынгерлігі де жоқ айрықша ақыл таланты да жоқ, қарапайым жігіт. Басынан қаншама қайғы – қасірет, аштық, қорлық жағдай өткізсе де, ол көпке шейін айнала дүниеде не болып жатқанын, өзінің неге бақытсыз екенін, тағдырының неліктен сонша қатал екенін түсіне бермейді.
Еламан образы – типтенген жиындық образ. Еламан сықылды көңіл көзі болатын - ды. Тәңірберген, Кәлен, Ақбала образдары да шындыққа сай көркем дәлелдемемен, психологиялық тереңдікпен Шолоховша мінезделген. Мұның сыры неде? Мұның сыры Шолохов шеберлігінің құпия сырын терең түсінуде. Және диссертациясында былай деген Еламанды жазушы кезінде "Еламан бойындағы қасиеттердің көпшілігі өзіне ұқсас екендігі айтқан болатын”.

Нұрпейісов ұстазынан не үйренді дегенде алдымен айтар сөзі: социалистік реализм әдісінің маңызды кілтифатыын үйренді деу. өз әл - қадарынша Нұрпейісов геройларын Шолоховша суреттеуге тырысады, бірақ Шолохов геройларының көшірмесі дерлік онда біреуі де жоқ. «Қан мен тер» геройлары – кәдігулі қазақтар, малшылар, балықшылар, Нұрпейісовтің жерлестері, ағайын – жұрты.
Бұрынғы кезде романдағы дағдылы әдетпен ескі мен жаңаның күресі деп талдаған. Бұл романда да Еламанды революционер, Тәңірбергенді үстем таптың өкілі деп көрсеткен. Қазақ әдебиеттерде күрделі бейнелер көп, олар: Құнанбай, шілік, Итбай, Итбай, Шәкен және Тәңірберген бейнелері. Бұлардың бәрі сәтті шыққан образдар. Мәселен, «Абай жолы» эпопеясындағы Құнанбай орбазына келсек, ол өте күрделі жасалған сом характер. Оның типтілігі, жинақтылығы, даралық қасиеттерінің қайталанбас ерекшелігі шүбә келтірмейді. Көркемдік кемелдігі жағынан Ќұнанбай образы қазақ жазушыларының шығармашылығында бұрын - соңды кездесетін ескі әлеуметтік құрылыс туғызған ұнамсыз кейіпкерлердің қатарында, әсіресе еліміздегі халыққа қарсы қара күш иелері тұлғаларының арасында теңдесі жоқ үздік образ. Бұл кесек тұлғаның бұралаң қалтарысы көп. Қаталдық пен қатыгездіктің, зұлымдық пен зымияндықтың рухын бойына жиған Құнанбай, ұрда - жық алаңғасар, күйкі мінезді, күйгелек жан емес, ол өзінің таптық тұрғысында табанды да құретті. Айласы мол залым, мейірімсіз, қаныпезер.

Ал, Ғ. Мүсіреповтың «Оянған өлкесіндегі» Игілік – пәрменді, қу, айлалы, заман жаңалығына сергек түлкі іспетті жыртқыш.
Ғ. Мұстафиннің «Дауылдан кейін» романындағы Шәкен образы - өте керемет жасалған шебер кейіпкер. Оның кереметі нағыз типтілігінде. Қазақ әдебиеттерінде озбыр, зұлым, бай, болыстың жексұрын типі аз емес. Ал, мына шәкеннің «кереметі» оның белгілі бір қысқа кезеңге тез бейімделе қойған хамелеондық қылығында, үстем тап атаулының типті өкілі рөлдерінде Шәкен кешегі жоғары аталып өткен кейіпкерлердің бүгінгі жаңа жағдайдағы мұрагері. Бұл бір жағынан революция орнатқан совет үкіметі бұрынғыдай олардың үкіметі емес екенін біліп үрейі ұшқан бай, екінші жағынан жаңа экономикалық саясат оларды өткен күнге қайта апарар деп соқыр үмітке мінген бай. Осы қос қырлы ұғыммен ол дұшпандық айла – тәсілін әбден машықтандырған қу, сұм.

Ал, аталмыш романдағы Тәңірберген образы болса, басында бала жігіт кезінде әлі жамандықпен ауызданбаған, ешкімге зияны жоқ, биязы ғана жас мырза сияқты еді.3. 229Ол бар мінезін жүре келе ашады. өз табының мақсатын көздеген тартыс, күресте қатал, мейірімсіз, арам, айлалы жігіттің ой - санасында, сезім - сезігінде аракідік ар - ұят, ұждан және т. б. ізгі адамгершілік қасиеттері де ұшқындап қояды сол кезде оның айнала дүниеге ақынша романтикалы көз жанарымен қарайтына бар. Ал өз табының күйрегініне көзі жеткен кезде Тәңірберген өз қатарынан бір мойын озық парасаттылық танытады. Ол заман заңы жөнінде философиялық ой түйеді. Ұзақ күрестің нәтижесінде Еламан өз табының жеңетініне сенсе, Тәңірберген өз табының жеңілетінін түсініп торығады. Тәңірберген образы бұл кейіпкерлерге ұқсайды, бірақ ерекшеліктері де бар. Себебі, әр жазушы бұл оқиғаны, кейіпкерлерін, әр түрлі етіп көрсетеді, шеберліктері де болып келеді. Тәңірберген сырт көзге бұл ауылдың мал жаны мен ісі жоқ кісі секілденіп, бойын аулақ салып жүрген мен түптеп келгенде мал қамын мына екі ағасынан артығырақ ойлайтын жігіт.

Қазақ халқының революцияға келу жолын, ұлы өзгеріске араласуын әр жағынан бейнелеуде. Мәселе оқиғалардың көңіл - күйінің, жан дүниесінің бүтіндей тарихи өзгеріске түсуін бейнелеуде. Осы тұрғыдан Еркебұлан (Ғ. Мүсірепов, «Кездеспей кеткен бір бейне»), мен Еламан (Ә. Нұрпейісов, «Қан мен тер») образының арасында елеулі айырмашылық бар. Айталық, әуелгі шығармада орыс, украин достығымен бірге совет үкіметін орнатушылардың саналы күресіне шыққан, қалыптасқан революция күрескерін көрсек, келесі туындыда қатардағы кедей, Еламанды сондай күреске ұзақ шырғалаң жол кешу үстінде кездестіреміз. Еркебұлан нақты дерекке негізделіп, очеркті – насихатты тұрғыдан суреттелсе, Еламан сол өмір жолында шырмалып жан - дүниесінің бірте - бірте түлеу барысында бейнеленеді. Аса күрделі, іштей қарама - қайшылыққа толы кейіпкерлерді шығарманың басты қаһарманы ету Х. Есенжанов («Ақ жайық» романындағы Хакім) пен І. Есенберлин («Қатерлі өткел» Бүркіт) шығармашылығына да тән қасиеттер деп білу керек.

Қазақ даласының таулары мен өзендері, көлдері мен кендері, қалалары мен ауылдары әрқайсысы өз жерінде, өз орнында, өз қасиеттерімен құнды, қажет екені секілді «Қан мен Тер» трилогиясы да атақты романдар қатарында өзіне тән ерекше де айырықша қасиеттерімен қымбат. Ол қандай қасиеттер? Бұл сұраққа жауап беру үшін алдымен шығарманың өз қатарындағылармен ұқсастығын көрсету қажет. Ал ұқсастық белгілер әдебиетіміздің ұлттық топырағынан туындап, ондағы тамыр жайған құнарлы дәстүрлермен, одан әрі ұлы орыс әдебиеті мен әлем әдебиетінің көркем тәжірибесімен астасады. Әбдіжәміл Нұрпейісов романының бойына осы дәстүрлердің мол дарығанын көру қиын емес. Басқаны былай қойып, Абай поэзиясында аяусыз әшкереленген әлеуметтік қайшылықтар, адам табиғатына таптық қоғам жапсырған сұмдық мінез – құлықтар Нұрпейісов романынан да кең өріс алған. Мысалы, мұндағы Судыр Ахмет пен Нығметті көргенде, Абайдағы «сабырсыз, арсыз, еріншек, көрсеқызар, жалмауыз» есіңе түседі. Қарақатын мен Балкүмісті көргенде, Абайдағы «Құдайым қанағатын алған» Қарақатынмен «өтірік пен өсекті жүндей сабаған» типтер есіңе түседі. Төлеу, Қалау деген сұмырайларды көргенде, «бойда қайрат, ойда көз жоқ», «арсыз, ұятсыз салтынан, қағып кетер артынан» оңбағандарды көресіз, Тәңірбергеннің арамза ағасы Алдабергенді көргенде, «кейбір пірге қол берген, іші залым, сырты абыз» сұмдар көз алдыңа келеді, ал енді оның пасық ағасы Қаратаз болысты көргенде Абай масқаралаған «ала жылан, аш бақа күпілдіктер» алдыңнан шыққандай болады.

Сондай – ақ, «Абай жолындағы» М. Әуезов жасаған, «Дауылдан кейіндегі» Ғ. Мұстафин жасаған, «Оянған өлкедегі» Ғ. Мүсірепов жасаған типтік характерлердің де көп нышандары дәстүр түрінде «Қан мен Терде» де бой көрсетеді. Мысалы, Жиренше, Шілік, Шәкен типтері мен Тәңірберген типінің арасында ортақ, ұқсас сипаттар өте көп. Еламан образының қалыптасу жолындағы сергелдең орыс әдебиетінде Павел Власов (М. Горькийдің «Ана» романындағы), қазақ әдебиетінде Хакімнің (Х. Есенжановтың «Ақ Жайық» трилогиясындағы) өткен жолының кейбір кезеңдерін еске салады. Айырмашылығы Еламанның оқымағандығы. Сондықтан да оның бастан кешкен ұзақ сонар азап жолы қазақ еңбекшілерінің революцияға келу жолының кейбір соқпақтарын аңғартады. Ең оңай тәсіл, өзінің азаматтық асуынан азаппен жеткен халық жолын, күрескер жолын оның саяси, моральдық қалыптасу процесін оп – оңай етіп көрсету ғой. Бірақ, ол шын суреткерлік тәсіл боп табылмас еді, Әбдіжәміл Нұрпейісов осының оңайын емес, қиынын қалаған.
Ал романдағы Ақбала образы басында Анна Каренина секілді, бірде «Тынық Дондағы» Аксинья секілді бірден оқушы назарын аударды. Өзінің сүйкімді қасиеттерімен, сұлу, таза сезімімен сүйсіндірген ол ақыры оқушының көңілінен шықпай, кірбің түсіреді. Әрине, ол жиреніш емес, аяныш тудыратын хал – деп Мұқаметжан Қаратаев пікір білдірген екен.4 Иє, оқушы қанша тілектес болса да, Ақбала жүрек әмірімен қоғам заңының арасындағы шытырман қайшылықтан шыға алмады, қате үстіне қате жасады, оны өзі бір мезет Еламан алдында мойындады. Бірақ оның Еламан жоқта Тәңірбергенге тайып тұруы тек «махаббат» әмірімен ақталмаса керек. Бұл тұс Ақбаланың бастан алғау - талғау сүйіспеншілігінен адамгершілігі үстем болуға тиіс тұс еді. Ақыры ол осының тауқыметін тартып күйкі күйге душар болды. Сонымен, баста жақсы образ бара - бара солғын тартты. Ақбала тағдыры аянышты болғанымен, трагедиялы қалып ала алмады. Ақбаланың Еламан алдында өз қылығына өкінуі, ұзын сары Әнуарға тиіп, оның жетім балаларын асырауы әйел бақытсыздығын аз да болса жұқартқандай.

«Қан мен Тер» трилогиясында Арал, Шалқар, Ақтөбе аудандарындағы революциялық дәуірдің өмір құбылыстары суреттелген. Сол секілді «Тар жол тайғақ кешу», «Ботакөз», «Өмір мектебі» романдарында, «Амангелді» пьесасында Солтүстік пен Орталық Қазақстан, «Ақ Жайық» трилогиясында Батыс Қазақстан, «Тоқаш Бокин» романында Жетісу өлкесінде өткен оқиғалар көрініс тапқан. Бұл романдардың бәрі бір тақырыпта жазылғанымен идеялары әр түрлі, Жалпы, «Қан мен Тер» романының тақырыбы - Қазан төңкерісі кезіндегі қазақ даласындағы қоғам өмірін, төңкерістің қазақ даласына келуін, сондағы қайшылықтар мен тартыстар. Ал, трилогияның нысаналы бағыты қазақ халқының революциялық дәуірдің бастан кешкен күрделі өткелдерінің көркем картинасын жасау.

Әбдіжєміл Нұрпейісов асқан шеберлікпен, өзіне ғана тән шеберлікпен алған нысанасына жетті, тақырыбын ашты, идеясын насихаттады.«Қан мен тер» қазіргі қазақ прозасында теңдесі жоқ оқшау туынды. «Абай жолынан» кейін әдебиет айдынын лайлап алмай, мұншалық мөлдір, таза толқындар туғызып, дәлірек айтқанда мұншалық сыншыл шынайы шығарма жазып берген
Әбдіжәміл Нұрпейісов қаламгерлік қажыры мен қайсарлығына таңданбасқа болмайды. Демек, «Қан мен Тер» романы қазақ өмірінің тіршілігін сомдаған, қазақ әдебиетіндегі ең құнды да таусылмас қазыналы еңбек деп ауыз толтыра айта аларымыз анық.
26 477
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жүсіпбек Аймауытов «Қартқожа» романы
Жүсіпбек Аймауытов «Қартқожа» романы
Жүсіпбек Аймауытовтың «Қартқожа» романының революция тұсындағы қазақ қоғамының шындығын бас кейіпкердің өмір жолы арқылы жан – жақты бейнелеген реалистік шығарма екендігін таныту, роман мазмұнын меңгерту.
Қазақстанның 14 - 15 ғасырлардағы сәулет өнері
Қазақстанның 14 - 15 ғасырлардағы сәулет өнері
Қазақстанның 14 - 15 ғасырлардағы сәулет өнері Конспект 14 - 15 ғасырларда ірі архитектуралық құрылыс жүйелері салына бастаған. Осы кездегі сәулет өнерінің тамаша үлгілері – Арыстан баб, Қожа Ахмет Йассауи, Көккесене, Алаша хан, Дәуітбек, Тектұрмас
Қазақ халқы қалыптасуының соңғы кезеңі
Қазақ халқы қалыптасуының соңғы кезеңі
Қазақ халқы қалыптасуының соңғы кезеңі Конспект 15 ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық дамуындағы серпіліс хандық өкіметтердің ішіндегі саяси бытыраңқылықты күшейтті. Жетісу аймағындағы ру - тайпалар Орталық Қазақстанға, Орта
Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақстан аумағындағы этносаяси қауымдастықтың қалыптасуы
Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақстан аумағындағы этносаяси қауымдастықтың қалыптасуы
Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақстан аумағындағы этносаяси қауымдастықтың қалыптасуы Конспект Қазақстанда қола дәуірінде еуропеоидтық андрон тайпалары өмір сүрген. Ғалым О. Смағұловтың пікірінше, сақ, сармат, үйсін тайпаларының келбеті
Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы
Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы
Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы Конспект Сәндік қолданбалы өнер орта ғасырдың дамыған кезінде өркендей бастаған. 11 - 12 ғасырларда ғимараттарды өрнектеп, сәндеу ісінде оюланған кірпіштер – терракота кеңінен қолданылды.
Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл
Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған аграрлық – технологиялық коледжінің тарих - география пәнінің мұғалімі Ибадуллаев Махамбетхали
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×