Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ халқы қалыптасуының соңғы кезеңі

11 мам 2018, Жұма
Категориясы: Тарих
Қазақ халқы қалыптасуының соңғы кезеңі
Конспект
15 ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық дамуындағы серпіліс хандық өкіметтердің ішіндегі саяси бытыраңқылықты күшейтті. Жетісу аймағындағы ру - тайпалар Орталық Қазақстанға, Орта Азияға көше бастаған. Бұл жағдай Моғол хандығындағы этносаяси қауымдастықты әлсіретті. Әбілхайыр хандығындағы ру - тайпалардың жан - жаққа бытырауы бұл хандықтың мүлдем жойылып, ал қалған бөліктерінің Орта Азияға барып, өзбек халқының негізін қалауына себеп болды. Қазақстандағы этносаяси қауымдастықтың Жәнібек пен Керей сұлтандар төңірегіне шоғырлануы Қазақ хандығының құрылуына жол салды және қазақ халқының этникалық құрамының күшеюіне мүмкіндік туғызды. Қазақтың халық болып құрылуын жеделдеткен басты жағдай – оның құрамына қыпшақ тайпалар одағы мен үйсін тайпалар одағының енуі. Жәнібек, Керей хандармен бірігіп көшкен ру - тайпалар алғашқы кезде “өзбек - қазақтар” деп аталды. Қазақ атауы тұрақтанып, қазақ халқының этникалық атына айналды.
“Қазақ” cөзі 13 ғасырға дейін бостандық сүйгіш “еркін адамдар” деген мағынада қолданылып келген. Ал 14 ғасырдан бастап этникалық мағынаға ие бола бастаған. “Алаша хан” аңызында қазақ халқы мен қазақ жүздерінің пайда болуы туралы айтылады. “Алаш” сөзі алғаш рет 9 - 10 ғасырларда айтылған. Жезқазған аймағындағы Жанғабыл өзені бойында Алаша хан ордасы болған. Ал Қаракеңгір өзенінің оң жағасында Алаша хан күмбезі болған. Қазақ халқының жүзге бөлінуі өз жерін қорғау қажеттілігінен туған.
Конспект сұрақтар
1. “Қазғақ оғлұм” атауы кездесетін жазбалар:
2. Шығыс Дешті Қыпшақта “қазақ” атауы қолданылды:
3. “Араб - қыпшақ” сөздігінде “қазақ” атауына берілген түсініктеме:
4. Түрікмен жеріне қыпшақтардың “қазақ” болып барған кезі:
5. ”Қазақ” сөзі этникалық мағынаға ие бола бастады:
6. Қазақ халқы мен қазақ жүздерінің пайда болуы туралы айтылған аңыз:
7. “Алаш” сөзі алғаш рет айтылды:
8. Алаша хан ордасы орналасқан аймақ:
9. Қазақ халқының өз жерін қорғау қажеттілігінен туындады:
10. Ру - тайпалардың ен - таңбаларын салған жартас табылған жер:
11. Жәнібек пен Керей хандарға ілесіп көшкен тайпалар:
12. Қазақтың халық болып құрылуын жеделдеткен басты екі этникалық топ:
13. Қазақ хандығының құрылып, нығайған кезі:
14. 15 ғасырдың басында Жетісу аймағындағы ру - тайпалардың көшкен жері:
Тақырыптың тесті

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 015
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы Конспект 15 ғасырда қазақ хандығының құрылуы қарсаңында наймандар Ұлытаудан Есілге дейінгі жерлерді қоныстанды. Қоңыраттар Түркістан мен Қаратау аралығын мекендеген. Арғындар Ертістен батысқа қарай, Орталық Қазақстанда қоныс
Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы. Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары
Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы. Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары
7 ТАРАУ. Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы. Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары Конспект 15 ғасырдың ортасында Сыр бойынан Батыс Сібірге дейінгі аралықта бес ұлыс, дербес хандықтар пайда болды. Олардың өзара жер үшін таласы тайпалар
Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақстан аумағындағы этносаяси қауымдастықтың қалыптасуы
Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақстан аумағындағы этносаяси қауымдастықтың қалыптасуы
Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақстан аумағындағы этносаяси қауымдастықтың қалыптасуы Конспект Қазақстанда қола дәуірінде еуропеоидтық андрон тайпалары өмір сүрген. Ғалым О. Смағұловтың пікірінше, сақ, сармат, үйсін тайпаларының келбеті
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Абай атындағы орта мектебі» ММ тарих пәні мұғалімі К. Мусаева
Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл
Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған аграрлық – технологиялық коледжінің тарих - география пәнінің мұғалімі Ибадуллаев Махамбетхали
Мемлекеттің негізін қалаушылар – Керей мен Жәнібек
Мемлекеттің негізін қалаушылар – Керей мен Жәнібек
Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Жиренқопа орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Тажбанов Серик Маратович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×