Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Салалас құрмаластың түрлері. Ыңғайлас салалас

16 сәуір 2013, Сейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Салалас құрмаластың түрлері. Ыңғайлас салалас
Сабақтың мақсаты: Салалас құрмалас сөйлемнің түрлерімен таныстыру.
Ыңғайлас салалас құрмалас туралы мағлұмат бере отырып, құрамындағы жай сөйлемдердің мағыналық қарым – қатынасын ажырата білуге үйрету, жалғаулықты және жалғаулықсыз байланысу түрлерін меңгерту;
Оқушылардың танымын, сөздік қорын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, талдау және салыстыра білу дағдыларын дамыту;
Елін, жерін сүюге, мәдени мұраларды дәріптей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: саяхат сабақ
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, өнер, музыка
Көрнекіліктер: сызба, интерактивті тақта, слайд - шоу, интернет желісі кітапхана қоры
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауап, тест, жаттығу, талдау, мәнерлеп оқу, ән тыңдау,
саяхат.

Сабақтың барысы:
І Алғашқы ұйымдастыру бөлімі.
1. Амандасу.
2. Оқушыларды түгелдеу.
3. Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау, барысымен таныстыру.
4. Психологиялық дайындық. «Қызық өмір» (М. Мақатаев)

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
1. Үй жұмысы. «Қараш - қараш оқиғасынан» 6 сөйлем
(Жай сөйлем, құрмалас сөйлем, салалас сөйлем, оның түрлері)

2. Слайд №1 «Қайталау – оқу айнасы»
Зымыран сұрақтар:
1. М. Мақатаевтың туған күні (09. 02)
2. Құрмалас сөйлемнің түрлері (салалас, сабақтас, аралас)
3. «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін». Кімнің сөзі? (Н. Ә. Назарбаев)
4. «Салалас» сөзіне ассоциация (құрм. сөйлем, тең дәрежелі жай сөйлем - р)
5. 11 - кластан кейін тапсырылатын сынақ (ҰБТ)
6. «Қазақстан - 2050» стратегиясы қашан жарияланды? (14. 12. 2012 ж.)
7. Салаластың жай сөйлемдері өзара қалай байланысады?
(жалғаулықты, жалғаулықсыз)
8. Лондон олимпиадасында Қазақстанның алған алтын медаль саны (7)
9. Бастауыш (сөйлем мүшесі)
10. Латын әліпбиіне қай жылдан бастап көше бастаймыз? (2025ж)
11. «Емтихан» сөзі қай тілден енді? (араб)
12. Жалаң және..... (жайылма)
13. Салалас құрмаластың жай сөйлемдері өзара қандай мәнді жалғаулық шылауларымен байланысады?
(ыңғайлас, қарсылықты, себеп - салдар, талғаулықты, кезектес)
14. Сөйлем мүшелері құрамына қарай... (дара, күрделі, үйірлі)
15. «Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуға тиіс». Қайдан алынды? ( «Қазақстан – 2050» стратегиясынан)

ІІІ Жаңа материалды хабарлау.
1. Мұғалімнің түсіндіруі
Слайд №2
Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері
Құрамындағы жай сөйлемдердің бір - бірімен мағыналық қарым - қатынасына қарай:
1. Ыңғайлас салалас
2. Қарсылықты салалас
3. Себеп - салдар салалас
4. Түсіндірмелі салалас
5. Талғаулы салалас
6. Кезектес салалас

Слайд №3
Салаластың түрі:
Ыңғайлас салалас - құрамында жай сөйлемдерінің бірінде айтылған ойға екіншісінде айтылған ойдың мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнді қарым - қатынастағы салаластың түрі
Қарсылықты салалас - құрамындағы жай сөйлемдердің біріндегі іс, оқиға екіншісіндегі іс, оқиғаға қарама - қарсы болатын салаластың түрі
Себеп - салдар салалас - құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысының немесе соңғысы алдыңғысының себебін білдіретін салаластың түрі
Түсіндірмелі салалас - құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысына нұсқап, ал соңғысы алдыңғы сөйлемнің мазмұнын ашатындай, талдап түсіндіріп тұратын салаластың түрі
Талғаулы салалас - құрамындағы жай сөйлемдер бір - біріне тәуелсіз, дербес әрекеттерді баяндайды да, солардың тек біреуі ғана жүзеге асатынын білдіретін салаластың түрі
Кезектес салалас - құрамындағы жай сөйлемдері арқылы берілген істің, оқиғаның кезектесіп келуін білдіретін салаластың түрі

Слайд №4
Ыңғайлас салалас:
1. Жалғаулықсыз ыңғайлас салалас _____, _______.
2. Жалғаулықты ыңғайлас салалас: да, де, та, те, әрі, және ____ да, ______.

Слайд №5
Семантикалық карта (Оқушылардың көмегімен таблица толтырылады).

2. Жаттығу жұмыстары
- Ақтөбе қаласындағы ескерткіштерге саяхат жасаймыз.
(Интерактивті тақта арқылы қала ескерткіштеріне саяхат жасалады. Саяхат барысында М. Мақатаевтың сөзіне жазылған әндер топтамасы тыңдалады).

Слайд №6 Әбілқайыр хан ескерткіші (Ескерткіш суреті, мәлімет)
97 - жаттығу. Ауызша орындалады. Оқулықпен жұмыс. Ыңғайлас салалас екенін
дәлелдеу, жай сөйлемдерінің байланысу түрін анықтау.
Олардың бәрін үйіне апарды да, торға қамап қойды. (Ыңғайлас салалас, жалғаулықты) Бұл Құнанбай баласында алтын да көп, ат та көп, ас та көп.(Ыңғайлас салалас, жалғаулықсыз). Ол мені көтеріп жібергісі келеді, мен оны көтеріп жібергім келеді. (Ыңғайлас салалас, жалғаулықсыз). Айғай өте ұзаққа созылды және еш нәрсені түсінерліктей болмады. (Ыңғайлас салалас, жалғаулықты). Мынаның егіні бәрінен де жақсы әрі мұның егініне төніп тұрған қауіп оларда жоқ.(Ыңғайлас салалас, жалғаулықты). Ауылымыз қашық емес, қазір - ақ барып жетеміз.( Ыңғайлас салалас, жалғаулықсыз)

Слайд №7 «Қан мен тер» ескерткіші (Ескерткіш суреті, мәлімет)
99 - жаттығу. Көшіріп жазып, тиісті тыныс белгілерін қою. Ыңғайлас салаластағы мезгіл ұғымына түсінік беру (Бір мезгілде ме, іле - шала ма?)

Үй ішінің қарбалас жүрісі саябырлады да, барлық үлкен - кіші қонақтардың айналасына жиылды. Алыс жол атты сынайды, ауыр күн ерді сынайды. Әлия оны басынан асырып лақтырып жіберді де, сұм жауды шалқасынан түсірді. – Жолдас аға лейтенант, пулеметті маған беріңіз де, тез зеңбірекке қарай жүгіріңіз. Бұл қамалып отырған екеуіне жігер берді де, олар аяқтары аяқтарына тимей ұша жөнелді. Мұз жарылды, өзендерде сең жүре бастады.

Слайд №8 Әлия Молдағұлова ескерткіші (Ескерткіш суреті, мәлімет)
Слайд №9 Баламалы тест (иә, жоқ)
(Интерактивті тақта арқылы тест таблица түрінде көрсетіледі)

Слайд №10 Ахмет Жұбанов ескерткіші (Ескерткіш суреті, мәліметі)
98 - жаттығу. Ауызша орындалады (Қайсысы жай сөйлем, қайсысы құрмалас сөйлем
екенін ажырату. Сөйлем мүшелеріне талдау).
Слайд №11
(Жай сөйлемдер мен құрмалас сөйлемдер)

ІV Бекіту
Слайд №12 «Сандар сыры» пирамидасы
Сандар пирамида үлгісінде орналасады.
9 (9 сөз табы)
7 --- 7 (7септік, үстеудің 7 мағыналық түрі)
6 --- 6 --- 6 (салаластың түрі - 6, сабақтастың түрі - 6, ыңғайлас мәнді жалғаулық - 6)
5 --- 4 --- 3 --- 2 (5дауысты еріндік дыбыс, жалғаудың4 түрі, 3тұрлаулы мүше, 2тұрлаусыз мүше)
42 --- 37 --- 25 ---- 12 --- 9 (42әріп, 37дыбыс, 25дауыссыз дыбыс, 12дауысты дыбыс, 9 төл дыбыс)
«Қазақ тілі сабағы бүгін мен үшін...»
- Бүгінгі сабақ туралы ой - пікірлеріңді 1 - 2 ыңғайлас салалас сөйлеммен қорытындылап көрейік.

V Үйге тапсырма:
1. 99 - жаттығу(жазбаша)
2. Ереже, жалғаулық шылауларын жаттау
3. Ақтөбе қаласындағы 1 ескерткіш туралы ізденіс тапсырмасы.
VІ Бағалау.
35 340
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем
Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем
Салалас құрмалас және оның түрлері туралы түсіндіру, ыңғайлас салаластың жалғаулықты, жалғаулықсыз түрлерінің жасалу жолдарын меңгерту.
Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
Қарсылықты салалас құрмалас және оның жалғаулықты, жалғаулықсыз түрлерінің жасалу жолдарын меңгерту. Зейін, ынта қабілеттерін, ой - өрістерін дамыту, ББД қалыптастыру.
Себеп - салдар салалас құрмалас сөйлем
Себеп - салдар салалас құрмалас сөйлем
Себеп - салдар салалас құрмалас сөйлем Өзіндік оқу арқылы салалас құрмалас сөйлемдердің, ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары туралы түсінік қалыптастыруы тиіс, тілдік талдау жасауға үйренеді.
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Құрамындағы жай сөйлемдері арқылы берілген істің, оқиғаның кезектесіп келуін білдіретін салалас құрмаластың түрін кезектес салалас құрмалас дейміз.
Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері. Ыңғайлас салалас
Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері. Ыңғайлас салалас
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әлмұратова Салтанат Қанайқызы
Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері. Ыңғайлас салалас
Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері. Ыңғайлас салалас
Сабақтың тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері. Ыңғайлас салалас
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×