Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Зат есімнің сөйлемдегі қызметі

31 желтоқсан 2013, Сейсенбі
Қазақ тілі 7 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің сөйлемдегі қызметі

Сабақтың мақсаты: а) білімділік – зат есімнің сөйлемдегі қызметі туралы түсіндіру, зат есім тақырыбы бойынша білімін жетілдіру;
ә) дамытушылық – сөйлеу тілдерін жетілдіру, шығармашылық қабілетін дамытуға ықпал жасау;
б) тәрбиелік – тілге байланысты мысалдар ала отырып туған тілін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: ой қозғау, топтастыру, сұрақ - жауап, деңгейлік тапсырма, топтық жұмыстар.
Сабақтың көрнекілігі: плакат - сызбалар, үлестірмелі қағаздар.
Сабақтың барысы. 1. Ұйымдастыру бөлімі.

Сәлемдесу. Сабаққа даярлау.
2. Бүгінгі сабақтың құрылымымен таныстыру.
Сабақ «Ашық журнал сабағы» деп аталады. Журналдың әр парағында тақырыптар берілген: 1. Қайталау – оқу анасы; 2. Жаңа сабақ құпиясы; 3. Кітап – досың, ақылшың; 4. Білімді мыңды жығар; 5. Жеті жұрттың тілін біл; 6. Біліміңді байқап көр.
Әр беттегі тақырыпты аша отырып тапсырмаларды орындаймыз. Сыныптағы оқушылар деңгейіне қарай 3 қатарға бөлініп отырғызылады. 1 - қатар Белсенділер, 2 - қатар Алғырлар, 3 - қатар Талапкерлер (Бүгінгі сабақта тілге байланысты
мысалдар алынады.)
1. «Қайталау – оқу анасы». Өткен сабақтарды, үй тапсырмасын сұрауда алғашқы «Қайталау – оқу анасы» парағы ашылады. Әр қатарға өткен сабақ бойынша деңгейлік тапсырмалар беремін.
1 - қтар оқушылары бірлесіп зат есім бойынша тірек - сызбасын салады, түсіндіреді, ережесін айтады.
Зат есім

кім? не? сұрағына жауап береді
дара, күрделі болып бөлінеді
негізгі, туынды
жалпы, жалқы
көптеледі
деректі, дерексіз зат есім
септеледі, тәуелденеді

2 - қатар оқушылары бірлесіп зат есімді орыс тілімен салыстырып көрсетеді.
Қазақ тілінде
1. Зат есім
2. Кім деген сұрақ адамға қойылады
3. Не деген сұрақ адамнан басқа нәрселерге қойылады.

Ортақ белгісі
1. Заттың атын білдіреді.
2. Сұрақтары: кім, не.
3. Жалпы, жалқы болып бөлінеді.

Орыс тілінде
1. Имя сушествительное
2. Кто деген сұрақ жанды нәрсеге (адамға, малға, жануарға) қойылады.
3. Что деген сұрақ жансыз нәрселерге қойылады.
3 - қатар оқушыларына үй тапсырмасын оқытып, тексеремін. 47 - жаттығу.

2. Жаңа сабақты түсіндіруде «Жаңа сабақ құпиясы» парағын ашамыз.
а) «Ой қозғау». Бастауыш, орта буында алған сөйлем мүшелері туралы түсінігін, түрлерін сұраймын.
ә) Мысалдар арқылы жаңа сабақ түсіндіріледі.
- Балалар, мына мысалдарды оқып, сөйлем мүшелеріне талдайық.
Оқушылардың талдап түсіндіруі бойынша бірлесе отырып зат есімнің сөйлемдегі қызметін анықтап, ережесін шығарамыз.
1. Тіл – ұлттың жаны. Атау септікте тұрып, кім, не сұрағына жауап беріп, бастауыш қызметін атқарады.
2. Тіл – адамның ойын білдіретін құрал. Зат есім жіктеліп келіп, сөйлемнің баяндауышы да болады. 3 - жақта жіктелген сөздің жіктік жалғауы болмайды.
3. Тіл – идеяның, ойдың, сезімнің жанды көрінісі. Зат есім ілік септікте тұрып анықтауыш қызметін атқарады.
4. Өз тіліңді қадір тұтпай тұрып, өзге тілді сүйе алмайсың. Зат есім табыс, барыс, шығыс, жатыс, көмектес септікте тұрып толықтауыш қызметін атқарады.
5. Біз тіл арқылы рухани байлығымызды меңгереміз. Зат есім түбір тұлғада мезгілдік, мекен - бағыттық, себеп - мақсаттық мәндегі шылаулармен тіркесіп келіп пысықтауыш та болады.

3. Жаттығу жұмыстарын жүргізу үшін «Кітап – досың, ақылшың» парағы ашылады.
51 - жаттығуды сынып оқушылары ауызша орындайды. 3 - қатар оқушылары 55 - жаттығуды жазбаша орындайды.

4. «Білімді мыңды жығар».
а) 2 - қатар оқушылары үлестірмелі қағазбен жұмыс жүргізеді. Зат есімдерге толық сатылай талдау жүргізіледі.
1 - топшама. Адам тағдырын тәрбие шешеді, тәрбие құралы – сөз. (Олжас Сүлейменов).
2 - топшама. Ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғарғы қасиеті. (Ғабиден Мұстафин).
3 - топшама. Ақылдың көркі – тіл
Тілдің көркі – сөз. (Жүсіп Баласағұни).
4 - топшама. Тіл тазалығы үшін күрес ешқашан толастамақ емес.
5 - топшама. Тіл – ойдың тікелей шындығы.
Тіл – барша білімдердің қазынасы.
6 - топшама. Тілім – шипам, дәрім де,
Мәңгүрт болып күн көрмен.
Абыройдың бәрін де
Маған осы тіл берген.
ә) 1 - қатар оқушылары шығармашылық жұмыспен айналысады. Берілген тірек сөздер бойынша «Тілім – менің тірегім»
атты шағын шығарма жазады.

5. Сергіту сәті ретінде «Жеті жұрттың тілін біл» парағы ашылады.
Оқылған мақалдағы айтылмай қалған сөзді тауып айту, орысша, ағылшынша баламасын тау.
а) Жігітті намыс өлтіреді,... қамыс өлтіреді (қоян – заяц – hare)
ә) Баланың тілі -... (бал – мед – һunу). Ананың тілі -... (бал – мед – һunу)
б) Оқусыз... жоқ,... күнің жоқ.(білім – знание – khowiedge)
г) Өнер алды – қызыл... (тіл – язык – tongue)
ғ) Көп сөз – көмір
Аз сөз -... (алтын – золото – gold)
д)... – оттан да ыстық»Отан – Родина – Motherland)
е) Ашу – дұшпан, ақыл -... (дос, друг – friend)
ж)... өссе – жердің көркі(гүл – цветы – flower)
... өссе – елдің көркі (қыз – девочка – girl)
з) Айтылған... – атылған оқ(сөз – слова – word)

6. Бекіту сұрағын беру үшін «Біліміңді байқап көр» парағы ашылады.
а) Текст сұрақтары
3 нұсқадан тұратын тест сұрақтары беріледі. Әр нұсқада 10 сұрақ.
І нұсқа сәйкестендіру тесті, ІІ, ІІІ нұсқада ашық тест сұрақтары берілген. жауабы тақтаға ілініп, өз - өздерін тексеріп, бағалайды.
«5»: 0 - 1 қате; «4»: 2 - 3 қате; «3»: 4 қате.
ә) Топтастыру. Зат есім сөйлемде қандай қызметтер атқарады?
Бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш

Үйге тапсырма: 1. Өздерің оқып жүрген әдеби кітаптан бес сөйлем жазып, зат есімдерге талдау жүргізу.
10 444
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сын есімнің сөйлемдегі қызметі
Сын есімнің сөйлемдегі қызметі
Сын есімнің сөйлемдегі қызметін меңгерту, өткен сабақтармен байланыстыру, сөйлем ішіндегі сын есімнің қызметін дұрыс табуға, оқушының өзіне талдату арқылы өздігінен қорытынды шығарту.
Сын есімнің түрленуі. Күнделікті сабақ жоспары
Сын есімнің түрленуі. Күнделікті сабақ жоспары
Өз бетінше ізденуге, ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету, өз ойын еркін жеткізуге баулу, жылдам жауап беруге дағдыландыру, тіл, сөйлеу тілдерін жетілдіру, сөйлеу машықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашу, ойлау қабілеттерін, сөздік
Морфология. Зат есімнің түрленуі. Күнделікті сабақ жоспары
Морфология. Зат есімнің түрленуі. Күнделікті сабақ жоспары
Зат есімнің түрленуі туралы түсіндіру, оқушылардың ой - өрісін кеңейту, зат есім тақырыбынан алған білімдерін еске түсіру, зат есім тақырыбы бойынша білімін жетілдіру;
Есім сөздерді қайталау
Есім сөздерді қайталау
Сабақтың мақсаты: білімділік: оқушылардың ой - өрісін кеңейту, есім сөздер тақырыбынан алған білімдерін жетілдіру, теориялық алған ұғымдарын мысалдар арқылы терең меңгерту, түсінік негізінде қорыттыру.
Морфология. Зат есімнің түрленуі
Морфология. Зат есімнің түрленуі
Ақтөбе қаласы, №33қазақ орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі: Абылшеева Мадина
Есімшенің сөйлемдегі қызметі
Есімшенің сөйлемдегі қызметі
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің психологі Сейітова Гүлзада Пернебекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×